Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2483 0 пікір 12 Сәуір, 2010 сағат 13:43

Манастың Ұрпағы, сен мықтысың! Бәрекелді!

Иә, мықтысың сен, мықтысың, Манастың Ұрпағы! Мықты екеніңді, міне, тағы бір дәлелдедің!  Билік басына: «Елім! Халқым!» деп келгені елін, халқын алдау болған, шындығында елін тонауды, халқын қанауды көздеген екінші президентіңді де көкек айының 7-сі күні тақтан төңкеріп тастағаның тарихи ерлік болды! Бәрекелді! Жеңісің  құтты  болсын!

Арғы ғасырларды араламай-ақ, бергіге жүгінгенде: «Манас» дастаны көне қырғыздың әдеби мұрасы екенін Фрунзе қаласында болған бүкілодақтық жиында бұлтақай әсіребілгіштерді бұқтырып дәлелдеп берген Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шәкірті Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов танытқан мықтылықты исі қазақ ұмыта қоймас, әсте ұмытуға тиіс емес! 1991-жылдың күзінде  Мәскеуде,  КСРО халық депутаттарының құрылтайында сөйлеген сөзінде аруағыңнан айналайын Шықаң қазақтың да тауқыметті көп тартқан халық екенін, керенау басшылардың кесірінен 1986-жылғы желтоқсанда тағыда қасірет шеккенін батыл айта келіп: - Қазақты өз үйінде бұрышқа тұрғызғанды  тоқтату керек, жетеді! - демеді ме?!.

Ойда жоқта бұйырған тәуелсіздігінің дізгін-шылбырын қырғыз халқы, оның ұлы перзенті Шықаң да сеніп тапсырған Асқар Ақаев сол қырғыз халқына тілін емізіп, тәтті-тәтті сөйлеп, ақырында елдің берекесін кетіріп еді. Ақаев судыраған көп сөзінің бірінде елдің тұрмыс жағдайы жақсарғанын елде пәлен де түглен супермаркет салынғанымен «дәлелдеген» болатын. Қарапайым көпшілікке супермаркет атаулының қажеті беш тиын екенін, олар  маңдайы терлеп көрмеген байлардың мүлкі екенін ескермеді. Халық үшін емес, қанаушы топ үшін жасалып жатқан өзгерістерді мақтан етті. Сөйтіп, өзіне сенген жұртты жұтатты. Оның көпекөрінеу солақайлығына наразы бола бастаған көпшілікті Құрманбек Бақиев бастап шықты, Ақаевтың қателіктерін теріп, оның бәрін де түзете алатынын айтты. Жұрт оған да сенді. Бірақ, «бақсақ, бақа екен» дегендей, Бақиевтың  көздегені президенттік биік тақ қана екен. Қолы билікке жетісімен ол да өзін және өзінің жемтіктестерін қолпаштаушыларды жарылқауға кірісті, халықты керек етпеді, ол үшін де «тобыр» болды.

Ақаевтан қалған ауыртпалықты Бақиев үстей түсті. Қарапайым қырғыз тұрмыстық езгіден тұншыққанның үстіне тұншыға берді. Тәуелсіздік тәтті сөз қалпында қалып, тіршілік нарқы қанаудың қара сойылына айналды - халық жерінен, нәпахасынан айырылды, қымбатшылықтан көз аша алмайтын болды. Биылғы мағлұматқа ғана жүгінсек, мысалы, электр мен жылу төлемі екі есе, ыстық-суық  су төлемі бес есе артты! Мұның қандай қиямет екенін басымыздан өткеріп отырған біз жақсы білеміз.

Бізге таныс және бір жәйт: Бақиевтың өкімет пен үкімет құзырындағы жылы-жұмсақ орындарға халықтың өкілдерін емес, інілері мен балаларын, өзінің өкілдерін жайғастырып қойғаны. Мәселен, Максим Бақиевты Даму, инвестиция және иновация жөніндегі республикалық агенттіктің төрағасы креслосына қонжитты. Ол - Қырғызстанға шеттен келетін миллиондаған, миллиардтаған долларды баласының қолына ұстатты деген сөз. Қанша қаржының қайдан түсіп жатқанын біздегіше халықтың құлағы естісе де, көзі көрген жоқ. Бақиев пен бақиевшылардың сондай соқыр-керең өктемдігіне Манас Ұрпағы неге, қашанғы  шыдасын?! Көкек айының 6-7-сі күндері дауылды дариядай толқыды да, бақиевтарды жаңқаша лақтырды! Қ. Бақиев                 А. Ақаевтың аяғын құшты. Ол да анда-мында «ат шалдырып»,содан соң шет елдердің біріне тайып тұратын шығар? Әбден мүмкін! Оның өзінің де, ұлдары мен келіндерінің де, қыздары мен күйеубалаларының да Англия мен Францияда, Швейцария мен Испанияда...  ондаған, жүздеген миллион-евроға сатып алып қойған король мен принц сарайлары жоғына кім кепіл? Өзі де, өзгелері де қадірлеп көрмеген, менсінбеген, қанаған, тонаған  халықтан түптің түбінде қорыққан обырлар ертең тұра қашпасына болмайтын жаза күні туғанда барып тығылатын апанын неге дайындап қоймасын!

Қысқасы: уа, Манас Ұрпағы! Жеңісің баянды болсын! Енді сақтана біл, тағы бір тажалға тап болып жүрмеуді  ойла!

Төңкеріс атаулының «әттең-айы» болатыны - өкінішті заңдылық. Ескі мен жаңаның күресіне шыққандарға ушықтырушы, арандатушы арамзалар жасырын ілесе кетеді де: «Бірің өліп, бірің қал!» деген пасықтығын қару етіп, адамгершілікке кереғар қарекет, қылмыс жасайды. Біз оны жастарымыздың 1986-жылдың желтоқсанындағы толқуында білгенбіз, көргенбіз. Алаңда аутомәшіндердің өртелгені, жиынды таратуға жұмсалған милиция мен әскерге тас, кірпіш, мұз лақтырылғаны - жымысқы арандатушылардың ісі. Ол ол ма, билік  жұмысшыларға темір таяқ ұстатып, жастарға қарсы айдап салып, ашық арандату жасады. Кейін анықталғанындай, билік алаңға арақ апарып таратыпты да.  Сендердің  толқуларыңда да сондай залымдықтың болғаны сөзсіз. Дүкенді тонағандар, үйді өртегендер - арандатушылар. Біздегіше сендерде де қаншама адам қаза болса, ол - бақиевшіл биліктің сендерге оқ атуға бұйрық берген ашықтан-ашық арандатушылығы, жауыздығы!

Халық мүддесі үшін құрбандыққа ұшыраған бауырларымыздың топырағы торқа болсын!

Ағайының Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫ,

жорналшы, жазушы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517