Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2446 0 пікір 15 Наурыз, 2010 сағат 06:41

Митрополит Мефодий Әулие – Вознесенк соборында соңғы рет құдайға құлшылық ету рәсімін өткізді

Алматы. 15 наурыз. ҚазТАГ– Митрополит Мефодий жексенбі күні Алматыдағы Әулие – Вознесенк соборында соңғы рет құдайға құлшылық ету рәсімін өткізді.

Ол қаазқстандық діншілдерге түсінушілік пен қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. «Қазақстан жерінде қызмет еткен жеті жылым мен үшін бақытты жылдар болды. Алматы мен үшін жұмақтың бір бөлігі іспеттес, сондықтан мен жаңа қызмет орнымда да осы жылылықты сезінетін боламын», - деді ол қосштау сөзінде. 

Бұрын хабарланғандай, өткен сенбіде Қазақстан президенті өзінің елордадағы резиденциясында митрополит Мефодийді қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев митрополитке дінаралық келісімге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, қасиетті синод шешімімен Мефодий Астана және Алматы епархиясын басқарудан босатылып, Пермь және Соликамск митрополиті етіп тағайындалды.

Қазақстандық кафедраны енді Кострома мен Галицин архиепископы Александр, қарапайым өмірдегі Александр Геннадиьевич Могилёв басқаратын болады.

Қазақстанның православтық қоғамдастығы билеуші Мефодийдің Қазақстаннан Ресейге ауысуын үлкен өкінішпен қабыл алды. Қауым діндарлары оның республикадағы қызметі барысында көптеген маңызды оқиғалар орын алды деп атап өтеді. Қазақстанға 2003 жылдың мамырында тағайындалған соң ол алғашқы жұмысын 1921 жылы жабылып қалған Жетісудің рухани қасиетті орны – Ивер-Серафим әйелдер монастырін қайта қалпына келтіруден бастады. Осылайша далалық өлкедегі монах дәстүрін жаңғырту ісі басталды. 2004 жылы митрополит ұзақ жылдар бойы Түркістан епархиясының кафедралдық соборы болып қызмет еткен, Алматыдағы бұзылып кеткен Сенім, Үміт, Махаббат және София храмының іргесін қалауда тазарту рәсімін жүргізді.

Митрополит Мефодийдің қызметіндегі ең маңызды жағдай Астанадан Орталық Азиядағы аса ірі Успен каедралды соборының құрылысын салуы болды. Оның ашылуын, биылғы жылдың басында Қазақстанға жасаған сапарында Мәскеу мен бүкіл Русьтің патриархы Кирилл дәріптеді. Митрополит Мефодийдің Қазақстанда қызмет еткен тұсында православиелік Рождество мұсылмандардың Құрбан айтымен бірге мерекелік күн ретінде аталып өте бастады. Дәстүрлі діндердің конфессияаралық байланысын нығайтуда да оның еңбегі көп.

Күнделікті өмірде Николай Федорович Немцов деп аталатын митрополит Мефодий Украинаның Ворошиловоград облысы Ровеньки деревнясында дүниеге келген. 1968 жылы Славян теміржол техникумын бітірді. 1972 жылы Ленинград дін академиясына оқуға түсті. 1977 жылдың сәуір айында Мәскеу партиархиясы сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімі төрағасының орынбасарлығына тағайындалып, архимандрит дәрежесіне көтерілді. 1980 жылы Иркутск және Чита епископы болды. 1982 жылы Воронеж және Липецк епископы. 1985 жылы Мәскеу партиархиясының шаруашылық басқармасының төрағасы болды. 1985 жылы архиепископ дәрежесіне көтерілді, 1988 жылы митрополит болды. Қасиетті синодтың 2003 жылғы 7 мамырдағы шешімімен Қазақстанда жаңадан құрылған митрополиттік округті басқарды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450