Астам пиғылдың астарында не бар?
Апариннің астам пиғылының өресінің тарлығы мен сауатының таяздығы бірден байқалады. Айталық, адамзат бойындағы әдептілік, сауаттылық, біліктілік категорияларының бәрінің басында ең алдымен, ішкі мәдениет тұратындығын дәлелдеп жатудың өзі артық. Иә, біз екі тілден бірдей сусындаған және оның бірін екіншісінен жоғары қойып, төмендетуден бойымызды да, ойымызды да аулақ ұстайтын халықтың перзенттеріміз. Өз тәуелсіздігін алған жылдардан бері ғана, шүкір делік, халқының барын барлап, жоғын жоқтап, талай тарихи қиянаттардың ақтаңдақтарынан өзінің ұлттық келбетін аршып алып, айшықтап келе жатқан ұлтпыз. Әрине, бір ғасырға жуық уақыт бойы өзінің бүкіл тарихы мен болмысын, тілі мен мәдениетін «орыс өлшемімен» өлшеп келе жатқан халықтың 15-20 жыл ішінде ғана отарлық пиғылдың қамытынан бірден арылып кете қоюы, әрине, оңай шаруа емес. Сондықтан орыс тілінің экспансиясы біздің ұлттық идеологиямызға, әсіресе, мерзімді басылымдарға әлі күнге тырнағын батырып келе жатқаны құпия емес. Апариннің «Қазақстандағы мерзімді басылымның 25-30 пайызы ғана мемлекеттік тілде жарық көреді» деуінің астарында біздің баспасөз нарығын Ресей басылымдарының жаулап алып жатқандығы тағы да жалған емес.
Апариннің астам пиғылының өресінің тарлығы мен сауатының таяздығы бірден байқалады. Айталық, адамзат бойындағы әдептілік, сауаттылық, біліктілік категорияларының бәрінің басында ең алдымен, ішкі мәдениет тұратындығын дәлелдеп жатудың өзі артық. Иә, біз екі тілден бірдей сусындаған және оның бірін екіншісінен жоғары қойып, төмендетуден бойымызды да, ойымызды да аулақ ұстайтын халықтың перзенттеріміз. Өз тәуелсіздігін алған жылдардан бері ғана, шүкір делік, халқының барын барлап, жоғын жоқтап, талай тарихи қиянаттардың ақтаңдақтарынан өзінің ұлттық келбетін аршып алып, айшықтап келе жатқан ұлтпыз. Әрине, бір ғасырға жуық уақыт бойы өзінің бүкіл тарихы мен болмысын, тілі мен мәдениетін «орыс өлшемімен» өлшеп келе жатқан халықтың 15-20 жыл ішінде ғана отарлық пиғылдың қамытынан бірден арылып кете қоюы, әрине, оңай шаруа емес. Сондықтан орыс тілінің экспансиясы біздің ұлттық идеологиямызға, әсіресе, мерзімді басылымдарға әлі күнге тырнағын батырып келе жатқаны құпия емес. Апариннің «Қазақстандағы мерзімді басылымның 25-30 пайызы ғана мемлекеттік тілде жарық көреді» деуінің астарында біздің баспасөз нарығын Ресей басылымдарының жаулап алып жатқандығы тағы да жалған емес. Бірақ, ұлттың ұлағатын ұлықтап, бүкіл тарихын саралап жатқан замандағы басылымдардың кәсіби деңгейі төмен деп түюі Апариннің мұрнының астынан арыны көрмейтін келте пайымдылығы мен өзгенің өскенін байыптамайтын өресіздігі. Экономикада, саясат пен материалдық игілік әлемінде интеграциялық үдерістер өзін-өзі ақтайтыны сөзсіз. Бірақ, идеологиялық, әсіресе, ұлттық қарым-қатынаста, әрине, қа-
зақ басылымдарының басқалардан оқ бойы алда келе жатқанына ешкімнің де күмәні болмаса керек. Ал, Апарин сияқты жалаң уәжді журналистер біздің ұлттық, халықтық бірлігімізге күмән келтірмесін. Өйткені, қазақ халқының ұлттық санасына баға беруге ол сияқтылардың ой өресі жетпейді. Мұндайлардың сол күйін күйттеп отырған өз ұлтын да оңтайлы сәті келгенде аттан аударып жүре беретін мінез танытатынын талай тарих дәлелдеген де болатын.
Құрметті (осы сөзді басылымның әдебін сақтағаннан ғана амалсыз жазып отырмын) Апарин мырза, Сізді қазақша біледі деп естідік. Олай болса, қазақ тіліндегі басылымдарды тағы бір шолып, тереңдей бойлап көріңіз. Сонда, сіз осы тілде жазатын өз әріптестеріңіздің өзіңізден оқ бойы алда тұрғанына көз жеткізетіндігіңізге шүбә келтірмеймін. Оған қоса, қазақ газеттерінің «...этникааралық араздыққа шақырады» деген өзіңіздің орынсыз байбаламыңыздың ешқандай нақты дәлелі жоқ екендігіне көзіңіз жетеді. Өйткені, біздің мемлекет - басқа кез келген мемлекетпен салыстырғанда, ұлттардың жарасымды ортақ үйіне айналған, олардың бірлігімен һәм татулығымен мақтана алатын мемлекет. Бұл елдің Ата Заңында да ап-анық жазылған. Олай болса, жоғарыдағы «...из-за своей очевидной глупости, которая не идет дальше призывов к межэтнической вражде» деген реакциялық пиғылдағы сөздеріңіз үшін, бәлкім, Сіздің де заң алдында жауап беруіңізге тура келер.
Есберген АЛАУХАНОВ,
заң ғылымдарының докторы, профессор: Орыс империясының өзімшілдікпен бізді мойындағысы келмейтін сипаттары, осындай журналистсымақтардың сөзінен көрініп тұр. Әлі де болса, бізді менсінбей, шеттеткісі келеді. Мұндай менсінбеушілікке қазақ халқы көнбейді. Өйткені, қазақ ғасырлар бойғы тарихы, мәдениеті, әдебиеті бар халық. Шын мәнінде қазақ журналистерінің бәрі талантты. Небір мықты басылымдарымыз бар. ТМД елдерінде біздегідей баспасөз ашықтығы жоқ. Апарин секілділерді жала жапқаны үшін
сотқа беру керек. Ол қазақтың сауатсыздығын дәлелдесін. «Арамыздағы аз халық» деп еркелеткен сайын кейбір орыстар біз туралы теріс пікірлер таратып жүр. Мұның астарында теріс идеология жатқан сияқты. Осыны анықтап, тойтарыс беруіміз керек.
Марат ТОҚАШБАЕВ,
«Президент және Халық» газетінің бас редакторы: Апариннің бұл сөзін өз басым арандату деп есептеймін. Ол қазақ басылымдарының өзінің ұлтын, Отанын қорғағанын ақымақтық, артта қалушылық деп бағалайтын тәрізді. Сондықтан, мұндай материалдарды жазбас бұрын сараптап, қазақ журналистері не сұрайды деген әңгімеге назар аударғаны дұрыс. Жалпы еліміздегі қазақ журналистикасы мен орыс журналистикасының айырмашылығы жер мен көктей. Қазақ журналистикасы ұлттық мемлекет, азаматтық қоғам формуласымен жұмыс істесе, орыс тілді журналистердің көбісі Қазақстанды азаматтық мемлекет, азаматтық қоғам формуласында көргісі келеді. Бұл біздің Конституциямыз бойынша да осы елге ат беріп отырған, осы елдің тұтқасы - қазақ халқының мүддесімен санаспаушылық. Германияда неміс тілінен, ал, Францияда француз тілінен үстем тіл жоқ. Отаршылдық ахуалдан босап шыққанымызға жиырма жылдай болды. Отарсыздану туралы декларация бізде қабылданған жоқ. Барлық отар елдерден шыққан мемлекеттерде халықаралық декларация негізінде отарсыздану шаралары жүргізіледі. Сол шара бізде іске асқанда бұрынғы үстем болған жайттардың бәрі жойылады. Орыс тілді басылымдардың ары кетсе жиырма жылда Қазақстандағы ахуалы түбегейлі өзгереді.
Сол кезде Сергей Апариндер қазақ халқының бетіне қалай қарайды? Осы жердің
ауасын жұтады, суын ішеді, қазақ халқының нанын жеп отырып қазақ туралы осындай пікір айтулары қазақ журналистерін ғана емес, бүкіл қазақ халқын ашындырады. Ертеңгі күні қазақ жерін қалай басып жүреді олар. Қазақ халқы момын, жуас бірақ та оның мойнына міне беруге болмайды. Өйткені қазақ жылқыдай асау, ертеңгі күні лақтырып кетуі мүмкін. Кім болса да осыны естен шығармасын.
Советхан СӘКЕНҰЛЫ,
Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы: Қазақ журналистерінің жүз пайызы демесек те 80-90 пайызы сауатты. Өйткені, бұл оның қазақ журналистерінің қанында бар. Өздерінің ұлты, жері, елі үшін еңіреп тұрып жазуда. Ахмет Байтұрсынов «Өзі жоғалған елдің сөзі де жоғалады» дейді ғой. Бұл сөзімізді жоғалтпау мақсатында жанталасып жүрген журналистерге, мемлекетімізге қарсы бағытталған мақала деп ойлаймын. Мемлекетімізді іштен ірітіп, шірітуді ойлағандар ғана осылай сөйлейді. Мұндай арандатушыларға біз дер кезінде тойтарыс беруге тиіспіз. Ресей, мейлі, қай мемлекетте болсын жақсы жазатындар, жаза алмайтындар да бар. Сондықтан, көпке топырақ шашуға болмайды.
Дабыр Нұрқамытұлы, «Заң газеті» №21, 11 ақпан 2010 жыл