Жұма, 9 Қаңтар 2026
Алашорда 328 0 пікір 8 Қаңтар, 2026 сағат 14:02

Мұстафа Шоқайдың құнды суреттері

Сурет: Ержан Төлектің парақшасынан алынды.

Бұрын ешқайда жарияланбаған құнды суреттері бар Мұстафа және Мария Шоқайдың отбасылық альбомы Ұлттық мұражайға сыйға тартылған. Мұстафа Шоқайдың туысы Гүлбаршын Заированың сөзінше, тарихи фотолар жинағын оған Шоқайтанушы Бақыт Садықова сыйлаған екен.

Гүлбаршын Заирова әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Мұстафа Шоқай мен Мариям Шоқайдың отбасылық альбомының түпнұсқасы — тағдырлы жолмен жеткен қасиетті мұра. Бұл жәдігер соғыс жылдары тұтқында болып, Мұстафа Шоқайдың арқасында аман қалған, Мариям анамызды соғыстан соң паналап, рухани перзентіне айналған тұңғыш скрипкашы Әлім Алматтың (Ғалымжан Тілеуқабыл) қолында көп жылдар сақталған.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін Әлім Алмат елге келіп, Мұстафаның жазу машинкасын, «Яш Түркістан» газеті тұсында қолданған үш түрлі мөрін, үйлену портреті мен альбомды мұстафатанушы Бақыт Садықова апамызға аманаттаған.

2022 жылы осы альбом маған сеніп тапсырылды. Ал 2025 жылдың 25 желтоқсанында, Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығында, Астана қаласындағы Ұлттық музейде өз орнын тапты. Тарихқа құрмет — болашаққа аманат!», - деп жазды.

Abai.kz

0 пікір