Бейсенбі, 9 Қазан 2025
Жаңалықтар 1384 0 пікір 9 Қазан, 2025 сағат 15:26

Мәсімовтың мүлкі қанша миллионға сатылды?

Сурет: ertenmedia.kz сайтынан алынды.

7 қазан күні электронды аукционда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтың үйінен тәркіленген заттардың жаңа партиясы сатылды.

Сауданы Қайтарылған активтерді басқару компаниясы өткізді. 10 лоттың 7-еуі сатылып, жалпы сомасы 3,5 миллион теңгеден асқан. Ең жоғары бағаға өткен зат — сабы бар, сапында сүйек әшекейі мен тізбегі бар қылыш. Ол 930 020 теңгеге бағаланыпты.

Бастапқы бағасы да осылай белгіленген, дегенмен бастапқы бағалау құны 1,3 миллион теңгеден жоғары болатын. Жалпы, Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукционға 10 сәндік бұйым қойған. Олардың арасында коллекциялық қаламдар, монеталар, қылыштар, қанжарлар және ұлттық өрнегі бар белдік бар. Барлық заттар ресми құжаттарда Мәсімовтің үйінен тәркіленген мүлік ретінде тіркелген.

Сатылған бұйымдар:

Montegrappa Italia жазуы бар 925 сынамалы күмістен жасалған қалам (440 мың теңге);

Құран сүрелерімен безендірілген Visconti Firenze қаламы (402 мың теңге);

Сапында сүйек әшекейі мен тізбегі бар қылыш (930 мың теңге);

Сары металдан өрнектелген қылыш (837 мың теңге);

Болат қанжар (185 мың теңге);

«Алма отаны», «Астана», «Бәйтерек» және «Қазақстан картасы» коллекциялық монеталар жиынтығы (шамамен 199 мың теңге). Тағы екі монета (82 999 теңге).

Айтып өтейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылдың қаңтарында мемлекеттік опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған. 2023 жылғы сәуірде ол 18 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Сол жылдың қарашасында ірі көлемде пара алу және ақшаны заңсыз жолмен айналдыру баптары бойынша оған қатысты жаңа іс қозғалды.

Дереккөзі: Мың теңге телеграм арнасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 768
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9763