Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Жаңалықтар 1398 0 пікір 30 Наурыз, 2026 сағат 14:36

Мұнай нарығы созылмалы соғысқа дайындалуда

Сурет: korrespondent.net сайтынан алынды.

Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы 2,3%-ға өсіп, $115 психологиялық межесінен асты. Жыл басынан бері эталондық сұрып бағасы рекордтық 90%-ға қымбаттады, оның ішінде тек наурыз айының өзінде котировкалар 50%-дан астамға секірді, деп жазады Bloomberg.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 2,74%-ға көтеріліп, барреліне $115,66 құрады. Американдық West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы $102,56 деңгейінде қалыптасты, бұл алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 2,93%-ға жоғары.

Аналитиктер өткен демалыс күндері хуситтердің Таяу Шығыстағы қақтығысқа араласуынан кейін инвесторлардың әскери операция тез арада аяқталады деген үмітінен біржола үзілгенін айтады. Vantage Global Prime сарапшыларының пікірінше, нарық жаңа кезеңге өтуде, онда жеткізу тізбегінің үзілу қаупі бағаның негізгі драйверіне айналмақ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1147
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1599