Перизат Әмір. Көккөзов неге Кукузов? Кеңішілік неге Кеңшелек?
30- жылдардан бастап аты- жөнімізді орысша жазуға біздің көзіміз де, құлағымыз да үйренді. Қазақ білімпаздарының бірінші съезінде Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан қазақ есімдері «-ов», «-ев» деп емес, «ұлы», «қызы» деп жазылсын деген қаулы шығартады. Бірақ 1924 жылдан кейінгі саясаттың өзгеруіне байланысты бұл ұсыныс жүзеге асырылмай қалды.
Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылға таяса да, аты- жөніміз бұрмаланып жазылып келеді. Аты- жөнге ұлттық тұрғыдан қарау үшін адамның сана- сезімінде өзгеріс болуы керек деді тіл комитетінің төрағасы Ербол Шәймерденұлы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тіл комитетінің ұйымдастыруымен «Ұлты қазақ азаматтардың аты- жөнін рәсімдеуді реттеу мәселелері» тақырыбында өткен алқалы жиын барысында. Қазақ есімдерін жазуда орфографиялық қателіктер жіберіледі. Аты- жөнді жазу үлгісі көбейді. Мәселен, «Мөлдір» деген қыз баланың есімі он үш түрлі болып жазылады екен. Өзіміз жақсы білетін орыс халқының фамилия жазуында екі ғана үлгі бар,- деп тіл комитетінің төрағасы төмендегідей екі мысал келтірді.
30- жылдардан бастап аты- жөнімізді орысша жазуға біздің көзіміз де, құлағымыз да үйренді. Қазақ білімпаздарының бірінші съезінде Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхан қазақ есімдері «-ов», «-ев» деп емес, «ұлы», «қызы» деп жазылсын деген қаулы шығартады. Бірақ 1924 жылдан кейінгі саясаттың өзгеруіне байланысты бұл ұсыныс жүзеге асырылмай қалды.
Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылға таяса да, аты- жөніміз бұрмаланып жазылып келеді. Аты- жөнге ұлттық тұрғыдан қарау үшін адамның сана- сезімінде өзгеріс болуы керек деді тіл комитетінің төрағасы Ербол Шәймерденұлы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тіл комитетінің ұйымдастыруымен «Ұлты қазақ азаматтардың аты- жөнін рәсімдеуді реттеу мәселелері» тақырыбында өткен алқалы жиын барысында. Қазақ есімдерін жазуда орфографиялық қателіктер жіберіледі. Аты- жөнді жазу үлгісі көбейді. Мәселен, «Мөлдір» деген қыз баланың есімі он үш түрлі болып жазылады екен. Өзіміз жақсы білетін орыс халқының фамилия жазуында екі ғана үлгі бар,- деп тіл комитетінің төрағасы төмендегідей екі мысал келтірді.
Әліби Жангелдиннің ұлы тіл комитетіне: «Менің әкем құжатында «Джангелдин» деп жазылған. Тарихи құжат сол күйінде қалсын» деп шағымданады. 2005 жылы Астанананың бас жоспарында мынадай оқиға болыпты. Бурымбаев, Утегенов деген бас жоспардың басшылары іссапарға шығатын болып, бұйрық қазақ және орыс тілінде дайындалады. Орысша жазылған бұйрықты аудармашы «Бұрымбаев, Өтегенов» деп қазақшалайды. Ақыры содан аудармашы таяқ жеп, оның жұмыстан кету мәселесі күн тәртібіне қойылады. Ол шырылдап: «Сіздер, қандай көмек бере аласыздар?» деп, тіл комитетіне телефон соғады.Тіл комитетіндегілер сол азаматты арашалап алатын заң бабын іздеп таба алмайды.
Қазақ азаматтарының аты- жөнін ғылыми, лингвистикалық, орфографиялық тұрғыдан ұлттық үлгіде жазуды талқылаған басқосуда әділет министрлігіне базына көп айтылды. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты ономастика бөлімінің меңгерушісі Қыздархан Рысберген әділет министрлігінің байланысқа шықпайтынын ашына айтты. Ол Көккөзов деген азаматтың «Кукузов», Орақбаев деген қазақтың «Арақбаев» болып жүргенін алға тартты.
Алматының Бостандық ауданының азаматы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Кеншелеков деген фамилиясын Кеңшілік деп өзгерткісі келеді. Оған маман: «Фамилияның симантикасы өзгеріп, бөтен азамат болып шығасыз деп, «ов»- ын алып тастап, Кеншелек деп құжат береді. «Халыққа қызмет көрсету орталығында тіл білмейтін шала қазақтар мен орыс тілді мамандар отырады» деп, Қыздархан Рысберген министрлік өкіліне қазақ азаматтары аты- жөндерінің емле ережелері туралы нұсқаулықты ұсынды.
Қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Оразкүл Асанғазы біссімілләсін: «Әділет министрлігінің өкілі келгеніне қуанып отырмын. Бұл министрлік өмірі мұндай басқосуға келмейді»,- деп бастады. Оразкүл Асанғазықызының айтуынша, 1996 жылы Рахманқұл Бердібаев, Шерхан Мұртаза сынды мүйізі қарағайдай 46 қоғам қайраткері Мәдениет министрлігіне хат жазып, содан «ов» туралы жарлық шығады. Қарапайым халықты былай қойғанда, осы жарлықты аталған министрлік өз қызметкерлері арасында насихаттамаған. Әділет министрлігінің әлгіндей немкеттілігінен хабардар Оразкүл Асанғазы қалалық әділет басқармасына барып, сондағы 110 қызметкердің 3- і ғана Елбасы жарлығының бар екенін білетінін анықтайды. 2006 жылы қалалық әділет басқармасында төрт рет дөңгелек үстел, халыққа қызмет көрсету орталықтарында тренингтер өткізіп, әр қызметкердің компьютеріне Елбасы жарлығын салып береді. Тіл басқармасының күндіз- түні жұмыс істеуінің арқасында бүгінде бір айда дүние келген 60 сәбидің 30- ы «ов», «ев»- тен айырылыпты. Оның айтуынша, әділет министрлігі Президент жарлығына қырын қарайды екен. «Министрлік қазақтардың аты- жөні қазақша жазылсын деген алдына мақсат қойып отырған жоқ», - деді Асанғазы. Бұдан әрі Оразкүл Асанғазы «Бұл құзырлы орган отбасын құратын, баланың құжатын алуға келетін халықпен жұмыс жүргізбейді» дей келе «Өзі қабылдаған заңды орындамаған мемлекеттің келешегі жоқ» деген Сократтың сөзін келтіріп, Әділет министрлігі білім, денсаулық сақтау министрлігімен қоян- қолтық жұмыс істеп, балабақша, мектеп, емханаларда Елбасы жарлығы ілініп тұруы керектігін айтты. Оралмандардың келгеніне он тоғыз жыл толса да, құжатын реттейтін жарты парақ қағаз әзірлеуге бұл органның шамасы келмей жүр. Министрліктің көзі соқыр, құлағы керең. Оразкүл Асанғазықызы 2006 жылдан бері Әділет министрлігіне бес рет хат жазып, бес ретінде де «Ойластырып жатырмыз» деген жауап алады. Министрлік мәселенің байыбына бармайды, әйтпесе пысықтайтын мәселе шаш- етектен. Заң шығрушы органда отырған Бекболат Тілеуханның «Мен қашанғы Тилеухан болып жүремін» деп, министрлікке сұрақ қойғанына алты ай болды. Жауап жоқ. Халықтың 90%- ның аты- жөні дұрыс жазылмайды. Әділет министрлігі азаматтарға жеке куәлік берерде туу туралы құжатты сұрайды. Заң өзгерді, заман өзгерді. Еліміздегі қазақтардың саны 70%- ға жетіп қалды. Министрлік кеңес өкіметі кезіндегі заңға арқа сүйейді. Аты- жөнін өзгерткісі келген азаматтан төрт құжат талап етіледі екен. Жеке адамның туу туралы куәлігі, Өзбекстанда туған әкесінің туу туралы куәлігі, Ресейде туған анасының туу туралы куәлігі және ата- анасының неке туралы куәлігі. Бақилық болған әке- шешесінің құжаттарын ол қайдан алады? Осы олқылықты жою үшін министрлік құжат ойлап табуы керек. Қазақ тілінің орфографиясы бойынша қате жазылған ата текті ешқандай құжат талап етпестен Елбасы жарлығының үшінші тармағы бойынша өзгертіп жазуына болады. Сонда халық қиналмайды. Тілеуханды «Тилеухан», Кеңшілікті «Кеңшелек» деп қорлап жүрміз. Ата- анасының метіркесін әкел деп, халықты және сорлатуға болмайды деді Оразкүл Асанғазы.
Жасы жетпіске келген азамат құжатын өзгерткісі келсе, одан әке- шешесінің құжатын, олардың неке куәлігін әкел деп талап қоюға бола ма? Бұл логикаға сыя ма? Ата- анасының өмірден өткеніне жарты ғасыр болғанын біліп тұрып, неге құжат сұрайды? Әлде бұл халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет ететін қызметкердің ақыл- парасатының төмендігі ме? Халықты міндетті түрде әуре-сарсаңға салып, шапқылатып қою керек пе? Таныс- тамырлықпен қызметке кіріп, бір ғана танысының айтқанын орындап, басқаға күл бол, күл болмасаң бүл бол деп астамшылық танытқаннан кім ұтады?
Жаңа туған сәбидің есімін ұлттық дәстүрімізге қарай бейімдеп қою керек. Халық аты- жөнін өзгертуде енжарлық танытып келеді. Тиісті құжат беретін органдарда сұрыпталған қазақ есімдерінің тізімі болғаны жөн. Билік басында отырған қызметкерлер заңқойлықты қойып, мәселеге азаматтық көзқараспен қарағаны дұрыс. «-ов», «-ев"- тен осы күнге дейін неге арылмай келеміз? Қазақ есімдері неге қазақыланбай келеді? Уақыт жеткіліксіз болды ма? Жиырма жыл аз ба? Бұл қоғам мәселесі. Соңғы кезде қазақ есімдерін түркілік, парсылық, арабтық, моңғолдық, жоңғарлық, орыстық, еуропалық үлгілерде жазу үрдіске айналды. Әділет министрлігі қызметкерлерінің қазақ тілін білмеуінен, олардың жіберген қателіктері қазақ тілінің орфографиясына сай жазылсын деген Елбасының жарлығы мен үкімет қаулысы керек. Соны басшылыққа алып Әділет министрлігі қазақ азаматтарының аты- жөнін реттей алады.
Дөңгелек үстел соңында мәдениет, білім, әділет министрліктері келісіп, тұжырымдама бекітті. Қазақстан Республикасындағы ұлты қазақ азаматтарының аты- жөні екі немесе үш мүшелі антропонимиялық жүйе бойынша төмендегі ұстанымдар негізінде жазылуы тиіс.
І.-есімі, әкесі, тегі. Оспан Омарұлы Бәйкен
-есімі, әкесі немесе тегі. Оспан Омарұлы немесе Оспан Бәйкен
П. Қазақ азаматтарының аты- жөнін реттеуге байланысты әр алуан ұсыныстар бойынша өріс алған «эксперименттер» мен әуестенушілікке еліктеп «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «әулеті», «шөбелегі», «тегі», «сойы», «үбірі» сияқты нұсқаларды немесе Төтенайдың Базарбегі түріндегі шұбалыңқы тіркестерді қолдануға тыйым салынады.
Қазақтардың аты- жөнін жазу дәстүріне ертеректе арап- парсы тілінен ауысқан -И, -Иу жұрнақтарын азаматтардың өз тегіне жалғап жазуына тыйым салынбайды. Мысалы: Әбдуәли Қайдари.
Ш. Қазақ азаматтарының аты- жөнін жазуда күні бүгінге дейін орын алып келген ала- құлалық пен сауатсыздыққа жол берілмейді, олар тек қазақ әдеби тілінің қалыптасқан емле ережелеріне сәйкес жазылады. Збилә емес Зібилә, Рза емес Ырза (Риза), Смағұл емес Ысмағұл (Сымағұл).
Кісі аттары, қанша жеке- дара сөздерден, компоненттерден тұрмасын, барлық жағдайда біртұтас атау ретінде ара- жігі бөлінбей, біріктіріп жазылатын болады. Әбілқасым (Әбіл- Қасым емес).
Аталған ұстанымдар бойынша өзгертілген, реттелген қазақ азаматтарының аты- жөндерін орыс, ағылшын, т.б. тілдерде жазылғанда қазақ мемлекеттік тілінің әдеби нормаларына сәйкестендіріліп транслитерациялануы қажет. Омарбек Жидебайұлы Ысқақ (Умарбек Джидебаевич Исхаков, Амарбек Джидебаевич Скахов емес).
P.S. «Ұлты қазақ азаматтардың аты- жөнін рәсімдеуді реттеу мәселелері» басқосуына Алматыдан Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының қызметкерлері арнайы ат артып келді. Отырысқа мәдениет және ақпарат вице- министрі Ғазиз Телебаев келеді деп күтілгенімен, ол келмеді. Дөңгелек үстелде құжат рәсімдеуге қатысты сын- ескертпелер Әділет министрлігі (Алдан Жылгелді) қызметкерінің басына үйіп төгілді. Республикалық деңгейде өткен басқосуға Алдан Жылгелдінің емес, Әділет министрінің, тым болмаса оның вице- министрінің қатыспағаны өкінішті- ақ. Өйткені, бұл ХІХ ғасырдың басында алашордалықтардың көксеген арман- тілегі еді ғой. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, еңбектеген баладан еңкейген шалға дейін қамтитын, тарихи іргетасын Әлихан Бөкейхановтар қалап, ұрпаққа аманат етіп кеткен іс- шараға дөкей шенеуніктер қатысса, мұртын балта шаппас еді. Өйткені, ана тілі - халықтың тағдыры, біздің қазақ болып қалу-қалмауымыздың мәселесі.
Астана
87026719125