Ядролық сынақтардың зардабы қатерлі өріс алып барады
Парламент Мәжілісінде өткен «Қазақстан - бейбітшілік елі» деген тақырыптағы дөңгелек үстелде Семей сынақ аймағының қасіреттері жайлы депутат Нұртай Сабильянов сөз сөйледі (суретте).
Мәжілістің баспасөз қызметі депутат Нұртай Сабильяновтың сөзін толық түрінде БАҚ назарына ұсынып отыр:
«Құрметті қауым! Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, жалпы көлемі 18 мың. шаршы шақырым аумақты алып жатыр.
Семей полигоны ядролық қаруды сынауға арналған дүниежүзіндегі ең ірі полигондардың бірі. Полигонда 40 жылдан астам уақытта 456 ядролық сынақ жасалған. Алғашқы сынақ 1949 жылғы 29 тамызда болып, қасиетті қазақ жері сынақ алаңына айналды. Ажал оты жылдар бойы халқымызды, жерімізді улап келді. Радиацияның таралуынан мыңдаған адам жазылмайтын ауруға шалдықты, кемтар балалар дүниеге келді. Адамдардың денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға орны толмас зиян келді. Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген ядролық сынақтар Семей өңірінің және оған іргелес Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының аудандары экологиялық апат аймақтары ретінде танылды.

1991 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Полигон зардабын тартып, ядролық қарудан пайда болған қайғы-қасіреттен көз ашпай келген халқымыз бұл шешімді зор ризашылық сезіммен қабыл алды. Бұл Елбасымыз Н.Назарбаевтың елінің, халқының болашағы үшін, адамзат үшін жасаған батыл шешімі еді.
1992 жылғы 18 желтоқсанда «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң қабылданды. Бұл Заң Семей ядролық сынақ полигонындағы ұзақ уақыт ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау iсiн қамтамасыз етуге арналған. Онда көп жылдық ядролық жарылыстар салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесi мен аумақтардың түр-түрiн белгiлеу, өтемдер, жеңілдiктер түрлерi және аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту жөніндегi шаралар айқындалды.
Мемлекет осы заң аясында халық алдында алған міндеттерін 18 жыл бойы жүзеге асырып, орындап келеді. Атап айтқанда, 2006-2009 жылдары ғана осы зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге 14 млрд. теңге қаражат бөлінген.
Дүниежүзі елдері кезінде Семей өңірін полигон алаңы ретінде ғана білді. Ал, шын мәнінде Семей - Абай мен Шәкәрім сияқты даналарымыздың туған жері, жер кіндігі! Семей - қазақ білімі мен ғылымының, әдебиеті мен өнерінің ордасы!
Біріккен Ұлттар ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза біздің мемлекетте іс сапарда болғанда бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында болып, оның қазіргі жағдайымен танысты. Сонда ол барлық мемлекет басшыларын, соның ішінде ядролық державалардың басшыларын Қазақстаннан үлгі алуға шақырды. Бұл мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевты әлемдік деңгейде қолдау, оған деген үлкен құрмет.
Яғни, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы тарихи маңызы зор шешім екенін тағы бір дәлелдейді. Ол халықаралық қауымдастықтың назарында. Сондықтан да 29 тамыз ядролық сынаққа қарсы күн болып халықаралық деңгейде танылып отыр.
Бүгінгі таңда Семей полигонының зардаптарын жоюға жалғыз Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығының күш-жігері жұмылдырылуы қажет.
Өкінішке қарай ядролық сынақтардың апатты зардабы уақыт озған сайын күшейе түсіп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, барған сайын қатерлі өріс алуда. Бұл зардаптарды жою халықты емдеу, сауықтыру, денсаулығын қалпына келтіру, әлеуметтік қорғау жөніндегі арнаулы мемлекеттік бағдарлама мен кешенді шаралардың жүзеге асырылуын қажет етеді.
Осы «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңды жетілдіруіміз керек.
Құрметті қауым! Халқымыз көп жыл бойы полигонның зардабын тартты. Біз Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты арқылы халқымызға қасірет әкелген дүниежүзіндегі үлкен полигондардың бірі жабылды. Бұған қаншама қиындықтар арқылы қол жеткізгенімізді әрдайым есте сақтауымыз керек.»
АСТАНА. 19 сәуір. Парламент Мәжілісінің Баспасөз қызметі