Әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға сотталды
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев қарт әкесіне қатысты қатыгездік көрсетіп, оны қорлағаны үшін, сондай-ақ дәрменсіз күйде болған ата-анасына орташа ауырлықтағы қасақана дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот барысында ол өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкініш білдірді. Сондай-ақ кешірім сұрап, жаза тағайындауда жеңілдік танытуды өтінді. Оның айтуынша, асырауында бес кәмелетке толмаған баласы бар, оның үшеуі бұрынғы некесінен.
Бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Кеше, яғни 15 қаңтарда болған сот отырысында Алмас Садақбаев сотта жылап, халықтан кешірім сұрады.
Abai.kz