Сәрсенбі, 25 Наурыз 2026
Жаңалықтар 96 0 пікір 25 Наурыз, 2026 сағат 16:36

Израиль мен АҚШ тағы да Каспийдегі портты соққылады

Сурет: adyrna.kz сайтынан алынды.

Израиль мен АҚШ Каспий теңізі жағалауындағы Бандар-Анзали портты қаласына тағы да соққы жасады. Бұл туралы «Свободный Иран» жазды.

Шабуылдың мақсаты Иран қорғаныс министрлігіне бағынатын теңіз орталығы болған.

Соққылар Тамджиди теңіз орталығына бағытталған. Бұл орталық Теңіз өнеркәсібі ұйымының құрамына кіреді және әскери кемелерді жобалау, өндіру мен жөндеумен айналысатын негізгі стратегиялық нысан болып саналады.

19 наурызда ЦАХАЛ Иранның Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштері мен порт инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеген еді. Әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Иран әскери флотының негізгі нысандарын нысанаға алған.

Abai.kz

0 пікір