Сенбі, 23 Қараша 2024
Судың да сұрауы бар... 5622 0 пікір 8 Қазан, 2015 сағат 15:15

ЕРҒАЛИЕВА ЖАҚИЯНОВТАРДЫ СОТҚА БЕРДІ

 «Свобода слова» газетінің бұрынғы басшысы (құрылтайшысы әрі редакторы) Гүлжан Ерғалиева Ғалымжан Жақиянов пен Қарлығаш Жақияновамен соттасып жатыр. Нақтылай айтсақ, Гүлжан Хамтиқызы «Мен Гүлжан Ерғалиевадан 1 миллион доллар алдым» деп қол хат берген Қарлығаш Жақиянованы сотқа берді. Алматыда өтіп жатқан сотта Жақияновтардың мүддесін адвокат Инесса Киселёва қорғауда. Себебі Жақияновтар отбасы қазір АҚШ-тың Бостон қаласында тұрады.

1 милион долларды Гүлжан Ерғалиева Жақияновтарға не үшін берді?

 Бұл сұраққа жауап іздемес бұрын осыншама көп ақшаны Г.Ерғалиеваның қайдан алғанын еске сала кетейік деп жазады   http://serke.org   сайты. Аталған ақпарат көзінің жазуына қарағанда, 2010 жылдың күзінде Г.Ерғалиева мен Болат Әбілев өздерінің иелігіндегі оппозицияшыл «Свобода слова» газетін биліктегі біреулерге сатып жіберіпті (Ол адам сол кездегі Президент аппаратының басшысы Аслан Мусин болуы мүмкін). Бірақ екеуінің бұл саудадан қанша ақшаны қалталарына басқаны әлі күнге айтылмаған. Сауда құпия түрде жасалған. Кешегі сотта Г.Ерғалиеваның берген түсініктемесі бойынша, ол газеттегі өзінің үлесі үшін 2,5 миллион доллар алыпты, оның 750 мыңына 3 бөлмелі пәтер алып, интернет сайттар ашқан, ал 1 миллион долларды Қарлығаш Жақиянованың қолына ұстатқан. Себебі Г.Ерғалиева мен Жақияновтар отбасы сол кезде достық қарым-қатынаста болыпты.

Сотта Қ.Жақиянованың адвокаты Инесса Киселёва Г.Ерғалиева 1 миллион долларын Жақияновтар отбасына спонсорлық көмек ретінде бергенін, мұны қайтарылуы тиіс қарыз ақша ретінде әсте қарастыруға болмайтынын айтты. Себебі Г.Ерғалиева «Свобода слова» газетін сатудан 2,5 миллион доллар емес, 9 миллион доллар алыпты. Сондықтан оның Жақияновтар отбасына қайтарымсыз спонсорлық көмек көрсетуге мүмкіндігі болыпты. Бұл сөзге Г.Ерғалиева тас-талқан болып ашуланып, жала жабу бабы бойынша Қарлығаш Жақияноваға қарсы тағы бір арыз жазатынын мәлімдеді.

Журналист Гүлжан Ерғалиева мен Ғалымжан Жақияновтың достығы «Қазақстаннның демократиялық таңдауы» (ДВК) атты саяси бірлестік кезеңінен басталды. Бірлестік лидерлері – Мұхтар Әбілязов пен Ғалымжан Жақиянов түрмеде отырып шыққан соң өзара керісті. Нәтижесінде ДВК мүшелері екіге бөлініп, бір-бірімен қырқысты. Осы талас-тартыс кезінде Г.Ерғалиева Ғ.Жақияновтың жағында болған деп анықтама береді http://serke.org   сайты.  

2007-2008 жылдары Ғ.Жақиянов пен коммунист Төлен Тоқтасынов саясаттан кетіп, Қытайға барып бизнес жасай бастады. Екеуі бірігіп Моңғолиядан Қытайға руда тасып, Үрімші қаласының түбінен металл қорытатын зауыт ашқан. Журналист Г.Ерғалиева сол кезде Үрімшіде болып қайтқан еді. Оны Қарлығаш Жақиянова жақсылап күтіп алып, шығарып салып жүретін. Сол бір жылы қарым-қатынас Г.Ерғалиеваның көңіліне Жақияновтарға деген сенім ұялатты. 2010 жылы «Свобода Слова» газетін көп ақшаға сатқан құпиясын да ол алғаш болып Жақияновтармен бөлісті. Жақияновтар өздерінің жақсы бизнес бастағанын айтып, соған қосымша инвестиция ретінде ақша салуға үгіттеген сияқты. Әрине, Г.Ерғалиева бір шешімге келер алдында өзінің оппозициядағы сенімді серігі Болат Әбілевпен кеңескенін, оның мұндай қадамды қолдағанын жоққа шығаруға болмас деп болжам жасайды аталған дереккөзі.

Қазір Жақияновтар отбасы АҚШ-тың Бостон қаласында тұрады.  Жақияновтардың екі ұлы сонда оқиды. Бір кезде Семей, Павлодар облысында әкім болған Ғалымжан Жақиянов та Массачусетс университетінде бизнесті басқару магистры (Master of  Business Administration)  мамандығын оқуға кіріскен. Жақиянов 2012 жылы Үрімжідегі зауытын сатып жіберіпті. Бұл зауыттың жұмысы күткендегідей нәтиже беремесе керек. Бәлкім, жақияновтар Ерғалиевадан 1 миллион долларды әлгі зауыттың жұмысын жүргізуі үшін алуы мүмкін. Бұндай жағдайда инвестор болып табылатын Ерғалиева Қарлығаш Жақияноваға 1 миллион долларды қарызға берген боып естептелмейді дейді http://serke.org   сайтының авторы. Дегендей-ақ, жақияновтардың қорғаушысы да осы сөзді айтып отыр.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401