Сәрсенбі, 8 Қазан 2025
Жаңалықтар 103 0 пікір 8 Қазан, 2025 сағат 15:17

Қазақстанда жыл сайын 70 мыңнан аса түсік жасалады

Сурет: qaz365.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда жыл сайын түсік жасататын әйелдер саны 70 мыңнан асты. Министрлік статистиканы азайту бағытындағы жұмыстарды күшейтпек...

Қазақстанда жыл сайын шамамен 70 мыңнан астам әйел түсік жасатады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің айтуынша, мемлекет бұл үрейлі статистиканы азайту бағытындағы жұмыстарды күшейтуі тиіс. Әсіресе, заманауи контрацепция құралдарына қолжетімділікті арттыру маңызды.

«Қазақстанда жыл сайын 75 мыңға жуық түсік жасалады. Қазіргі отбасын жоспарлау әдістері дамыған заманда бұл көрсеткішті төмендетуге тиіспіз. Себебі әрбір түсік – әйелдің өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп», – деді Ақмарал Әлназарова.

Министр әлеуметтік осал әйелдерге тегін контрацептивтер беру үшін емханаларға қаражат бөлініп жатқанын, алайда оның әлі жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Бүгінде емханалар әлеуметтік осал топтағы әйелдерді отбасын жоспарлау құралдарымен қамтамасыз етуге қаржы бөліп отыр. Бірақ бұл жеткіліксіз, сондықтан жұмыс жалғасуда», – деді ол.

Сондай-ақ әрбір медициналық ұйым бұл мақсатқа өз бюджеті есебінен қаржы қарастырады. Ал кей өңірлерде жергілікті бюджеттен де қосымша қаражат бөлінеді.

«Қазір біз әр акиматпен бірге осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мақсат – контрацепция құралдарына мұқтаж әйелдерді көбірек қамту», – деді министр.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Қазақстан репродуктивті денсаулық саласында халықаралық тәжірибені зерттеп, шетелдік мамандарды тартып отыр.

«Бұл – барлық өркениетті елдердің таңдауы. Біз де осы бағытта алға жылжимыз», – деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 738
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9671