Батырға бақты да бұйыртқысы келмейді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Тараз қаласындағы қарт майдангерлердің аз шоғыры, арасында баспасөз бен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар бір топ белсенді жалпы қауымға ашық хат жазып отыр. Хаттың қысқаша мазмұнын баяндап беруге тырысқан Лариса Шилина дейтін біреу «Тараз қалалық әкімшілігі бір оқпен екі қоян атуды көздепті» деп жазады. Тараз қалалық әкімшілігі жалғыз оқпен атып алмақ екі «қоянның» бірі қаладағы «Жеңіс» саябағы екен де екіншісі - әйгілі Бауыржан Момышұлының ескертікіші екен. Жергілікті билік тараздықтар үшін танымал дәстүрлі демалыс бағына даңқты батырдың атын беріп, ескерткіш мүсінін тұрғызуға бел шеше кірісіп жатса керек. Жөн-ақ қой. Бірақ осы жайт ашық хат жазып аласапыран хәл кешіп жүргендерге еш ұнамайтынға ұқсайды. Атағы аспан мен жерді алған Панфилов атындағы дивизияның қатардағы командирі Бауыржан екең батыр ғой, ол көзі тірі болса әкімияттағылардың мына ісін қолдамас еді деп, мәймөңкелеткендердің түпкілікті ниеті - баққа батыр есімін бергізбеудің, ескерткішін қойғызбаудың амалы екені айдан анық көрініп тұр. «Жамбыл облысындағы ауылдарда Б. Момышұлы атындағы көшелер жетіп артылады, ескерткіштері де аз емес» дейді дегіштер. Сөйтеді де, «Ұлы Отан» соғысында жамбылдықтар ерекше ерлік үлгісін көрсетті, тылдағы адамдар қандай бейнет кешті, солардың бір ғана саябағын артық көргені ме биліктегілердің дегенді шегелеп айтады.

«Жеңіс» саябағы 1985 жылы Жамбыл қалалық атқару комитетінің шешімімен ашылған көрінеді. Содан бері майдангерлер қала орталығына соғыста көз жұмған сарбаздарға арнап монумент қоюды талап етеіп келе жатыр екен.
« Аға ұрпақ құрмет тұтатын саябақтың атын Бауыржан Момышұлының атына өзгертуге, Бауыржан Момышұлына ескерткіш қоюға қаражат табылады, бірақ кешенді монумент салуға ақша жоқ. Неге?» деп күйінеді ашық хаттың «астындағы» белсенділер. Нағызына келсек, ашық хатты жазып ашық күнде айқай сүрең тудырып жүргендер «Поколение», «Алға» сияқты қозалыс мүшелері мен Коммунистер және «Инфо плюс Тараз» газетінің журналистері сияқты. Өйткені әлгі ашық хатта олар «осы мәселеге біз назар аудардық» дегенді жасырып қала алмапты.
Әрине, кешенді ескерткіш монумент орнату керек делік, бірақ Тараздағы «Жеңіс» паркіне баһадүр Бауыржанның ескерткіші барып тұрса, ол кімнің құтын қашырғандай? Кімнің жарасына тұз сепкендей?! Кімнің жанын жүдеткендей?! Бір кездері Мәскеу есіл ерге Батыр атағын қимай қиянат жасап еді, енді мына бейбақтардікі не? Бұл қай қисынға сыяды? Бұл қандай әділет жолы? Алматыдағы ірі саябақ әлі күнге «Панфиловшылар паркі» аталады. Ірі мегаполистегі үлкен саябақтың аты неге бұлай деп жатқан жан бар ма Алматыда? Қан майданнан жеңіс туын желбіретіп қайтқан тек Панфилов дивизиясы ғана емес қой. Бәлкім бұл парк екінші дүниежүзілік соғыстың, жер жаһанды қызыл қанға бөктірген сұмдықтың аяқталғанын бейбіт өмірді жақтаушы адамзат атынан паш етіп Рейхстагке Ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев атымен аталуы керек шығар...
Ал Қазақстанның қалалары мен аудан орталықтарында адам баласын қынадай қырған қызыл қарақшылардың аты жөндері аз ба? Мысалға, Алматыдағы Фурманов көшесі. Ол неге тұр? Нені күтіп тұр? Не деген өшпейтін пәлекет?
Айтпақшы, ілгеріде Лепсі деп аталған (Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары Лепсі, Қапал қалаларындағы үйлерді бұзып әкеліп большевиктер Алматы шаһарының іргесін кеңейткен болатын - ред. ) Фурманов көшесі әлдекімдер үшін өте қасиетті мекен, қастерлі жол болып табылады. Өскемен қаласында, Ботпай тауының басындағы Қазақтың туы туралып жатқан күндерде Алматыдағы Фурманов ескерткішінің алдына біреулер алаулатып гүл қойып кетіпті (суреттерге қараңыз). Тараздан таралып жатқан ашық хаттың ауаны анау. Тәуелсіз ел атанған жиырма жылдың шегінде жиын терін бола алмаған тірлігіміз мынау. Бұл тірлігіміз биліктің тарапынан әсіре әспеттелетін бірлігімізді әшкерелей түсіп келе ме, қалай өзі? Қысқасы. бірлік кемдікпен емес, теңдікпен болатынын (Қажығұмар Шабданұлы) ескермеген есіл күндер өтіп жатыр бізден...
«Абай-ақпарат»