Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2188 0 пікір 22 Мамыр, 2009 сағат 06:38

Ақтөбе облысының әкімі Өзбекстанда ұсталған ақтөбеліктердің туыстарына қолдау көрсетуге уәде етті

Ақтөбе. 21 мамыр. ҚазТАГ – Өзбекстанда ұсталған ақтөбеліктердің туыстары туғандарының тағдырына алаңдап, тағы да аймақ басшысынан көмек сұрады.
Сәуір айында өткен кездесуде ұсталғандардың туыстары облыс әкімі Елеусін Сағындықовтан адамдарды елге қайтаруға көмек сұраған болатын. Аймақ басшысы бұл үшін қолдан келген шараларды қабылдауға тырысты. Соның ішінде, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Зауытбек Турысбековпен байланыс орнатылды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде осы жағдайды реттеу бойынша комиссия құрылды, оны бірінші вице-министр Нұртай Әбіқаев басқарады.
Жиналғандарды тыңдаған Е. Сағындықов ұсталғандардың туыстарын тыныштандырып, жағдайдың өрбуін күнделікті түрде біліп отырғанын және оның оң шешілуі үшін шаралар қабылдап жатқанын атап көрсетті.
Өткен аптада Астанада болған ол осы мәселе бойынша сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен және елші З. Тұрысбековпен кездесті.
«Олар жағдайды бақылап, өздеріне байланысты шараларды қолға алып жатыр. Сонымен қатар, ведомствоаралық комиссия құрылды. Сондай-ақ, бұл мәселені шешуге адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдар тартылады. Қазақстанның Өзбекстандағы елшісінің айтуынша, қамауға алынған ақтөбелік азаматтардың денсаулықтары алаңдаушылық туғызбайды. Облыстың құқық қорғау органдары өзбек жағына осы істің ұйымдастырушылары туралы материалдарды жолдады», - деді Е. Сағындықов.

Облыс әкімі ұсталған ақтөбеліктердің мұқтаж отбасыларына материалдық және өзге де қолдау көрсетуге дайын екендігін білдіріп, «оларды шыдамдылық танытуға және оларды алаңдатуға тырысқан адамдардың ықпалына түспеуге шақырды, өйткені бұл жерде әңгіме халықаралық қатынастар туралы болып отыр».
Бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Өзбекстан арасында көрші мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған 27 қазақстандықты экстрадициялау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
«Қазіргі уақытта өзбек жағымен тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біздің азаматтарды қазақстандық әділет органдарына тапсыру мәселесі қойылып отыр. Егер уағдаластықтарға қол жеткізілсе, біздің азаматтар елімізде қылмыстық сот өндірісінің тәртібімен тергелетін болады», - деді бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов.
Бұған дейін, ҚазТАГ-қа ҚР сыртқы істер бірінші вице-министрі Нұртай Әбіқаев хабарлағандай, Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтар өз кінәларын мойындады. «Мұндай іс болған соң, ол жақта сот өткенше, оларды (Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтарды - ҚазТАГ) жібермейді», - деді ол.
26 ақпанда Арал теңізінің батыс жағалауында өзбекстандық құқық қорғау органдары 27 қазақстандық азаматты ұстаған. «Олар мемлекеттік шекараны бұзды және өзбекстандық құқық қорғау органдарының пікірінше, Өзбекстан аумағында сақталып жатқан газ құбырларын ұрлау мақсатымен елге кірген. 8 шақырымға кірген», - деп түсіндірген еді Қазақстанның Ташкенттегі елшілігінің консулы Бабыр Дәуренбек.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502