Әрі дәм, әрі тарих...
Адам баласы тамақтанып отырып-ақ тарих тұңғиығына бойлап кететін кезі болатынын естідіңіз бе?! Естімесеңіз айтайын, адам шұрылдаған асқазанның мәселесін шешіп отырып-ақ ерте заманға саяхат шеге алады екен.
Тарихын ерекше қадірлейтін елдерде, мысалы, дәмхана-мұражай жұмыс жасайды. Тамақтану орны дәмхананың да рөлін атқарады, көненің көзінен хабардар ететін музейдің де рөлін алып жүреді.
Солардың бірі Ризе қаласындағы «Еввель Заман» (Әуелгі заман, ежелгі заман дегенді білдірсе керек - ред.) музей-рестораны.
Онда әр кезеңдегі патшалардың, ел басқарған кісілердің мөрлері қойылған. Есімін Ахмет ОФЛУ деп таныстырған «Еввель Заман» музей-ресторанының жетекшісі алдымен дәм татуға шақырды...
Әдетте осында ауқаттануға келген меймандармен музей-ресторан қызметкерлеріне араласуға болмайды.
Дегенмен, басқарып отырған музей-рестораны туралы аз-маз айтып беруге келіскен Ахмет Офлу өзінің балалық шағынан кішкене хабардар етті. Алыс ауылдардың бірінде теңіз жағасында өскен бала Ахмет ескі заттарды жинауға әуес болады. Ескі сарайлар ішін осындай «жәдігерлерге» толтыратын қасиеті бала жастан дарыса керек.
Ер жете келе Ризе қаласына тоқтаған ол шай алқабында еңбек етеді. Шай атаулыны ерекше құрметтейтін ризелік азамат күндердің күнінде дәмхана мен музейді ұштастыруды ойлаған.

Бір қарағанда мұндай тамақтану орны бұл елде некен-саяқ. Шағын елді мекендерде жоқтың қасы деуге болады.
Ахмет бейдің айтуынша, Түркияда жеке музейлер де жұмыс жасайды. Тарихи жәдігер міндетті түрде мемлекеттік музейлердің қорында жату керек деген түсінік және жоқ. Сондықтан бар тапқан-таянғанын, жиған терген қазынасын мемлекет әкетеді деп қорықпайтыны тағы бар.
Ахмет бейдің музей-ресторанында ірілі-ұсақты мыңдаған экспонаттар бар. Ағаштан тұрғызылған шағын ғимаратта бөлме саны да көп емес. Біреуінде ежелгі халықтың тұрмысында пайдаланылған бұйымдар, құрал-саймандар. Су құйғыштар мен ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі, жүгері тартатын диірмен, т.б. жәдігерлер сақтаулы. Ахмет бейдің өзі әуесқой фотограф. Сондықтан оның бірді-екілі туындысы қабырғаларда ілулі тұр.
Дәмхана басшысының есебінше, мұндағы экспонаттар аса құнды. Соған қарамастан мұнда күзет атаулы жоқ.
Ас мәзірін көне рецептер бойынша аспаздар даярлайды. Көне көзден көпті үйренген жолдасы да осы дәмхананың жетекші аспаздарының бірі.
Мұнда әзірленетін ас мәзірі ризелік отбасылардың бірен-саранында ғана дайындалады екен. Кейбір ас түрлерін қалай пісірілетінін үй шаруасындағы әйелдер тіпті ұмытып та қалған деседі.
Сондықтан музей-ресторан басшылығы ыңғайға келсе ескі рецептерді жинауды әдетке айналдырыпты.
- Бүгінде біздің музей-ресторанымызға мүмкіндік болса, әлемнің түкпірлерінен келіп дәм татып жатқандар бар. Сондықтан әр мейман Ризедегі «әуелгі, ежелгі Түркияға» «сапар шегіп қана қоймай», өзінің қолтаңбасын да қалдырып кету мүмкіндігіне ие, - дейді Ахмет ағай.
Расында үлкен альбомда қытай, француз, орыс тіліндегі тілектер мен жазбаларды көрдік. Меймандар осынан алған әсерлерімен бөлісіп қана қоймай, музей-ресторан жетекшілігіне алғыстарын жеткізіп жатады. Жасырмайын, дәмхана басшылығы, мұнда қазақ тіліндегі бұрын жазба болмағанын жеткізді. Тілегімізді аямадық, әрине! Бізде де болса екен деген ойлар қалды ішімізде.
Өлкетанушы бастамасы аяқсыз қалды
Біздің елде демекші, санаулы жылдар бұрын осыған ұсқас бастаманы белгілі өлкетанушы апайымыз Рысжан Ілиясқызы көтерген-ді. Ақтөбеде Шығанақ пен тары мұражайы ашылуы мүмкін деген хабар да тараған еді бұрын.
Сол уақытта Рысжан Ілиясқызы «тарының қадірін қазақтан басқа кім ұғынуы мүмкін?!», «рекорд жасаған Шығанақ Берсиев те өзінен гөрі тарының қадірін көрсете білген сыңайлы» деген сарындағы ойлар тастады. Кәдімгі тары музейі ашылуы мүмкін деп те қалдық.
Музей ерекшелігін өлкетанушы Рысжан Ілиясқызынан естіп білдік.
- Музей болғанда да, айнала экспонат жинап қою емес, - дейді ол, - алдымен Шығанаққа қатысты дүниелер, сосын, тары түрлері қойылған бір бөлмесі болуы керек.
Және басты ерекшелігі, музейге келушілер тары орылудан бастап, оны келсапқа түйіп, дайын өнім шыққанға дейін өтетін процесті сезіне білуі тиіс екен. Сондай-ақ, тарыны жеткізіп берушілер болып тұрса, оны дәл музейден-ақ сатып алатындай жағдай жасаса, нағыз «тірі» музей болар еді.
Тары саудасын қыздыратын негізінен қала маңынан, ауылдардан келетін тұрғындар. Алайда, сауданың да қызатын орны болуы тиіс. Ал, Ақтөбеде көпшілік жағдайда тары сатып алушылардың бұл ретте күмәнданатын жайы бар. Өйткені, өзге тауарлар секілді тары әп-әдемі болып, сөреде де емес, көбіне, кәдімгі қара жерде сатылып жататыны бесенеден белгілі.
Алысқа бармай-ақ, осындағы халық арасында «колхоз базары» аталып кеткен базарды алайық. Негізгі базарға жеткенше жолда жағалай ағарған (сүт, айран) мен тары сатып отырғандар. Тары сатып нанын айырғысы келетіндердің, бәлкім, сауда сөрелеріне төлейтін қаражаты да болмауы мүмкін. Алайда, сөктің иісін бұрқыратып күрең шәй ішкісі келмейтін қазақ кемде-кем екенін ескерер болсақ, қарапайым сіз бен біз секілді тұтынушының бұлдануының жөні бар секілді. Айтқандай, санаулы жылдар бұрын Шығанақтың 125 жылдығы атап өтілді. Бірқатар шаралар қолға алынды. Өлкетанушы көтерген бастама жүзеге аспады, бастама аяқсыз қалды.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе-Ризе-Ыстамбұл