Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2349 0 пікір 13 Қараша, 2009 сағат 09:04

Қазкоммерцбанк «Қуат» құрылыс корпорациясының жекелеген үлескерлеріне берілген ипотеканы қайта қаржыландыра бастады

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазкоммерцбанк жұма күні «Қуат» құрылыс корпорациясының жекелеген үлескерлеріне берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«2009 жылдың 13 қарашасында Қазкоммерцбанк «Қуат» Корпорациясы» АҚ нысандарының үлескерлері болып табылатын заемшыларының несиелерін қайта қаржыландырудың арнайы бағдарламасын жүзеге асыра бастайды», - деп атап көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Қазкоммерцбанк өз қаржысы есебінен 1 млрд теңге соманың аталған санаттағы несиелерін қайта қаржыландыруды жоспарлап отыр. Қайта қаржыландыру мқлшерлемесі жылына 11 пайызға дейін төмендетіледі.

«Қайта қаржыландыруға өтініштер «Қуат» корпорациясының құрылысын аяқтау жұмыстарын Қазкоммерцбанк қаржыландыратын, соның ішінде жақын уақытта бөлінетін «Стрестік активтер қоры» АҚ-ның ресурстарынан қаржыландырылатын нысандарының үлескерлерінен қабылданады. Ол нысандарға «Гранд Алатау» (2 және 4 ), «Сайран» (2, 20, 42, 46 кварталдар, 29 квартал 2-ші кезек) және «Үш-Төбе» тұрғын үй кешендері жатады, - деп атап көрсетілген хабарламада.

Қазкоммерцбанк бағдарламаға қатысушылардың санын көбейту мақсатында пәтердің ауданы мен саны бойынша талаптар қойып отыр. Басты шарт қайта қаржыландыру уақытына мерзімі өткен қарыздың болмауы болып табылады. Алайда банк бағдарламаға корпорацияның ипотека бойынша қарызы бар үлескерлерін бағдарламаға жібереді, олар қайта қаржыландыру күніне дейін ол қарызды жабуға тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407