Сенбі, 23 Қараша 2024
Осы ғой енді... 6328 0 пікір 19 Желтоқсан, 2014 сағат 12:11

«ЖАЗУЫ ӨШІРІЛІП КЕТКЕНІНЕ ДЕИІН БОСАТЫҢЫЗ...»

Астана қаласының әкімі Әділбек Ырыскелдіұлы  Жақсыбеков

мырзаның құлағына алтын сырға!

 

 

         “Әр театр киім ілгіш пен пайғамбар жаяу баратын жерден басталады” деген нақыл сөз бар. Мәдениет сарайында әр нәрсе мәдениетті болу керек деген мағынада.  Біздің елордамыз да күннен күнге көркеюде. Көрікті зәулім ғимараттар салынуда, жылтыраған сарайлар, көз жауын алатын театр мен стадиондар, даңғыл көшелер, әдемі тізілген көшеттер дегендей...

         Мемлекет басшысы тапсырмасына орай қасқадан да, басқадан да астанамызды көркейтуге ақша құюлуда. Шынтуайтына келсек, кешегі астанамызға қарағанда, бүгінгі Астанамыздың көркі едәір артқаны бұлжытпас ақиқат. Мен сол көркін айтқанда, ең біріншіден, әдемі құрылысты айтпас едім. Әлбетте, ол да керек қой, сөз жоқ.

         Ең бірінші, астанамыздың мықтылығын атап айтсақ, ол  –  елордамыздың тәубеге келіңкіреуінде, біраз қазақшалануында, яғни бірте-бірте ұлттық сипат ала бастауында деп баса назар аударып айтар едім.

         Әрине, бұның бәрі салиқалы саясатымыздың арқасында. Онсыз емес.

         Театрдың шын жәйі киім ілгіш пен әжетханадан басталатын болса, қазіргі супер модерн, дамыған, алдыңғы қатарлы қалалардың бетке ұстар көрсеткіші, “флакмус қағазы”, меніңші, басында, лифттен басталады. Иә, иә, лифттен, жедел сатыдан! Кез-келген судай жаңа ғимаратқа кіріп көріңізші. Әр жолаушы не қонақтың бірінші тамашалайтыны сол лифтіңіз ғой, сөзсіз. Кейбіреулеріне 5-6 адамдан, басқаларына 10-15 адам оңай сыйып кететін бұл жедел сатыларда, керек болса, телефоны да, кейде, тіпті, теледидары да, кондиционеры да, баяу әңдетіп тұратын маuнитофон-радиосы да кездеседі. Айнала айна, түрлі-түсті реклама жарнамалары, жылтыраған төбесі мен едені. Қысқасы, бірінші пікір қалыптастыратын дүние  –  осы лифттердің өзі.

         Кеше мен Астанамыздың қақ ортасында орналасқан осындай бірер ондық қабатты зәулімдердің біріне кірдім... Қара көстүм киген қорғаушы жігіттерден аман-есен өтіп жедел сатыға да жеттім. Айнала қоршаған айнаның дәл орта тұсына үлкен қылып бір портрет сықылды жиектемеге (“рамкаға”) бір құлақтандыруды орналастырып қойыпты. Бақсам, лифтті пайдалану нұсқаулық ережелері екен. Орысша және қазақша. Бара жатқан пәтерім отызыншы қабаттан жоғары болған соң көз жүгіртуге уақытым болды. Әттеген-ай, мүлде қарамасам, көңіл бөлмесем жақсы болар еді, мейрам қарсаңындағы көтеріңкі көңілім судай басылды да кетті.

         Өздеріңіз сол қазақшасына бір назар аударып көріңізші.

         Мәтін өте қарапайым әрі қыска:

         “Пассажирдік лифттің қолдану ережелері.

 

  1. Кабина шақыру кезінде керек болған бағыттағы тұймеге басыңыз.
  2. Кабинаның қабатыңызға кележатқан уақытта жанған көрсеткіш кабинаңын баражатқан бағытын көсетеді.
  3. Есіктерді ашық хәлінде ұстату ұшін  < >  түймеге, ал есіктерді жабу үшін   > <  түймеге басыңыз.
  4.  Кабина және шахтаның есіктері автоматтық түрде жабылады.
  5. Кабинаның ішіне кіргенде керек болған бағыттағы түймеге басыңыз.
  6. Кабинаның тапсырылған бағытың түймеге басуымен қайтарып алалмайсыз
  7. Кабинаның асып толуына панелінде “Overload” деген жазуы шығар, осы жағдайда кабинаны жазуы өшіріліп кеткеніне деиін босатыңыз.
  8. Лифттің сынып қалған кезінде звонок түймеге басып диспетчерді хабарлатыңыз.

 

  • темек шегуге, тез жанып кететін және жарылатын заттарды, және де ірі заттарды тасымалдауға
  • лифттің тоқталып қалған ауқытқа дейін кіріп шығуына
  • кабина және шахта есіктерінің ашып жабылуына кедергі жасауға
  • қолмен кабина және шахтаның есіктерін ашуға

 

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

 

         Бар болғаны осы-ақ!

         Не жазғанын жазғандардың ұғу мүмкін емес мүлде! Тек орысшасына қарап бірдеңені түсінуге болады.

         Жарты бетке де жетпейтін текстте мына жарықтықтар 30-40 орфографиялық және стилистікалық қате жібергенін қалайша түсінуге, қалайша түсіндіруге болады, ағайын?

         Оны тізіп жатудың да еш қажеті жоқ! Бәрі айдан анық көзге ұрып тұр ғой! Әр қазақтың намысына тиіп, шамын қоздырып тұр емес пе?

         Үй үлкен. Адамдардың ішінде бәрі тегіс мәңгүрт пен шорқақтар деп айту қиын. Сонда бірнеше жыл ілулі тұрған мына сұмдықты неге ешкім алдыртып тастамаған?

         Қазақтың бала бақшасына, қазақ мектебіне барып жүрген балаларымыз күнде осыны көріп оқығаны масқара емес пе?

         Астана әкімшілігі және КСК-лары қайда қарап отыр? Арасында бір сауатты адам табылмаған ба, сонда?

         Астанаға сырттан көп қонақ келеді. Қазақша үйреніп жүрген немесе үйренгісі келген ағылшындар, түріктер, американдықтар кездеседі... Олар көрсе, ұят емес пе?

         Немесе жетіскеніміз осы ма?

         Мектептерде оқушыларға емтихан түрінде диктант жаздыртады емес пе? Оқушының деңгейін анықтау үшін.

         Олай болса, Астанамыздың диктанты осындай болды ма, бүгінгі мәдени және білімділік мәртебесі, көтерілген биігі осы қалпында-ақ болғаны ма, мақтаған елордамыздың?

         Бұдан кейін әдейі, ерінбей, біраз басқа зәулімдерді де аралап шықтым. Лифттеріне кіріп... Жалпыға ортақ жағдай екеніне көзімді анық жеткіздім.

         Бұл хатымызды бұрынғы әкіміміз Имекең лезде ұғып, шара қолданарына сеніміміз мол еді, өкінішке қарай, ол бауырымыздың бүгін қолбасшылықтан қолы босамай кетті...

         Ал, қазіргі орысойлы кино қойғыш Әділбек Ырыскелдіұлы мырза бұган бір көңіл бөледі деймісің? Бұндай өрескелдікті намыс көреді деймісің?

         Кім білсін?

         Жауабына зер салып көрелік... Үмітсіз шайтан...

 

Ұлтжан Нықайтаров.

Абай.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379