Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әдебиет 14436 0 пікір 19 Маусым, 2014 сағат 12:43

МОНҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ҚҰРМАНХАН МҰХАМӘДИҰЛЫ

 

              Монғолия қазақтарының жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, жазушы – драматург, аудармашы тіл білімінің білгірі  Құрманхан Мұхамәдиұлы Қытайдың Алтай өлкесінде 1924 жылы дүниеге келген.

           Құрманхан Абақ керей тайпасының Молқы руының Машан бұтағынан тараған  Мұқамәдидің жан дегенде жалғыз ұлы болса керек.  Құрманқанның есею жылдары  Монғолияда Халық төңрерісі орнағанан кейін, жаңаша өкіметтің өркендеу  кезімен тұспа тұс келеді.  Жаңа үкіметтің саясатына сай ауылдық мектепте оқып, сауатын ашты.  Жастайынан қағілез, құйма құлақ бала , ауыл арасындағы ақсақалдардың әңгімелерін, ауыз әдебиетін құныға тыңдап, өзіде ойдан құрастырып, өлең жазатын болады.

Суретте: Құрманхан Мұхамәдиұлы ата-анасы: әкесі Мұхамәди, шешесі Ожығай.

                Ауылдық мектепте хат танысымен, зерек алғырлығымен көзге түсіп 1942 жылы Монғолияның батысын өңірінің орталығы   Қобда аймағындағы мұғалімдер даярлайтын жедел курсты бітіріп, ұстаз, мектеп директоры қызметтерін атқарады. Осы кезде Қытаймен Монғолияның арасында талас тартыс ушығып, Кеңес одағындағы зұлматтардың шарпуы Монғолияда шарпып  тұрған кез еді. Үкіметкеде алғыр, таза ниетті, отанына адал, ел басқаратын, азаматтар ауадай қажет болған кезде Құрманханды ішкі істер органына қызметке тартады. Сол кездегі Ұлы державалардың сасаттағы құйтырқы әрекеттерінің көрінісі болған шығыс Түркістан мемлекетін құру науқанына қатысып, партизандар отрядын басқарады.  Ішкі сыртықы жаудан елін қорғау жолында Құрмаш талант, жігері арқылы көзге түседі.  Оның ерекше қәбілеттілігін байқаған үкімет адамдары  1948  жылы   Москваға қызыл чекистер мектебіне оқуға жібереді.  Чекистер мектебінде тіл үйрену қаблетінің ерекшелігінің арқасында, орыс тілін тез менгеріп,  орыс жазушыларының еңбегімен кеңінен танысады. Курстастары арасында озық шығып А. Фадеевтің «Жас гвардия» романындағы жастардың патриоттық сана сезімін, зерделеп баяндама жасайды.

              Мектебін бітірген соң ішкі істер саласында басшылық қызметтер атқарады. Қазақ жақсы көріп еркелеткен азамтарын өзгеше атайды. Осы салтпен ел жұрты Құрманханды «Құрмаш» деп атапты. Менде ағаны құрметтеп, сол еркелеткен атымен атауды жөн көрдім. Құрмаш небәрі отызға жетер жетпес  жасында аймақ тізгінін ұстап Аймақтық партия комитетінің бірінші хатшысы, аймақтың әкімі қызметтерін атқарады. МХР Халық Ұлы Хуралының депутатына үш мәрте сайланады. Жоғарғы қызмет атқара жүріп  шығармашылықпен  айналыса бастайды.  Дәреже, атақ жүрген жерде айтыс, тартыс бірге жүретінің табиғат заңдылығы болса керек. Құрмашта осы тартыстан шет қалмады. Бақталас, қарсыластары, рушылдар аяқтан шалды. Айқасты. Жеңе жүріп, жеңілген кездеріде болды. Жаратылысынан шығармашылыққа бейім болғандықтан, айтыс тартыстан шет жүріп, шығармашылық пен айналысуды көкседі. Оғанда жол ашылды.  Кеңес одағында  1928- 31  жылдары жүргізілген ұжымдастыру ( колхоздастыру) саяси наухан , Монғолияда 1955 жылдары малшы халықты бірлестікке ұйымдастыру  науханы ретінде басталады. Құрмаш аймақ басқарып отырған жоғарғы лауазымын, көксеп жүргендерге өз қолымен табыстап, бірлестік басшыларын дайындайтын курске аттанады.  Ол осы кезден бастап, айтыс тартыс, ауқымды жұмыстың азабынан, сәлде болса ажырып шығармашылықпен айналысуға бел буады. Курсті бітіріп  жолдама алып Бай- Өлкедегі көкөніс өсіретін, ең шұрайлы жер саналатын Бай-көл (Баян- нуур) елінде «Гүл» ( Цэцэгт) бірлестігін орнатуға барады. Бірлестікті ойдағыдай орнатып, жолдама мерзімі бітісімен аймақ орталығындағы Баспа өндірісіне бастық болады. Құрмаштың шығармашылықпен нақты айналысуы осы кезден басталды десе жөн.

Суретте: Жазушы Құрманхан Мұхамәдиұлының шығармалары

Мемлекттік жұмыстан босай сала өндіре жазды, артында өрнегі әсем, сөзі сазды, шығармалары дүниеге әкелді. Солардың бірнешеуін атасақ: - «Қыс», «Октябрь тойына» өлеңдері, «Жұт алама,жұрт алама?», «Алғашқы қадам», «Сәт сапар» очерк әңгімелері, «Бөкен жарғақ» поэмасы, «Кезең үстінде», «Жасыл дөң», «Тұлбакөл шайқасы» драмалары, «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» , «Алтыбақан» либреттосы және Монғолияның классик жазушыларының шығармаларын аударып халқына тарту етті. Ол, монғол тілін шебер меңгерген, монғол халқының  әдеби  тілінің   қыр сырын аша білген, қаламгер. Олай деудің негізі Монғолдың аса таланты ақын – жазушысы Д. Нацагдоржының «Ғашықтар» жайында жазған операсын аударғанда, әріптестер арасында талас туады. Монғол тілінің қыр-сырын білмейтін,  сыңар жақтар бұл драманы, сөзбе, сөз  «Себепті  үш бас» деп аударып болмапты.  Шынындада Монғол тіліндегі «Учиртай гурван толгой» деген, сөйлем осылай сөздік тұрғыдан аударылатыны шындық. Мағыналық, мәндік тұрғыдан мүлде басқа еді. Драманы мұқият оқып, түсінген Құрмаш  жазушының классикалық тұрғыдан қарап, драманың айтпақ сырын ұққан соң «Жұмбақ төбелер» деп аударған екен. Осы жайында біраз тарих естігенім, мен пақырдың есімде там-тұм қалған екен. Құрманхан марқұмның менің есімде тағы бір естен кетпес есте қалары Құрманхан аударған Монғол жазушысы Ч. Лодойдамбаның «Тұнық тамир» (Тунгалаг тамир) романын оқығаным еді. Роман өте қызықты, тартымды, дала батырларының ерлігі суретелген, көркем шығарма болсада, шын сияқты сезіліп тұратын еді. Пушкиннің «Дувровский» - тәріздес..  «Тұнық тамир» екі кітаптан тұрады. Бірінші кітабын марқұм аударып үлгерсе, екіншісін аударып үлгере алмай кетті. Кітаптың қызықтысы соншалықты, аударылмай қалған  екінші кітабын, монғолша  сөздікке қарап отырып оқып шыққаным есімнен кетпейді. Ол кезде кітап ханадан кітапты үйге бермейтіндік тен, сабақтан соң қалып тұрып  оқып едім. Монғол халқына ұран болып, бесіктегіден, белі бүкірейген кәрісіне дейін жатқа білетін,

 Д. Нацагдоржының «Менің елім» толғауын нақышына келтіре аударғаны әлі мәнін жоғалтқан жоқ. Қаламгер болмасақта, қалам ұстап жүргеніміз шын. Бірақ, монғолдың ел жер, ұлттық рух туралы  мән, мағыналы толғаулары көп.   Сол толғаулардан дәл Құрманхандай   « Менің  елім » сияқты  шебер аударғанды әзірге көрмедім.  Бар шығар, бірақ елге жайлғаны әзірге жоқ.  Құрманхан монғол, қазақ тілінде ғана аударма жасамаған. Ол орыс ақыны

 А. Кардашованың «Кішкентай Роб» поэмасын және шағын әңгімелерін қазақшалаған орыс тілді аудармашы.

Құрманхан Мұқамәдиұлы монғолия қазақтарының жазба әдебиетінің негізін қалады.  Құрманхан Монғолия ғана емес, Қазақстанағада танылған, айтыскер ақын Бабиұлы Ақтанмен бірге, монғолия қазақтарының ауыз әдебиетін қағаз бетіне түсіруді қолға алған бірден бір тұлға. Екі тума талан тізе қоса отырып, монғолия  қазақтарының ауыз әдебиеттін, Ақтанның көптеген, өлең, поэмаларын Құрманхан қағазға түсіріп, тасқа таңбалап берген. Ақтан ағасы сурып салып өлеңдете берсе, онысын Құрманхан қағаз бетіне түсіріп отырған. Ақтан жайлы нақтыласақ: - 1960 жылдары Монғолияның Бай- өлке аймағына Сәбит Мұқанов алғаш барғанда « Сен Ақтансыңба, мұртыңнан таныдым» - дейтін Ақтан дүлділ осы . 

 

Суретте оңнан солға қарай: Бабиұлы Ақтан, Құрманхан Мұхамәдиұлы,  Махфуз Құлыбекұлы.

          Бірақ қос талант, қосылып қанаттарын самғай алмапты.  Құрмаш 1964 жылы нағыз кемел шағы енді басталған, қамал алар  40 жасында  дүниеден өтіп кетті. Өмірден ерте озған асыл інісін Ақтан ақын былай жоқтаған екен.

Уа, қарағым Құрмашым.

Ақылдасым сырласым.

Қалаулысы халықтың

Мыңмен тең бір басың

Азаматым сымбатым

Түспейтін қолға  қымбатым

Ары биік асылым... 

Құрманхан жайлы ел аузында жақсы қырынан айтылған ой, пікірді термелесе жетерлік.

Құрмаш ағамыз Бижәмила Байдолдақызымен тұрмыс құрып, 9 бала дүниеге әкеледі. Бірақ, Бижәмила жастай жесір қалып, 9 баланы өзі асырап жеткізеді. Бижәмила апай менің, яғни, осы жолдардың авторы оқыған мектепте директор болды. Біз Бижкең апай деуші едік. Баларға ылғы «қарғам, қарағым» деп сөйлейтін. Үлкен ұлы Баман әке жолын қуып әдебиетші болды. Монғолияда Университет бітірді. 1993 жылы ата жұртына қоныс аударды. Сол кездегі Көкшетау облыстық теледидарында журналист қызмет атқарды. Туған елінде «Қыран тағдыры», «Киелі бастау» повестерін жазды. Көптеген өлеңдері жарық көрді.  Әкесі аударып үлгермей кеткен жоғарыда айтылған Ч. Лодайдамбаның  «Тұнық тамир» кітабының екіншісін аударып, қазақ жұртына тарту етті.  Ата жұртына келген соң «Ұлы көш» тарихи романын жазды. Бірақ, қысқа ғұмыр романды аяқтауға жеткізбеді. Орны бар, оңалар деген, атасы, әкесінің жолын қуып шығармашылықпен айналысып жүрген Алмагүл, Жұрағат есімді ұл қыздары артында  өсіп келеді...

Жазушының Зоя деген қызы, іскерлік қабілетімен елге танылып, әкесінің мол мұрасын жинастырып, елге танытып, мерейтойларын өткізуге ат салысып , ел ықыласына бөленіп жүр...

    Суретте:  Құрманхан Мұхамәдиұлының отбасы

     Монғолия қазақтарының ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаған  Құрмаш ағамыз тірі болса тоқсанның төріне шығар еді. Бірақ, ол жоқ. Ғалыммен, жазушының  хаты өлмейді. Хаты өлмегеннің мұрасы өлмейді.... өйткені өмірде ізі бар..     Жазушының 90 жылдық мерей тойы туған елінде және ата жұрты қазақ елінде кеңінен атап өтілуде. Сәуір айының аяғында  Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында «Қазақтың талантты ұлы, жазушы  - драматург Құрманхан Мұқамәдиұлы» атты іс шара өтті. Щарада қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаят, басқару және әкімшілік ғылымдарының  докторы, профессор Хабсатар Омар, филология ғылымдарының кандитаты, журналист Есенгүл Кәпқызы жазушының өмірінен баяндама жасап, жазушыны білетін ел ағалары естеліктер айтып, сыр шертті.

 

 

Суретте: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында Құрманхан Мұхамәдиұлының туғанына 90 жылдық мерейтойына қатысқан қонақтар

 

Жазушының 90 жылдық мерейтойына келген ұрпақтары

Дахан Шөкшир

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052