Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2850 0 пікір 15 Наурыз, 2010 сағат 20:08

Қарғаның көзін қарға шұқиды екен

Кәсіпкерлікті экономикамыздың басты тірегіне айналдыру ісі-еліміз егемендік уысқа түсісімен қолға алған басты шаруаның бірі. Соның негізінде елдің әлеуетін арттыруда атанға жүк боларлық іс тындырып отырған кәсіпкерлер жұмыссыздық мәселенің шешілуіне де өзіндік үлесін қосып отыр. Нарыққа бейімделіп, халықтың сұранысын қанағаттандырып келетін олар сөйтіп мемлекеттің экономикалық тұрғыдан алғанда сенімді әріптесіне айналғаны анық. Дегенмен, кәсібінен нәсібін айырулы кәсіпкерлердің «басынан қиқу» кетірмей отырған жайлар да аз емес.

Дәлірек айтар болсақ, олардың құқын қорғау жағына келгенде, тексеріс жүргізетін құзырлы органдармен «көкелеп көрісетін» күйі бар.

Кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюіне, яғни, олардың құқының қорғалуына сеп болар деген мақсатта құрылған ассоцияның орта жолда қалуының кері әсері кәдімгідей сезіліп отыр.

Бір жағынан бұған кәсіпкерлердің өздерінің ықыласты болмай, ортақ іске ұйымдаса алмауының да салқыны тиіп тұрғанын жасыруға болмайды. Жағдай бұлай өрші берсе, аудан экономикасының бюджет бүйірін бүтіндеп тұрған «миллиондармен» қош айтысуына тура келеді.

Аудан әкімдегі кәсіпкерлермен болған жүздесуде сол себепті ассоциацияны аяғынан тік тұрғызу мәселесі талқыланды.

Кәсіпкерлікті экономикамыздың басты тірегіне айналдыру ісі-еліміз егемендік уысқа түсісімен қолға алған басты шаруаның бірі. Соның негізінде елдің әлеуетін арттыруда атанға жүк боларлық іс тындырып отырған кәсіпкерлер жұмыссыздық мәселенің шешілуіне де өзіндік үлесін қосып отыр. Нарыққа бейімделіп, халықтың сұранысын қанағаттандырып келетін олар сөйтіп мемлекеттің экономикалық тұрғыдан алғанда сенімді әріптесіне айналғаны анық. Дегенмен, кәсібінен нәсібін айырулы кәсіпкерлердің «басынан қиқу» кетірмей отырған жайлар да аз емес.

Дәлірек айтар болсақ, олардың құқын қорғау жағына келгенде, тексеріс жүргізетін құзырлы органдармен «көкелеп көрісетін» күйі бар.

Кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюіне, яғни, олардың құқының қорғалуына сеп болар деген мақсатта құрылған ассоцияның орта жолда қалуының кері әсері кәдімгідей сезіліп отыр.

Бір жағынан бұған кәсіпкерлердің өздерінің ықыласты болмай, ортақ іске ұйымдаса алмауының да салқыны тиіп тұрғанын жасыруға болмайды. Жағдай бұлай өрші берсе, аудан экономикасының бюджет бүйірін бүтіндеп тұрған «миллиондармен» қош айтысуына тура келеді.

Аудан әкімдегі кәсіпкерлермен болған жүздесуде сол себепті ассоциацияны аяғынан тік тұрғызу мәселесі талқыланды.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Сабыровтың сабырға шақыра отырып жүргізген дөңгелек үстел басындағы дидарласуға аудандық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы, Мақат кенті әкімі, тексеруші орган басшылары қатысты.

Ұяттан бетті өрттеп тұрған мәселенің күн тәртібінде қаралуына сонау күнгі кәсіпкерлердің арасындағы «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегендей кикілжіңнің себеп болғанын жасырудың қажеті жоқ. «Кілт ұстағанның құдай екенін» анық байқатқан «Барыс» базары иесі мен базарда орналасқан дүкен иелерінің арасындағы даудың әлі күнге толыққанды шешілмеуі осыған әкеп тіреді. Оның үстіне күні кешелергі экологиялық талаптардың сақталуына тексерген құзырлы органның рейдінен кейін зар илеп қалған кәсіпкерлер ұйқыдан енді оянғандай. Маңдайға таяқ тигесін ассоциацияның маңызын ұғынғандықтың сыры сезілген дөңгелек үстелдің қызу өткенін бірден айта кетейік.

Келелі мәселенің көтеріліп отырылғанын қаперлеген жиынды ұйымдастырушы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Е.Жанайсов жылдар жылжыған сайын кәсіпкерлер қатарының көбейіп келе жатқанын, қазіргі таңда кәсіптен нәсіп айырғандар қатарының аудан бойынша мыңға жуықтағанын қаперледі. Олардан аудан бюджетіне 260 млн.теңге табыс түскенін мәлімдеді ол «көмейге қадалған сүйектей» күн тәртібіндегі мәселені таныстырысымен.

Кезекті сөз аудандық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы Б.Аманғалиевқа берілді.

Б.Аманғалиев: -Ассоциация деген аты болмаса, шынын айту керек ол жұмыс жасамай тұр. Тіпті, ұйымымыздың тұрақты мекені де жоқ.

Бірнеше мәрте кәсіпкерлердің басын қосуға талпынғанымызбен, онымыздан түк шықпады. Өйткені, бәрі уақытының жоқтығын алға тартқаны былай тұрсын, «ол бізге не береді?» деген кейіптегі әңгіме осы күнге дейін айтылып келеді. Енді басқа іс түскенде қорғансыз балапандай «шырылдай» бастадық...Бәрінен бұрын ассоциацияның бекітіп алуымыз керек.

Е.Жанайсов: -Бәкең дұрыс айтады. Бізге қарағанда көршілес құлсарылықтар бұл бағытта жақсы жұмыс жасап жатыр. Ондағы ассоциацияда арнайы штаттағы заңгер кәсіпкерлер құқын қорғап, солардың атынан сөйлеп, солардың атынан құзырлы органдармен байланыс жасау арқылы мәселелерді шешіп, шаруаны дөңгелентіп отыр. Біздегі ассоциацияда дәл осы әдіс жетіспей тұр. Яғни, сіздер де ассоциация құрамына бірігіп, заңгер ұстағандарыңыз жөн. Әрине, ол үшін тұтас бюджет қажет болады. Оны өздеріңіз жарна арқылы шеше аласыздар.

Б.Сабыров: -Кәсіпкерлік мемлекетіміз көп көңіл бөліп отырған сала екенін бәріңіз білесіздер. Сондықтан, әкімшілік жағынан қолдауға біз қашан да әзірміз. Тұрақты орын тауып беруге жұмыстанамыз. Бірақ, заңгердің жұмыс жасауына техникалық базаның қажет болары анық. мұны да өздеріңіз ойластырыңыдар. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген бар ғой...

Ж.Сағиев: -Мәселе бәрімізге ортақ. Ассоциацияның жұмысының алға жүруіне алдымен кәсіпкерлер-өздеріңіз мүдделі болуға, бастамашылық танытуға тиістісіздер. Бізде бірнеше рет сіздердің бастарыңызды қосуға ұмтылдық. Өкінішке орай, бастарыңыз бірікпей, ат төбеліндей ғаналарыңыз жиналды. Егер де жаңағы айтылғанындай заңгер жұмыс істесе бізге де жұмыс істеу оңайға соғар еді. Заңдағы өзгерістерді, ережелерді соған түсіндірсек, ол сіздерге айтып, сіздердің аттарыңыздан өкілеттік етер еді. Сұрақ-жауап алмасу да әлде қайда жеңілдер еді.

Оған қоса электрондық пошта жасақтап алсаңыздар да біз соған түсіндірмелерді жіберіп отырған болар едік. Бұл екі жаққа да тиімді әдіс.

Мамандар осылай сөз саптады. Бұған бас изескен кәсіпкерлер ассоциацияның жаңа құрамын бекітуге құлшыныс танытты. Сөйтіп, 7 адамнан тұратын ассоциацияның ұйымдастырушы мүшелері сайланды.

Бұдан соң әңгіме соңғы айлардан бері кәсіпкерлердің түнгі ұйқысы мен күндізгі мазасын алып болған мәселеге ойысты. Ол «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші, «Барыс» базары мен сонда орналасқан дүкен иелерінің арасындағы шешімі табылмай-ақ қойған жайға қатысты.

Мазасы кеткендер атынан сөз алған кәсіпкердің бірі базар қожайының тағы да «қоқан лоқы» көрсете бастағанын алға тартты. Шуласып кеткен кәсіпкелердің сөзінен мәлім болғанындай, базар иесі -С.Аманиязов наурыздан бастап жетекке жүрмеген жиырма кәсіпкердің дүкеніндегі жарықты қиып тастамақ. Оған себеп, сол бір жылдарда жасақталған келісім-шартта көрсетілгеніндей (С.Аманиязов  осылай түсіндірді) дүкендер автоматты түрде базар қожайынының қол астына өтуі тиіс. Бұған кәсіпкерлер келіспейді. Өйткені, жер С.Аманиязовтікі болғанымен дүкендерді кәсіпкерлер өздері тырнақтап жиған маңдай ақысына салып алған. Кезінде С.Аманиязовтың келісімімен салынған дүкендерді тегін бере салуға саналы адам келісе қоймасы анық. Олар «сатып алсын» десе, базар иесі «сатып алмаймын» деп тіреседі. Өкінішке орай, «өгіздіде өлтірмей, арбаны да сындырмай» мәселені шешіп беру әзірге мүмкін болмай отыр. Бұған дейін бір толқытып барып келген келісімнің «керегесі сөгілетін» түрі бар. Ызадан булыққаны сонша, тіпті, жыларман болған кәсіпкерлер базар иесінен жиын барысында «кешірім» де сұрады.

Бұл арада кезінде әкімшілік тарапынан кешірілмес кемшіліктің кеткені анық. Жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығының бастығы Е.Көшкенов осыны айтып, жері жоқ мүлікті сол кездегі басшылықтың қалай тіркеп жібергеніне таңдайын қақты. Ол мұны екі тараптың сатып-сатып алу жолымен ғана мәмілеге келуге болатынын алға тартты. Бірақ, жоғарыда айтып өткеніміздей, оған екі жақ та келіспей отыр.

«Қарға қарғаның көзін шұқымайдының» дәурені өткені емей немене бұл? Істің ақ-қарасын енді тек сотқа жүгінумен айыруға болады. Бірақ, ол үшін енді 1 жыл уақыт керек. Себебі, екі тарап жыл аяғына дейін жерді жалға алу ақысын жөніндегі келісім-шартқа қол қойысқан. «Адамға бәрі жетеді, тек жетпейтіні-уақыт» дегеннің нақ өзі.

«Бәрін айт та, бірін айт» демекші, кәсіпкерлер коммуналдық төлемдерді де өз қалталарынан төлеп отырғандарын айтты.

«Жығылғанға жұдырық жұмсап» «Мақат сәулет» мекемесі тағы отыр. Тазалыққа жауап беретін мекеме әр дүкенге контейнер орнату жөнінде талап қойған. Мұндай талапты базар иесі де көтеріп, оған қоса жарық, газ мекемелермен жеке-жеке келісімге отырсын деген уәж айтты. Ал, мамандардың түсіндіруінше, жері жоқ болуы себепті кәсіпкерлерге мұндай талап қою заңға қайшы.

Кәсіпкерлердің жиында санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасын, экология инспекциясына, миграцияға қатысты ішкі істер органына қояр сауалдары аз болмады.

Көріп отырсыздар, біздегі жағдай кәсіпкерлердің жолын кес-кестеген кедергілерге толы. Әрине, екінің бірі заңгер емес. Бірақ, кәсіппен айналысып отырғасын заң талабын аттап өтуге тағы болмайды. Яғни, ассоциация ісін тезірек жандандыру күн тәртібінде күйіп тұрған қажеттілік.

А.БАЙЖГІТОВ,

Атырау облысы, Мақат ауданы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435