Сейсенбі, 28 Сәуір 2026
Жаңалықтар 122 0 пікір 28 Сәуір, 2026 сағат 13:54

Домбыраны "харам" деген тағы бір адам қамауға алынды 

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желіде ақтөбелік ер адамның ұлттық аспаптың бірі домбыраны харам деген видеосы тарады. 

"Ханафи масхабында шиіттік аспаптар, гитара, домбыра, балалайка харам болып есептеледі", - дейді ер адам. 

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті тұрғынға қатысты діниараздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысының кулуарында домбыра харам емес екенін айтып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу үшін заң керегін айтқан болатын.

Abai.kz

0 пікір