Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6252 0 пікір 4 Сәуір, 2016 сағат 13:27

МЕХМЕТ АКИФ ЕРСОЙДЫҢ ӨМІРІ БАРША МҰСЫЛМАНҒА ӨНЕГЕ

МЕХМЕТ АКИФ ЕРСОЙДЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ БАРША МҰСЫЛМАНҒА ӨНЕГЕ

         Аса қымбатты қандас бауырлар!

Түрік тектес туыстардың басын қосқан бұл салтанатты жиынға қатысып, Түркияның Анадолы төрінде өздеріңіз ата жұрт санайтын қазақ бауырларыңыздың ана тілінде сөз сөйлеу, мен үшін үлкен құрмет, зор мәртебе. Түрік елінің мақтанышы – Мехмет Акиф Ерсойдың İstiklal Marşı – Тәуелсіздік маршының 95 жылдығы және тұлға атынан ашылған оқу ордасының 10 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Бұл білім беру мекемесінде дәріс оқитын оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы өрендердің ерен тұлға Мехмет Акиф Ерсойды шексіз мақтан тұтары анық. Осман ақыны, қасиетті Құран кітабын түрік тіліне аударушы, діни ағартушы, ең бастысы Түрік елінің дербестік әнұранының авторы Мехмет Акиф Ерсойдың өмірі, оның артында қалған мол мұрасы – өз жұртының ғана емес, барша мұсылманның мақтан етуіне ылайықты ізгі жұмыс, жалғасын тапқан игі іс. Оның дәлелі – бүгін өздеріңіз арнайы жасап отырған ресми салтанатты шара, бұл тарихи тұлғаға деген құрметтің дәстүрлі шараға айналғанының көрінісі. Өзінің туған отанына, ұлтына арымен қызмет еткен қаһармандарын елі ешқашан ұмытпайды, олардың аяулы есімін аялаумен ұрпақ жадында мәңгіге қалдырады. Риясыз еңбектерін өскелең ұрпаққа өнеге етеді. Мұны тарих-таразының безбенінен өткен талай-талай игі жиындардан көріп жүрміз.

Қазақ бауырларыңыздың Мехмет Акиф Ерсой сынды мақтан тұтар тұлғалары, ол – Алаш Арыстары. Яғни, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған үркердей зиялылар. Бір ғажабы: Мехмет Акиф Ерсой мен Ахмет Байтұрсынұлының өмірге келуі, бұл жалғаннан бақилық болуы бір-біріне ұқсас әрі халқына жасаған еңбектері риясыз таза. Мәселен, Мехмет Акиф Ерсой жарық дүниеге 1873 жылы келсе, Ахмет Байтұрсынұлы бір жыл бұрын 1872 жылы келген, бір заманның төлдері, тек өмір сүру жерлері басқа-басқа. Араларын мыңдаған шақырымдар бөліп тұр. Егер, дәл сол кезеңде оларға бір-бірін көру бақыты бұйырған болса, олардың азаттық сахнасында тізелесуі, бас біріктіруі тіпті басқаша болар еді-ау! Бір-бірімен дидарласу бұйырмаса да, осы қос тұлғаның өмірлік ұстанымдары Отанына, ұлтына, тіліне, тініне, дініне, діліне деген сүйіспеншіліктеріндегі рухани үндестікке тәнті боласыз!

Ертеректе үлкен кісілерден естігенім бар еді: «...сонау 1970 жылдардың басында Түркия жерінде Ахмет Байтұрсынұлының есімі Мұстафа Кемал Ататүрік, Исмайыл Гаспаралымен қатар ұлықталып, оның  атына көше берілген» деген-ді. Бірақ, ең өкініштісі бұл жаңалықты дабырата айтып, қазақ жұртына сол тұста сүйіншілеудің бақыты бұйырмапты... Өйткені, бұл жылдары Ахмет Байтұрсынұлындай ерен ерді айту былай тұрсын, оны еске алудың өзі – қылмыспен пара пар болатын! Алаш ақиықтарын қаралаған жалған жала 1980 жылдардың соңына дейін сейілмеді. Енді бұл бөлек әңгіме.

Тақырыпқа қайта оралсақ, Мехмет Акиф Ерсойдың өмір жолы қаншалықты ауыр болғанымен, ол алпысты алқымдаған шағында сырқаттанып, өз дертінен Алланың жіберген ақ өлімімен бақилық болды. Бұндай өлім бұйырған Мехмет Акиф Ерсойдың қазасын, артындағы ұрпағы мен оны ұлықтаушы халқы өз қолымен талбесіктен жербесікке тапсырып, дұға бағыштар қабірі Анкарадай шаһардан орын тепті. Бұл қабірстан қазіргі уақытта кесенеге айналып отыр. Өздеріңіздей артында Құран бағыштар ұрпағы бар, ал оның түрік елінің әнұранына айналған Тәуелсіздік маршының – 95 жылдығы ерекше құрметпен арнайы аталуы, шын мәнінде тарихи уақиға! 1921 жылы шығарылған бұл істіклал маршын өзгеріссіз сақтау, оны бүгінгі уақытта да сол қалпында орындау – түрік бауырлардың өткен тарихтағы бабалар ісіне деген шексіз сүйіспеншілігі мен зор құрметінің айғағы. Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоғанның Бурдур қаласынан арнайы келіп, Мехмет Акиф Ерсойға арналған ресми жиында тұлғатанушы һәм оның шығармашылық мұрасын насихаттаушыларды мемлекеттік медальмен марапаттауы тағылымы мол, өнегелі іс! Бабаларымыздан қалған «Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – келешек жоқ» деген тәмсілге сүйенсек, болашағы кемел өркениетті жұрт бірінші кезекте елінің келешегі үшін күрескен тұлғаларын ұлықтайды. Тарихтағы орнын анықтап, әр дарынға ылайықты құрметін жасайды.  Бұған шежірелі тарихта қатталған мұрағаттық деректер куә!  

Әнұраны түрік жұртының темірқазығына айналған Мехмет Акиф Ерсой қандай бақытты жан еді. Бақытты болу – адамның өзі тірлік еткен күнінен бөлек, артында өлмейтұғын сөз қалдырған, ұлтына арымен қызмет еткен, ісі тарихта хатталып, ол ұрпақтан ұрпаққа ауысса, міне нағыз бақыт. Мәңгілік өмір! Мехмет Акиф Ерсой пайғамбарлық жасында өмірден озып, артында өлмейтұғын іс қалдырған данышпан тұлға. Оның айғағы – бүгінгі қара ормандай жайылып, тамырын тереңге тартқан түрік жұрты. Түркияға саяхаттап келетін әрбір адам түріктің шежірелі тарихына үңілері хақ! Өркениетті елдердің сапында жүрген Түркияның даму, өркендеу үрдісінің кемелденуі, оның іргетасының негізгі қайнары – бабалар салған даңғыл жолда демократиялық жолды ұстануында.

95 жылдық тарихы бар Түрік әнұранының мәтінімен толық танысып, әуенін тыңдау үшін іздегенімде, ғаламтордан (интернет) ілезде табыла қалды. Енді сол кезеңдегі күллі түрік жұртының рухын оятқан Тәуелсіздік маршының мәтініне тоқталсақ. Мехмет Акиф Ерсойдың Түрік елі тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін туған осы жырындағы мына шумақтан: «...Отаны үшін, Жұмағы үшін, кім бас тартар өлімнен! Әруақтар да күңіренеді, ерте кеткен өмірден. Жанымды алсын, жарымды алсын, Тәңірімнен жерінбен, Тек, дүние, айырмасын, Отанымнан, жерімнен!» деген ғибратынан туған жерге шексіз махаббаты мен өршіл сезімі өрілген. Бұған қалай тебіренбессіз!

Түрік тіліндегі түпнұсқамен қазақ тіліне аударылған екі түрлі нұсқаны қаз-қатар беруді жөн көрдім. Қазақшаланған бірінші нұсқа – Әбдіуақап Қара, Мұқаш Қожақметұлының аудармасы, мәтін Ә.Қараның жеке сайтынан алынды. Ал, екінші нұсқа «Қазақ үні» атты 2000 жылдан Алматы қаласында шыға бастаған қазақ ұлттық порталының сайтында «Бауырлас түркия ақындарының поэзиясы» атты арнайы мақалада бірінші болып Мехмет Акиф Ерсойдың поэзиясына орын берілген. М.А.Ерсойдан басқа Зия Гөкалып, Һусейін НиҺал Атсыздың өлеңдері, Фәдли Әлидің жолма-жол тәржімәсі бойынша жарық көрген. Бұл газет қазақ елінің ұлт көсемі атанған Ахмет Байтұрсынұлының: «...Біз тірі болуымыз керек. Тірі болу үшін – ірі болуымыз керек!» деген тәмсілін өзіне темірқазық еткен дербес үнпарағымыз. Басылым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің меншігі, бірінші  басшысы – Қазыбек Иса. Қ.Иса қазақ еліне белгілі ақын, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты және «Құрмет» ордені иегері, «Қазақ үні» газетінің негізін қалаушы.

Бірінші нұсқа:

İstiklal Marşı

 

Korkma, sönmez bu şafaklarda yüzen al sancak;

Sönmeden yurdumun üstünde tüten en son ocak.

O benim milletimin yıldızıdır, parlayacak;

O benimdir, o benim milletimindir ancak.

 

Çatma, kurban olayım, çehreni ey nazlı hilal!

Kahraman ırkıma bir gül! Ne bu şiddet, bu celal?

Sana olmaz dökülen kanlarımız sonra helal...

Hakkıdır, hakk'a tapan, milletimin istiklal!

 

Ben ezelden beridir hür yaşadım, hür yaşarım.

Hangi çılgın bana zincir vuracakmış? Şaşarım!

Kükremiş sel gibiyim, bendimi çiğner, aşarım.

Yırtarım dağları, enginlere sığmam, taşarım.

 

Garbın afakını sarmışsa çelik zırhlı duvar,

Benim iman dolu göğsüm gibi serhaddim var.

Ulusun, korkma! Nasıl böyle bir imanı boğar,

'Medeniyet!' dediğin tek dişi kalmış canavar?

 

Arkadaş! Yurduma alçakları uğratma, sakın.

Siper et gövdeni, dursun bu hayasızca akın.

Doğacaktır sana va'dettigi günler hakk'ın...

Kim bilir, belki yarın, belki yarından da yakın.

 

Bastığın yerleri 'toprak!' diyerek geçme, tanı:

Düşün altında binlerce kefensiz yatanı.

Sen şehit oğlusun, incitme, yazıktır, atanı:

Verme, dünyaları alsan da, bu cennet vatanı.

 

Kim bu cennet vatanın uğruna olmaz ki feda?

Şuheda fışkıracak toprağı sıksan, şuheda!

Canı, cananı, bütün varımı alsın da hüda,

Etmesin tek vatanımdan beni dünyada cüda.

 

Ruhumun senden, ilahi, şudur ancak emeli:

Değmesin mabedimin göğsüne namahrem eli.

Bu ezanlar-ki şahadetleri dinin temeli,

Ebedi yurdumun üstünde benim inlemeli.

 

O zaman vecd ile bin secde eder-varsa- taşım,

Her cerihamdan, ilahi, boşanıp kanlı yaşım,

Fışkırır ruh-i mücerred gibi yerden na'şım;

O zaman yükselerek arsa değer belki başım.

 

Dalgalan sen de şafaklar gibi ey şanlı hilal!

Olsun artık dökülen kanlarımın hepsi helal.

Ebediyen sana yok, ırkıma yok izmihlal:

Hakkıdır, hür yaşamış, bayrağımın hürriyet;

Hakkıdır, hakk'a tapan, milletimin istiklal!

(Mehmet Akif Ersoy)

Тәуелсіздік гимні

 

Қорықпа, сөнбейді таң шапағына боялған қызыл байрақ.

Ол құламайды, құламай түрікте ең соңғы шаңырақ

Ол менің елімнің жұлдызы, жарқырап жанған көгімнен

Ол менің ұлтымдыкі тек менікі болып қалмақ.

 

Садағаң кетейін ей, ерке айшық мәңгі ашық болсын қабағың

Бұл неғылған қатулық қаһарман халқыма жарқырап күліп қара бір

Зая кетер әйтпесе сен үшін төгілген қанымыз

Қақысы, Қаққа бас иген ұлтымның тәуелсіздік.

 

Мен ежелден еркін өстім, еркін боп мәңгі қаламын

Қай нақұрыс кісендеп ұстамақ болса, таң қаламын

Буырқанған өзенмін, бөгеуді бұзып өтетін,

Туласам егер тауды да талқандап жаншып ағамын

 

Темір сауыттылар кеулеген анау күн батыс аспанын,

Қасиетті менің жеріме баса алмас олай қастарым.

Қорықпа, жаулай алмайды қаһарман түрік ұлтымды

Қанша азулы болса да қағамыз тісін басқаның.

 

Бауырым, киелі топыраққа ашкөз қорқауларды жолатпа

Арам тобырға, ар иман толы еліңді тонатпа

Хақ тағала уәде еткен сағанда туады ерлік күн

Бүгін бе, ертең бе елім деп ертемен қорықпай қон атқа.

 

Топырақ таразы табаның астында арыңды салмақтар

Жатыр оның қойнында кебінсіз мың сан аруақтар

Ей, шәйіт ұрпағы күңірентпе көрде жатқан ата-бабаңды

Отаның үшін опат бол есіміңді елің ардақтар.

 

Естісе егер, ел үшін мерт болған жүректің әмірін

Қара жер қойнынан шәйттер шығады жарық қабырын

Жанымды, сүйген жарымды алсаң-ал саған ризамын

Тек мына пәни жалғанда отансыз қалдырма тәңірім.

 

Шыбыным шырқырап, сұраймын сенен сілкілеп сананы

Баспасын ешқашан киелі жерімді арсыздар табаны

Таң алдында тәңірге сыйынып, айтылған осынау азандар

Көгілдір аспан төрінде жаңғырып боп мәңгі қалады.

 

Есімім тасқа жазылар кірген соң суық көріме

Қанды жасым сорғалап төгілер туған жеріме

Өлі денемнен тірі рухым кетеді мүлде бөлініп

Сонан соң барып жайғасар ғарыштың ұлы төріне.

 

Желбіре, таң серісі қасиетті айшық даңқтан жаралған

Болсын тек сен үшін төгілген қанымыз біздің адал қан,

Саған да түрік нәсіліме жоқ, енді мәңгі өлу

Қақысы сенсің бостандық туы дербестік

Қақысы, Қаққа бас иген ұлтымның тәуелсіздік.

(Қазақшалаған: Әбдіуақап Қара, Мұқаш Қожақметұлы) 

 

 

 

Екінші нұсқа:

İstiklal Marşı

 

Korkma, sönmez bu şafaklarda yüzen al sancak;

Sönmeden yurdumun üstünde tüten en son ocak.

O benim milletimin yıldızıdır, parlayacak;

O benimdir, o benim milletimindir ancak.

 

Çatma, kurban olayım, çehreni ey nazlı hilal!

Kahraman ırkıma bir gül! Ne bu şiddet, bu celal?

Sana olmaz dökülen kanlarımız sonra helal...

Hakkıdır, hakk'a tapan, milletimin istiklal!

 

Ben ezelden beridir hür yaşadım, hür yaşarım.

Hangi çılgın bana zincir vuracakmış? Şaşarım!

Kükremiş sel gibiyim, bendimi çiğner, aşarım.

Yırtarım dağları, enginlere sığmam, taşarım.

 

Garbın afakını sarmışsa çelik zırhlı duvar,

Benim iman dolu göğsüm gibi serhaddim var.

Ulusun, korkma! Nasıl böyle bir imanı boğar,

'Medeniyet!' dediğin tek dişi kalmış canavar?

 

Arkadaş! Yurduma alçakları uğratma, sakın.

Siper et gövdeni, dursun bu hayasızca akın.

Doğacaktır sana va'dettigi günler hakk'ın...

Kim bilir, belki yarın, belki yarından da yakın.

 

Bastığın yerleri 'toprak!' diyerek geçme, tanı:

Düşün altında binlerce kefensiz yatanı.

Sen şehit oğlusun, incitme, yazıktır, atanı:

Verme, dünyaları alsan da, bu cennet vatanı.

 

Kim bu cennet vatanın uğruna olmaz ki feda?

Şuheda fışkıracak toprağı sıksan, şuheda!

Canı, cananı, bütün varımı alsın da hüda,

Etmesin tek vatanımdan beni dünyada cüda.

 

Ruhumun senden, ilahi, şudur ancak emeli:

Değmesin mabedimin göğsüne namahrem eli.

Bu ezanlar-ki şahadetleri dinin temeli,

Ebedi yurdumun üstünde benim inlemeli.

 

O zaman vecd ile bin secde eder-varsa- taşım,

Her cerihamdan, ilahi, boşanıp kanlı yaşım,

Fışkırır ruh-i mücerred gibi yerden na'şım;

O zaman yükselerek arsa değer belki başım.

 

Dalgalan sen de şafaklar gibi ey şanlı hilal!

Olsun artık dökülen kanlarımın hepsi helal.

Ebediyen sana yok, ırkıma yok izmihlal:

Hakkıdır, hür yaşamış, bayrağımın hürriyet;

Hakkıdır, hakk'a tapan, milletimin istiklal!

 

Тәуелсіздік маршы

 

Қорық па елім, ал қызыл ту, енді мәңгі желбірер,

Жер ошақта қалған шоқтай, ұлтымызға өң кірер.

Бұл жалғанда басқа күш жоқ,  жұлдызымды сөндірер,

Ол – менікі, ұлтымдыкі, растығын ел білер.

 

Құрбандығың мен болайын, жарқырай түс, Жаңа Айым!

ҚаҺарман ел нәсілімін, саған тура қарайын.

Қаным төгіп, Туелсіздік отын мәңгі жағайын,

Сені ұлтымның қасиетті Тәңіріне балайын.

 

Мен бұрын да,  азат ел ем, алда тағы азатпын,

Қай есуас бұғау салмақ! Санасызға ғажаппын!

Буырқанған сел боламын жолын кесер мазақтың,

Быт-шыт етер қандайын да, тосқауылдың, азаптың.

 

Көкжиегі құрыш қорған, Батыс бізден қорқады,

Иманым бар, шекарам бар, бөліп тұрған ортаны.

Иманыма қол салды ма, олар үшін сор тағы,

Ұли берсін, өздерінше, өркенді елдің қорқауы.

 

Ар, ождансыз, имансызды, жолатпа, елім, абайла,

Тосқауыл қой, арсыздықта, шекара жоқ, қарай ма?

Сенімді бол, туар күнің, Тәңіріңді тағы ойла,

Бәлкім бүгін, бәлкім ертең, бір келеді қалай да.

 

«Жәй жер ғой»-деп, таптамағын ата-баба аруағын,

Шейіт болған кебінсіз-ақ, жатыр онда арманың.

Сен, солардың ұрпағысың, алмақтың біл, салмағын,

Түсінерсің, сонда ғана, Ұлы Отанның бар мәнін.

 

Отаны үшін, Жұмағы үшін, кім бас тартар өлімнен!

Аруақтар да күңіренеді, ерте кеткен өмірден.

Жанымды алсын, жарымды алсын, Тәңірімнен жерінбен,

Тек, дүние, айырмасын, Отанымнан, жерімнен!

 

Тәңірімнің тілеуінде тіршіліктің мәні де,

Жаттың қолы жуымасын, қасиетті тәніме.

Дін, Азанның – азалы үні, күңіренсін әлі де,

Бүкіл әлем – құлақ түрсін, Ұлы Елімнің әніне.

 

Мен ол кезде шабыт қысып, сәждеге мың жығылам,

Бар жарамның аузын ашып, қанды жаспен жуынам.

Менің жаным,  медет тауып, топырақтың буынан,

Көк ғарышқа көтеріліп, сол қуаттан жылынам.

 

Толқи түс, сен, жарқыраған алтын Айым, қияқтай,

Кешірілсін, осы жолда төгілген қан бұлақтай.

Нәсілімнің асыл тегін – қуаттай бер, қуаттай,

Тәуелсіздік – Хақтың жолы, соған ұлтым, табынған,

Азат елдің куәсіндей, Туды ұстаймын құлатпай!

(Фәдли Әлидің жолма-жол тәржімәсі)

 

Шын мәнінде, Түрік дүниесінің барша мұсылман бауырларға мақтан тұтар айдындарының, қазақша айтқанда зиялыларының өнегелі өмірі, олардың артында қалған рух көтерер мұрасының мәңгілік тақырыпқа айналуы – бүгінгі дербес өмір сүріп жатқан ұрпақтарының мойнындағы қасиетті борышы. 

Перзенттік міндетті адал орындау, бабалар аманатына берік болу – бұл ұрпақтан ұрпаққа ауысатын тағылымды һәм өнегелі іс. Осындай игі істе инабатты әрі иманды болуды баршамызға Алла нәсіп еткей!   

Райхан Имаханбет

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351