Сәрсенбі, 10 Желтоқсан 2025
Естелік 122 0 пікір 10 Желтоқсан, 2025 сағат 14:20

«ӘДІЛЕТҚИССА»: Асылбек, Бақтылы, Ғани

Суреттер: abai.kz, wikipedia.org, azattyq.org, edcrunch.online сайттарынан алынды.

Бірінші бөлім: «ӘДІЛЕТҚИССА»: Жасарал Қуанышәлі, Хасен Қожахмет

Екінші бөлім: «ӘДІЛЕТҚИССА»: Айсұлу Қадырбаева, Дос Көшім

Үшінші бөлім: «ӘДІЛЕТҚИССА»: Ермұрат Бапи, Әміржан Қосан

Белгілі қоғам қайраткері, «Азат» қозғалысының белді басшыларының бірі, саясатшы Сағат Жүсіптің 2010 жылы жарық көрген «Әділетқисса» кітабынан үзінділер жарияламақпыз...

Сурет: С.Ерғалидың мұрағатынан алынды.

Сағат Жүсіп:

Қазақтың танымал саяси тұлғалары жөнінде қысқаша, үстірт көзбен жазылған осы пайымдауларымды тек қана жақсы ниетпен, ықыласты сезіммен жазғанымды айтқым келеді.


Сурет: edcrunch.online сайтынан алынды.

Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ туралы

Мен танитын, мен көрген саяси ұйым серкелерінің көпшілігінің басты кемшілігі – олардың бойындағы ұйымдастырушылық, басқарушылық, менеджерлік қабілеттерінің кемшіндігі мен осы қасиеттерді маңызды емес, екінші-үшінші нәрсе деп санайтындығы. Олар: «Атағым бүкіл елге танымал, қызметтің небір биігінде болдым. Ту көтеріп халықты қасыма шақырсам болды, бәрі қасымнан табылады, қалғанын қаржымен тыңдырамын» дейді. Өте кең тараған, бірақ жаңсақ пікір.

Менеджерлік, ұйымдастырушылық қабілеттерінің қоғамдық-саяси жұмыста қаншалықты маңызды екенін Асылбекпен бірге жұмыс істеген кезде жақсы түсіндім. Осы қабілеті жағынан Қазақстанда Асылбек сияқты саясаткерлердің аздығын еліміздегі демократиялық процестердің неге әлі де дамымай келе жатқанын дәлелдейтін себептердің бірі ме деп ойлаймын. Оның терең білімділігі және таланттылығы, еңбекқорлығы, ізденгіштігі қасындағы әріптестерін сүйсіндіреді, әрдайым алға жетелей береді.

Асылбектің мінезінен бір байқағаным – қазақты іштей (кейде жасырмайды) екіге бөлетіндігі. Бірінші: «Орысшыл қазақтар, олар өте білімді, жоғары мәдениетті, принципті, алдамайтындар. Оларды еліміздегі демократияны алға жетелейтіндер» деп санайды. Екінші топ: «Қазақтілділер, олар Асылбектің пікірінше, бірінші топпен салыстырғанда білімі, мәдениеті төмендеу. Оларға толық сеніммен қарауға болмайды. Сондықтан, олар екінші сатыдағылар», себебі, арасындағы «мәмбеттер» қазақты артқа тартып тұрады».

Соңғы кезде бұл бағытта Асылбектің бойынан оң өзгерістер пайда болып келе жатқан сияқты. Иншалла, Құдайым, осы бағытқа Асылбектің тезірек сала гөр.

Асылбектің тағы бір оң өзгерісі – мақсатқа жету жолында, өзін тек ең жоғарғы биіктен көрсетуге бәрін тігіп жіберетін қасиетті азайтып келе жатқандығы.

Сурет: azattyq.org сайтынан алынды.

Бақтылы ТҮМЕНОВА туралы

2001 жылы дүниеге келген «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы өз толқынымен көптеген жоғары лауазымдыларды, өзін мықтының мықтысымын дейтін биліктің талай ірілерін саяси күрестің ашық теңізіне шығарды.

Бұл жылдар сол азуын айға білегендер үшін үлкен емтихан болды. Бiрі сыннан өтті, бірі өтпеді. Ғалымжан мен Мұхтар сындарлы кезеңте тап болғанда, олар желсіз теңіздің ортасында ескексіз қайықта қалғандай болды. Бiрі тез шегініп, жағадан көмек сұрап, бұрынғы орнына қайтып барды. Енді бірі толқын өзін қай жағаға шығарар екен деп тағдырдың салғанына көнді.
Бақытлы Туменова осы теңіз ортасында ескексіз қалған қайығына өзі желкен құрып, өзі оған жел тауып, шегінбеген, бағытын өзі анықтаған қазақтың мықты қыздарының бірі ретінде танылды. Ол бұл майданға уақытша келген адам емес. Шығар биігі, алар асуы алда.

Сурет: wikipedia.org сайтынан алынды.

Ғани ҚАСЫМОВ туралы

Как вы оцениваете деятельность ОО «Партия патриотов Казахстана»?
Ответы на вопросы корреспондента газеты «Начнем с понедельника» Юлианы Жижоров, («Начнем с понедельника» 17 апреля 2003 г.).

– Эта партия прежде всего известна своим лидером – экс-кандидатом в президенты Гани Касымовым. Не знаю как в других областях, может, там областные структуры сильны, но в нашей области, я могу сказать, как таковой партии и ее членов нет. Была попытка создания областной структуры. Но потом она распалась. Как эта партия собрала более ста тысяч членов, я не знаю. Это большая ложь, можно сказать чушь. Но я хочу вернуться к ее лидеру. Я с уважением отношусь к нему. У него нестандартное мышление, нестандартные суждения. Он прекрасно чувствует аудиторию, конъюнктуру. Я его не считаю оппозиционером. Его оппозиция – до определенного уровня. До уровня Президента и его окружения. Как только не станет Касымова, так и не станет как таковой Партии патриотов Казахстана. Вообще-то я считаю неплохим депутатом. Если бы все наши депутаты были хотя бы его уровня, то это было бы здорово. Я считаю, что Партия патриотов Казахстана прежде всего нужна самому Касымову, как необходимое приложение к имиджу депутата Гани Касымова.

С. Жүсіп, председатель Кызылординского отделения РНПК.

Abai.kz

0 пікір