Жұма, 3 Қазан 2025
Жаңалықтар 136 0 пікір 3 Қазан, 2025 сағат 14:20

Абай облысы: Ұстаздар ұлықталған күн...

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Ұстаз! Иә, осы бір құрметті есім бүкіл адамзат баласына қызмет етіп келе жатқанына қаншама ғасырлар алға жылжуда. Бүгін Абай облысының ұстаздар қауымы үшін ерекше мезет, керемет сәт. Осы бір ұлықты күнді атап өту құрметін «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы Семей қаласындағы физика-математика бағытын тереңдетіп оқытатын «Назарбаев зияткерлік мектебінде» «Ұстаздар күні» мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырды.

Аталмыш шараға қатысқан ұстаздар арасында «Дипломмен ауылға» жобасы негізінде қаладан ауылдық жерлерге ұстаз болып барған азаматтар да бар. Айталық, олар, «Ауыл» партиясының мүшелігіне де өткеніне өздерінің қуанышты екендіктерін білдіріп жатты. Бұл шарада, Абай облысының Бақыршық, Түркісіб, Шаған, Ново-Покровка, Ивановка, Петропавловка сияқты бірқатар  ауылдық мектептерінен келіп қатысқан ұстаздардың тамаша көңіл-күйі байқалды.

Шара барысында, аталмыш мектептің Көшбасшылар Кеңесінің мүшелері, алғыр 11 – «Е» сынып оқушылары Рахымжанова Асель мен Мұратқызы Айзере құрметті қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, мектеп тарихына арналған қысқаша экскурсия жүргізді. Артынша заманауи озық үлгідегі мектептің  тәжірибелі ұстаздары «Автопортрет» атты тренинг ұйымдастырып, жаңа өзіндік әдістемелерімен бөлісіп, қатысушыларға  интеллектуалдық тың серпіліс сыйлады.

Өңірлік партия төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы ұстаздарға мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, ауыл мектептері мен білім саласындағы өз ой-пікірлерін білдірді. Ол өз сөзінде  заманауи қазақ тіліндегі мектептердің сапасын арттыру, білім көрсеткіш деңгейін көтеру тұрғысындағы ұсыныстарымен бөлісіп өтті. Жиында, жалпы шараның мақсаты түсіндіріліп, өңірлік партия өкілдері А.Жакупова, Б.Ерсаиновалар марапаттау салтанатын өткізуге барынша өз үлестерін тигізді.   

Мерекелік  шара аясында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы ауылдық жерлерде еңбек етіп жүрген ұстаздар мен жалпы ұстаздар қауымын «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерекелік медалімен марапаттап, естелік сыйлықтар мен құшақ гүл шоқтарын тарту етті.

Сонымен бірге, партия атынан мектеп басшылығына естелік фотокартина, кітаптар және бір құшақ гүл шоғы табысталды.

Кездесу соңында ұстаздар мен партия басшылығы естелік фотосуретке түсіп, мерекелік тамаша көңіл-күймен тарқасты.

Бұл шара ауылдық мектептердегі білім сапасын арттыруда, жас мамандарды қолдауда, ұлық жолдағы ұстаздардың еңбегін бағалауда өзіндік бір ерекше мазмұнда ізгі ой қалыптастырды.

Ұстаздарға алғысымыз шексіз – Сіздер арқылы ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие сәулесі тарап, жарқын елдің болашағы айқындалмақ.

«Ауыл» партиясы, Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 521
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 8593
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 524