Дүйсенбі, 6 Қазан 2025
Жаңалықтар 122 0 пікір 6 Қазан, 2025 сағат 14:13

Жаңа Сириядағы алғашқы сайлау қалай өтті?

Сурет: baku.ws сайтынан алынды.

Сирияда жексенбі күні парламенттік сайлау өтті. Саяси науқан тікелей емес сайлау құқығы негізінде өтті, яғни сайлау коллегиясының мүшелері дауыс берген.

Оның нәтижесі бір-екі күн ішінде белгілі болады. Бір палаталы халықтық кеңеске барлығы 210 депутат сайланады. Олардың үштен бірін елдің қазіргі президенті Ахмед Аш-Шараа тағайындайды. Қалған депутаттарды сайлау алқасы құрған өңірлік комитеттер анықтайды.

32 депутаттық орын бос қалып отыр. Себебі үш провинцияда сайлау қауіпсіздікке байланысты кейінге қалдырылған. Мәселен, Эс-Сувайдада шілде айында друздар мен бедуиндер арасында қақтығыстар болды. Ал Эль-Хасака мен Эр-Ракка аймақтары күрдтердің «Сирия демократиялық күштерінің» ішінара бақылауында қалды.

Сайлауға қатысу үшін барлығы 1578 адам тіркелген, үміткерлердің тек 14 пайызы ғана әйелдер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 668
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9367
46 - сөз

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 740