Жұма, 2 Қазан 2026
Жаңалықтар 1563 0 пікір 19 Ақпан, 2026 сағат 15:20

Қазақстан мен Қытай 3 ірі электр станциясын салады

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов хабарлады.      

Қазақстанда Қытай компаниясымен бірлесіп екі жел электр станциясы және бір күн электр станциясы іске қосылады.

Жоспар бойынша:

  • Павлодар облысында – 1000 МВт қуаты бар ірі жел электр станциясы салынады;
  • Қарағанды облысында – 500 МВт жел электр станциясы іске қосылады;
  • Түркістан облысында – 300 МВт күн электр станциясы құрылуда.

Қытай жобалардың негізгі инвесторы болып саналады, ал Қазақстан тарапынан құрылыста 25–30% үлес бар.

Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2–3 жыл ішінде басталмақ. Үш жобаның жалпы инвестициялық бюджеті 2,2 млрд доллар деп бағаланған.

Барлық үш электр станциясының құрылысы 2027–2029 жылдары аяқталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 425
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 666