Бейсенбі, 5 Наурыз 2026
Жаңалықтар 83 0 пікір 5 Наурыз, 2026 сағат 14:55

Ауыл шаруашылығы: Экспорт көлемі 7 млрд доллар

Сурет: massaget.kz сайтынан алынды.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ербол Тасжүреков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында астықты терең өңдеуге 1,9 трлн теңге инвестиция тартылатынын айтты.

— Қайта өңдеу көлемінің өсуі елдің экспорттық әлеуетінің артуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қайта өңделген өнім экспорты 3,6 млрд доллар болып, өткен жылмен салыстырғанда 35% өсті. Жалпы алғанда агроөнеркәсіп кешені 7 млрд доллардың өнімін экспорттап, өткен жылдың көрсеткішінен 37% жоғары нәтиже тіркеді, — деді Ербол Тасжүреков.

Сондай-ақ, ол майлы дақылдарды қайта өңдеу саласында 94 млрд теңгенің 13 жобасы іске асырылатынын айтты.

— Астықты терең өңдеу бағытында 1,9 трлн теңгенің 6 ірі жобасы жоспарланған. Сүт саласында 41 млрд теңгенің 12 жоба іске қосылып, қосымша 165 мың тонна қайта өңдеу қуаты іске қосылады, — деді вице-министр.

Abai.kz

0 пікір