ПУЛИТЦЕР. СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
Жақында АҚШ-та журналистер арасындағы ең беделді Пулитцер сыйлығының лауреаттары анықталды. Былтырғы жылы әлемдік масщтабта талқыланған ең басты тақырып - босқындар қасіреті болған. Аталған жүлде бойынша ең үздік деп танылған суреттер төмендегілер болды. Қараңыз:
1.Лесбосе төңірегі. Грекияның Лесбос аралындағы ауыл маңында түрік азаматы босқындарды қайықтан түсіріп жатыр. (The New York Times — 16 қараша 2015 ж.)
2. Соңғы мүмкіндік. Босқын жігіт жүріп бара жатқан вагонның терезесінен кіруге талпынып жатыр. Сурет Сербия шекарасында, тОварник станциясынан аттанып бара жатыр. (The New York Times — 18 қыркүйек 2015 ж.)
3. Үзіліс. Ахмад Мәжид (көк түсті көйлектегі жігіт) Автобустың ортасында өз балаларымен бірге ұйықтап жатыр. Фото Будапешттен Венаға кетіп жата жатқан автобуста түсірілген. (The New York Times Маурисио Лима — 5 қыркүйек 2015 ж.)
4. Тіркелу. Босқындар жергілікті полицияның қарсылығына қарамастан жергілікті лагерлерге тіркелуде. (The New York Times — 22 қазан 2015 ж.)
5. Ең қымбатыңды құтқару. Босқын ер азамат өзінің кішкентай қызын полицейлердің таяғынан қорғауда. Хоргос шекарасы, Сербия. (The New York Times— 16 қыркүйек 2015 ж.)
6. Жағалау. Дауыл кезіндегі босқындардың көбісі жағажайға жету үшін қайықтан секіріп кеткен. (The New York Times / Тайлер Хикс — 1қазан 2015 ж.)
7. Жеттік! Лаит Мәжид қызы екеуі Грекияның Кос аралына резеңке қайықпен жеткеніне сене арал емес. (The New York Times / Дэниел Эттер — 15 тамыз 2015 ж.)
8. Дрейф. Үрлемелі қайық. Эгей теңізі. Сириялық босқындар Түркия мен Грекия арасында. (Thomson Reuters / Яннис Бехракис — 11 тамыз 2015 ж.)
9. Балаларды құтқару. Босқындар өз балалары қайықтан құлап кетпеу үшін, оларды қатты қысып ұстап отыр. Сурет Лесбос аралы маңында түсірілген. (Thomson Reuters — 24 қыркүйек 2015 ж.)
10. Шекара. Сириялық мигранттар темір сымдардың арасынан өтіп бара жатыр. Сербия мен Венгрия шекарасы. (Thomson Reuters / Бернадетт Сабо — 27 тамыз 2015 ж.)
11. Мүмкіндік. Полицейлер босқынды тоқтатуда. Македонияның Гевгелия вокзалы. (Thomson Reuters / Стоян Ненов — 15 тамыз 2015 ж.)
12. Қарсылық.Протест. Венгер полицейлері босқынның отбасын қоршауға алып тұр. (Thomson Reuters / Ласло Балог — 3 қыркүйек 2015 ж.)
13. Болашаққа бастар жол. Қатты нөсер кезінде сириялық босқын өзінің қызын сүйіп тұр. Сурет Македония мен Греция шекарасында түсірілген. (Thomson Reuters— 10 қыркүйек 2015 ж.)
Пулитцер сыйлығының тарихы сонау 1917 жылдан басталады: сол жылы американдық журналист Герберт Байярд Своп 1916 жылдың қазан айында New York World газетінде жарияланған «Германия империясына іштен көзқарас» деген тақырыптағы материалдар сериясы үшін алғашқы сыйлық алған еді.
Айсұлу Тұрсынбаева
Abai.kz