Дүйсенбі, 6 Қазан 2025
Мәдениет 324 0 пікір 6 Қазан, 2025 сағат 12:54

Нағыз актер!

Сурет: Автордың жеке мұрағатынан алынды.

Еңселі Елордада бір актер бар. Оның ойнауы, сахнадағы сөз таптауы, дауыс үні, бәрі ерекше. Көрген көрермен ол кісінің өнеріне қатты тәнті болады. Бұл Қазыбек Есқараға берілген баға еді.

Музыкалық жас көрермен театрының жетекші актерлерінің бірі Қазыбек мектепті тәмамдағанан кейін арайлы Алматыға талай өнер тарландарын баптаған Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына талапкер болып келеді. Академияны көргенімен, қай мамандыққа оқуға түсу керектігін, қай аудиторияға бару керек екенін әуелде  бозбала Қазыбек білмеді. Осындай күрделі сәтте Бейбіт атты Талдықорғанан келген жас жігіт «музыкалық театр актері» мамандығы, Болат Атабаев шеберханасына жазылу жүріп жатқанын айтады. Көңілі алып ұшып, оқу бөлмесінің табалдырығын имене аттайды. Келсе, Болат Атабаев пен Асхат Маемиров жүрегі «өнер» деп соққан ұл-қыздарды қабылдап жатады. Емтиханға Қазыбек «Гаухартас» әнің орындайды. Бірақ, сол кезде орындаған «Гаухартас» әні оның өнеріне үлкен серпіліс сыйлайтынын әрине, білген жоқ еді. Сынан сүрінбей өткен Қазыбек үшін мұнарлы Алатауда «студенттік» атты жаңа өмірдің парағы ашылды. Студенттік жылдар Қазыбек үшін естен кетпейтін қызықты, шуақты әрі жауап күндерімен өтті. Ұстазы Асхат Маемировтің тәлімі, қамқорлығы жалғыз Қазыбекке ғана емес, топтағы өзге жандарға да, шабыт сыйлайтын.

Өнер академиясын үздік тәмамдағанан кейін Қазыбек әуелде радиоға диктор, кейін «Қазақ әуендері» АҚ менеджер сынды қызметтерді атқарады. Осы жылдар ішінде сахнаны қатты сағынады. Сахнаға деген махаббат, театрға деген сағыныш Қазыбекті Астана музыкалық жас көрермен театрына алып келді. Дебюттік рөлі «Ғашық жүрек» поэтикалық драмасындағы-Мұқағали Мақатаев бейнесі болды. Ал Ғ.Мүсіріповтің «Қыз Жібек» этно-фолклорлық мюзиклінде Қазыбек орындауындағы Базарбай терең мағынаға ие. Ел амандығы үшін, ұрпақ келешегі үшін Төлегенді құрбандыққа шалып, жұртын аман алып қалғысы келген көреген тұлға ретінде көрінеді. Өйткені, баласын құрбан етпесе, ағайынға қауіп төніп тұр. Осыны Базарбай сезеді. Ол баласына жаны ашымайтын қатыгез әке емес, керісінше, перзентін қимастықпен қиған, мейрімді әке, Актер ойынында осыны байқаймыз.  Жоғарыда, «Гаухартас» әні Қазыбектің талапкер кезінде жолының ашқанын айтып өттік. Ал театр сахнасында «Гаухартас» спектакліндегі Тұрымбет-Қазыбек Есқараның шығармашылығына қанат сыйлады. 55 жастағы әкені 29 жасынан бастап нұсқалап келе жатқан Қазыбекке көрерменнің қошеметі ерекше. Өзіне тән мейірімділігі мен қаталдығы қатар жүретін Тұрымбет-Қазыбек сахна алаңында қабақ пен көзі жарасымды ойнатады. Аталған екі детальдан кейіпкердің шынайы бет-бейнесін байқаймыз. Сол бет-бейнеде, ішкі жан дүниеде ауызы дуалы асқар тау мен келініне мейрімді ата тұр. Қазыбек қаһарманның мінез-құлқын осылай ашады. Осы арқылы және қойылым соңындағы Тастанға айтар сөзі арқылы театр сүйер қауымға ой салады. Толғанады.

Аристотель: «Театр – адам жанын тазартады», - дейді. Ал Қазыбек - Тұрымбет бейнесімен көруші жүрегің тазартады. Бұл актер шеберлігінің ерекшелігі. Осы тұста есіме белгілі  театр сыншысы Ә.Сығайдың: «Нағыз актер – ешқашан шыққан биігіне қанағаттанып, тоқмейілсімейтіні белгілі. Өзін, өзгені сыйлайтын актердің үздіксіз ізденіс үстінде жүретіні хақ», - дейді. Қазыбек те, солай бір дандайсып, мақтану, тәкаппарлану дегенді білмейтін, адамдық қасиетін сақтай білетін жан. Бұл өнер үшін маңызды дүние. Дарынды актердің шығармашылығына толағай табыс тілейміз.

Бахтияр Тұрсын,

театртанушы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 665
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9359
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 735