Бейсенбі, 18 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 134 0 пікір 18 Желтоқсан, 2025 сағат 14:10

Мұнай бағасы екінші күн қатарынан қымбаттады

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Brent баррелі үшін 60 доллардан жоғары саудаланып жатыр.

Бейсенбі күні әлемде мұнай бағасы Ресей және Венесуэламен байланысты геосаяси тәуекелдердің күшеюі аясында екінші күн қатарынан өсті, деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерстері бір баррель үшін 60,05 долларға жетті. Бұл алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасынан 0,37 долларға (0,62%) артық. Сәрсенбі күні бұл келісімшарттар 0,76 долларға қымбаттап, барреліне 59,68 доллар болған. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың қаңтар айына арналған фьючерстері бір баррелі үшін 56,36 долларды құрады. Алдыңғы сессия қорытындысы бойынша бұл келісімшарттардың бағасы 0,67 долларға көтеріліп, 55,94 долларға жеткен.

Bloomberg агенттігінің жазуынша, Ресей Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты ұсыныстарды қабылдамаса, АҚШ билігі Ресейдің энергетика секторына жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастырмақ.

Ал Reuters Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Ресейге жаңа санкциялар енгізу бойынша әзірге шешім қабылдамағанын жазды.

Таяуда Трамп санкцияға іліккен және Венесуэлаға бағыт алған барлық мұнай танкерлеріне қатысты блокада режимін енгізуді тапсырды. Ол Венесуэланың қазіргі басшылығын шетелдік террористік ұйым ретінде таныды.

Abai.kz

0 пікір