Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1164 0 пікір 31 Қазан, 2025 сағат 14:30

Шарлапаев тағы бір қызметінен айырылды

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамында өзгеріс болды.

Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған ресми мәліметте 14 қазандағы жалғыз акционердің шешімімен Қанат Шарлапаев директорлар кеңесінің құрамынан шығарылғаны туралы ақпарат тараған.

Осы өзгерістен кейін «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесі тоғыз мүшеден тұрады. Айта кетейік, 29 қыркүйекте Қанат Шарлапаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамынан да шығарылған еді.

Қанат Шарлапаев — 1981 жылы Ресей Федерациясында туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университеті мен Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебін тәмамдаған.

Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.

Ол 2023 жылғы 4 қыркүйекте Тоқаевтың жарлығымен өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған.

Кейін 2025 жылғы 28 ақпанда министр қызметінен босатылып, президенттің көмекшісі атанды. Алайда осы жылдың күзінде көмекші қызметінен де босатылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 911
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2359
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 617
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 594