Сәрсенбі, 7 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 274 0 пікір 6 Қаңтар, 2026 сағат 14:53

Алматы облысында ірі сүт фермасы салынады

Сурет: википедиядан алынды.

Алматы облысының Қонаев қаласында 1200 бас ірі қара малға лайықталған заманауи сүт-тауарлы фермасын салу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, жоба сүтті мал шаруашылығын дамытуға және отандық өнім өндірісінің көлемін арттыруға бағытталған.

Инвестициялық жобаны іске асыру үшін жалпы аумағы 1 955 гектар болатын жер телімі бөлінді.

Бірінші кезеңінде 700 гектар аумақта мал азықтық дақылдарды егуге жер дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өнімділікті арттыру және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында тамшылатып және жаңбырлатып суару сияқты заманауи технологияларды қолдану көзделген.

Жобаны іске асыру мерзімі 2030 жылға дейін есептелген. Инвестицияның жалпы көлемі 15 млрд теңгеден асады. Жоба толық қуатына шыққаннан кейін ферма жылына 13 млн литрге дейін сүт өндіруге мүмкіндік береді. Бұл өңірді сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Жоба аясында екі негізгі технологиялық үдерісті ұйымдастыру қарастырылған. Біріншісі – заманауи агротехнологияларды қолдана отырып, мал азықтық дақылдарды өсіру, екіншісі – мал шаруашылығы саласындағы озық шешімдерді пайдалана отырып, сатуға арналған сүт өндіру.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауылдық инфрақұрылымды дамытуға және Алматы облысының азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, елімізде 69 сүт фермасы жұмыс істеп тұр,

Солтүстік Қазақстан облысында сүт фермасы салынып жатыр.

Abai.kz

0 пікір