Бейсенбі, 30 Сәуір 2026
Ақмылтық 251 0 пікір 30 Сәуір, 2026 сағат 13:09

Орал - орыстанған қала ма?

Сурет: khabar.kz сайтынан алынды.

Депутаттарға құлаққағыс!

Оралдың қазақтануы күні кеше 2002 жылы Көшербаев Қырымбек Әкім болып келіп Қазақ театрын салған кезеңнен басталды.

«Алтын шіркеудің» қарсысына Сырым батыр ескерткішін де әскермен қоршап тұрып ашты.

Иә, Оралда қазақ мектебінің болмауы талайдың тағдырына әсер етті.

Қазақ әдебиетін сан шәкіртке оқытқан ұстаз Шарабасовтың ұлы (тәрбиесі,сауаты,адалдығы мықты) қазақша нашар сөйлесе,оның кінәсі емес.Оралда қазақ мектебі болмады .Жалғыз интернатқа ата-анасы сау қала баласын алмайтын. Мен оқыған жылдары қалада 12-15пайыз ғана қазақ тұратын/

Жайық Шарабасовтың ,Баян Мақсатқызының тіл білмеуі олардың кінәсі емес. Серік Шарабасов та, Мақсот Мұхитдинов те Ұлт десе жанын қиюға даяр азаматтар еді.

Енді осы Орал жақтың жағдайын айтқан қайсың бар?

Бүгінгі күні Орал әуежайын басқарып отырған Ресейліктер емес пе?

Орал аспанымен солардың ракета, дрондары ұшып жатыр емес пе?

Орал бизнесі, құрылысы, дүкендері, қонақ үйлері т.т.бәрі Ресей азаматтарының билігінде емес пе?

Самарамен шектес ауылдар (Красновка сияқты) Қаз ТВ хабарын көрмейді,Қазақ радиосын естімейді емес пе?

Жайықтың Ресей бетіндегі елдімекендер баяғы купестердің атымен әлі тұрған жоқ па?

Пугачев шіркеуі, Пугачев үйленген казачканың үйі маңындағылар Көк Туды әлі күн танымайтын сияқты. Кеше Ленинді жоқтап Қызыт ту көтеріп жүрген солар емес пе? Сенің Конституцияңа дауыс бермейтін де солар емес пе?

Оралға келгендер бірінші сол жерлерді аралайды, бұл жақтан қазақ исін сезінбейді ғой.

Оның үстіне Островский Театры белсенді, Пушкин тоқтаған үй күнде ашық, ал Бөкеева Театры ремонтқа тұрғалы 6-7 жыл болған сияқты. Мәншүк музейін ешкім сұрамайды.

Депутаттар барып нақты не тындырды?

Орал-Атырау жолында әлі қанша жолаушы қырылуы керек? Жеке шаруаларыңды түгендеп алдыңдар ғой, енді аздап Елді ойласаңдаршы,әсіресе, Орал жақты.

Ал Орал Қазақстанның қатерлі қақпасы ғой....

Ақұштап Бақтыгереева,

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері

Abai.kz

0 пікір