Сейсенбі, 28 Қазан 2025
Билік 375 0 пікір 28 Қазан, 2025 сағат 14:26

Қазақстан мен Финляндия: Екі елді не байланыстырады?

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Бүгін еліміздің Астанасына Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келді. Фин Президентін Қзақастан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездескен еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Сіздің сапарыңыз – екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнаған. Екі елдің ортасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Дегенмен инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар. Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан бизнес-форумның орны ерекше. Бүгін аталған жиынға қатысамын. Бұл кәсіпкерлеріміздің іскерлік байланыстарды өрістетуіне зор септігін тигізеді деп ойлаймын. Бұдан бөлек, гуманитарлық ынтымақтастыққа айрықша мән береміз. Қазақстандықтар Финляндияны, сіздердің салт-дәстүрлеріңіз бен мәдениеттеріңізді құрметтейді. Көптеген отандасымыз Сіздің елге турист ретінде жиі барады. Сапарыңыз мемлекеттер арасындағы серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін, - деді.

Александр Стубб:

– Бұл менің Қазақстанға үшінші мәрте келуім. Алғаш рет 2008 жылы мен Сыртқы істер министрі, ал сіз Сенат спикері лауазымын атқарған кезде жүздескен едік. Бұл жолы екі бағытқа баса назар аударамыз деп ойлаймын. Бірінші – өзара қарым-қатынас және іскерлік байланыстар. Бүгін Финляндиядан үлкен делегация келді. Оның құрамында 20-дан астам ірі компанияның өкілдері бар. Астана көшелерінен Isku және Honkarakenne сияқты танымал фин брендтерін көрдім. Бұл бізді қуантады. Келіссөздің екінші бағыты – сыртқы саясат және қауіпсіздік. Біршама мәселе бойынша ұстанымдарымыз ортақ, күрделі халықаралық жағдайлардың шешімін табуға бірлесе ұмтыламыз, - деді.

Финляндия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнады. Содан бері екі ел арасындағы ынтымақтастық экономика, экология, білім беру салаларында жүйелі дамып келеді. Геосаяси артықшылық та өзара тиімді ұсыныстарды ілгерілетіп үлгерген.

Финляндия біз үшін Еуропалық Одақтың белсенді мүшесі ретінде кәрі құрлыққа жол ашса, Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика санатында шикізат пен сауда жолының балама бағытын ұсынып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1178
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10663