Жылу жинау – мал баққан елдің парызы
Қазақстан Республикасының Премьер Министрі К. Мәсімовке
Көшірмесі: ҚР Парламент депутаттарына
Құрментті Кәрім Қажымұқанұлы!
Биылғы қыс Монғолияға үлкен апат алып келді. Аязы 50 градусқа дейін жеткен аса ауыр қыстың қаһарынан мал қырыла бастады. Монғол жеріндегі шаруашылықтың негізі болып табылатын, халықтың басым көпшілігінің айналысатын кәсібі де, күнкөрісі де мал екендігін ескерсек, көптеген аймақтарда, шын мәнісінде, қысталаң кезең орнады. Кейбір жерлерде мал басы түгелге жуық суықтан қырылып қалып, сонымен күн көріп отырған адамдардың өмірлеріне де қауіп төнді деген хабарларды естиміз.
Монғол жеріндегі табиғат апатынан туған қазіргі жағдайды қазақ халқы жақсы түсінеді деп ойлаймыз. Біздің де ата-бабаларымыз сақылдаған сары аяздарда мал баққан, талай суықтар мен жұттарды, соның салдарынан пайда болған аштықтарды бастарыннан кешірген. Ондай жағдайға ұшырағандарға көп болып көмек жасау, елден жылу жинау - мал баққан елдің қасиетті парызы болып саналған. Ақпараттарға жүгінсек, көрші елдер, оның ішінде көршілес жатқан Қытай мен Ресей мемлекеттері, халықаралық ұйымдар Монғол елінің басына түскен осы апатты жеңілдету үшін қолдарынан келген көмектерін беріп жатқанға ұксайды. Тек қана Қазақ елі үнсіз отыр...

Монғол елі алыс шетелдің санатына кірсе де, Қазақ жерімен шекаралас болмаса да біздің ең бауарлас елдеріміздің бірі болып саналады. Біз арамыздағы тарихи-мәдени байланысты мақтан етеміз, арғы аталарарымыз Көк Түріктің алғашқы хандары мен басшылары Күл Тегін, Білге хан, Тоны Көктің белгілері тұрған Монғол жеріне әрқашан құрметпен қараймыз. Сонымен қатар монғол жерінде ғасырлар бойы жүз мыңдаған қазақ диаспорасының монғол халқымен тату тәтті өмір сүріп жатқанын қайталаудан жалықпаймыз.
Ал бүгін сол дархан да жарқын, батыр да ашық монғол халқының басына қиыншылық түскенде Қазақ мемлекетінің селт етпей отыруы - өмірі өшпейтін ұят пен масқаралық болып табылады. Сондықтан Сізден, үкіметтің басшысы ретінде, туысқан елге тез арада гуманитарлық көмек жіберуді талап етеміз. Сонымен қатар Қазақ мемлекеті БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдарға Монғолиядағы табиғат апатына ұшыраған адамдарға жедел түрде көмек көрсетуге ұйытқы да, түрткі де болуы керек деп ойлаймыз.
Биыл Монғолиядан қазақ жеріне қайтуға бел буған қандастарымыздың санының күрт көбеюі мүмкін екендігін де естен шығармауымыз қажет. Осы жағдайға байланысты ҚР Парламентінің Мәжілісінде Монғолиядан келетін оралмандарға барынша жағдай жасау туралы көтерілген бастаманы толықтай қолдаймыз.
Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысы