Олимпиада алтыны үшін қанша төлейді?
Қазақстан жеңімпаздарға төленетін бонустар бойынша көшбасшылар қатарында.
Қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткені үшін шамамен 250 мың доллар сыйақы ала алады, бұл қатысушы елдер арасындағы ең жоғары жалақының бірі.
Forbes-тің зерттеушілері, спортшылары Олимпиада ойындарына қатысатын барлық 92 ел мен аумақты қамты саралап, жеңімпаздарға кім қанша сыйақы төлейтінін есептеп шығыпты. Ол бойынша кем дегенде 37- елдің спортшылары жеңіп алған медальдар үшін мемлекеттік немесе квазимемлекеттік төлемдер алады екен.

Сурет: Forbes сайтынан алынды.
Forbes мәліметтері бойынша, ең төменгі төлемдер Жаңа Зеландияда. Мысалы, мұнда жеңіске жеткендерге шамамен 3000 доллар беріледі. Ал ең жоғарғы сыйақы көрсеткіші Сингапурда, онда Олимпиада чемпионы 787 000 долларға дейін ала алады. Бұл қатарда Гонконг (768 000 доллар) және Польша (355 000 доллар) да бар.
Қазақстан ең жоғары жүлделі елдердің қатарында. Жеке спорт түрінен алтын медаль үшін спортшы шамамен 250 000 доллар алуы мүмкін.
Салыстыру үшін басқа елдердегі төлемдер:
Италия – шамамен $213 000;
Кипр – $177 000;
Болгария – $151 000;
Литва – $133 000;
Косово – $130 000;
Эстония – 118 000 доллар.
Ал Америка Құрама Штаттарының спортшылары дамыған спорт инфрақұрылымына қарамастан, салыстырмалы түрде аз бонустар алады - Олимпиада алтыны үшін шамамен 37 500 доллар беріледі.
Abai.kz