Сәрсенбі, 22 Қазан 2025
Жаңалықтар 149 0 пікір 22 Қазан, 2025 сағат 14:45

Инфляция 12,9%-ға жетті: Ұлттық банк не істемек?

Сурет: Bizmedia.kz сайтынан алынды

Ұлттық банк инфляцияны тежеу мақсатында тұтынушылық несиеге шектеу қоюы мүмкін.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжілістің отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, Қазақстанда инфляция қаңтардағы 8,9%-дан қыркүйекте 12,9%-ға дейін өсті. Бағаның мұндай жеделдеуі елдегі ақша-кредит шарттарының әлсіреуіне әкелген. Жылдың бірінші жартысында инфляция 10–11% деңгейінде болған кезде базалық мөлшерлеме 16,5% еді. Бұл жағдайда нақты мөлшерлеме шамамен 5% болған. Алайда инфляцияның 12,9%-ға дейін өсуі нәтижесінде нақты базалық мөлшерлеме 3,6%-ға дейін төмендеп кеткен.

Мұндай жағдайда қатаң ақша-кредит саясаты туралы айту қиын. Инфляцияның жоғары деңгейі, сауда балансы профицитінің азаюы және импортқа сұраныстың артуы теңгенің әлсіреуіне де ықпал етті, – деді Сүлейменов.

Осыған байланысты Ұлттық банк макроэкономикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру және инфляцияны бақылаудан шығармау мақсатында 10 қазанда базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді.

Реттеуші бұл шешім инфляциялық қысымды төмендетіп, инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға, теңгедегі активтердің құнын арттыруға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1040
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10397