Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1570 0 пікір 4 Ақпан, 2026 сағат 14:16

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» атты монооперасы қазақ тілінде қойылады

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен алынды.

20 ақпан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Үлкен залында француз композиторы Франсис Пуленктің «Адам дауысы» атты монооперасы қойылады.

Жан Коктоның пьесасы негізінде жазылған бұл лирикалық туынды психологиялық иірімдерге толы ХХ ғасырдағы опера өнерінің жауһары саналады. Бір ғана кейіпкердің тағдыры мен ішкі арпалысына құрылған бұл қойылым көрерменге жалғыздық, махаббат және қоштасу сезімдерін тереңінен сезінуге мүмкіндік береді.

Сахнадағы драмалық образды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп сомдайды. Қойылымда ол көрерменге актерлік ойынымен қатар вокалдық шеберлігін де паш етеді. Операны Қанат Омаровтың дирижерлігімен Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сүйемелдейді.

Қойылымның қазақ тілінде сахналануы – отандық өнер үшін маңызды қадам. Себебі көрермен қауымға классикалық туындыны ана тілінде тыңдап, түсінуге мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1028
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 681