Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 5479 0 пікір 7 Шілде, 2016 сағат 11:58

ҚАЙРАТ НҰРТАСТЫҢ НАМАЗҒА ЖЫҒЫЛҒАНЫ КІМГЕ ҚАУІП?

«Қайрат Нұртас намазға жығылыпты», «Қажылыққа барыпты» деген ақпарат тарағалы санаулы адамдардан басқасы тұтастай әлеуметтік желі арқылы әншіні  жамандауға, ғайбаттауға көшкен!..  Әрине, жақсылыққа жаршы, жамандыққа қарсы болып жүрген ағайынға алғыс айту керек. Ораза кезінде «орыс азаматы исламды қабылдады» деген әңгіме шығып еді, оған да ел алдында жүрген бір ағамыз қарсы пікір айтып қалды. Сонда олар осынау жалған өмірден қандай жақсылықты іздейді екен?  Демек, меніңше құлдық сананың ең үлкені – жақсылық пен ізгілікті  істеуші адамдарға қарсы тұру. 

Оған рия немесе ұпай жинаушы деген сияқты жалған балама термин тауып мыңдаған әлеуметтің алдында сүріндіру, шамасы келсе құлату. Шын мәнінде этиканы сақтай отырып әділетті түрде жалған патриот немесе жалған сөйлейтін адамдарды сынауға қарсы емеспін..  Алайда, бұл нәрсе шектен шыққаны соншалық ұрпаққа үлгі болатын қайырлы істерге жаппай  шабуыл басталып кетті... Бұл жаман әдеттің өрістеп дамығаны сонша, тұлғалардың жеке басына шүйлігіп, ғайбаттауға  дейін барып жатыр. Тіпті байқасаңыз белгілі қағидаға айналып қаупі төніп тұр.  Мұның арты ізгіліктің үнін өшіріп,  жақсылықтың аузына құм құйюмен аяқталмақ.  Обалына қарамай бей-берекет жамандау көрілімі мыңдап саналатын телеарна арқылы да жүзеге асуда. Сенсация іздеуші журналистер де, «қара пиар» жасаушы әншілер де бұдан шеткері емес.. Мәселен, әнші Роза Әлқожаның немесе Қарақат Әблдинаның еріне тоқал әперуі кімге керек? Сол да жаңалық па? Болмаса Кәмшаттың қолтықтың түгін алуды үйретуі, Бүркіттің жас қызбен шетелде қыдыруын айтудан тозаңдай жақсылық бар ма?

Жақында Қайрат Нұртас туралы дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай мырза үлкен сөгіс айтты.  Үлкен бір қателік тапқандай  жалаулатып телеарнада әлеумет алдында айыптады.  Бұл кісі бұрыннан сыңар жақты қалыпта қатып қалған ойларға бой алдырған адам. Оны МС Сайлаубекпен «Айтуға оңайдағы» тартысында байқағам. Ал айтқыш екен, ендеше манағы тоқал мен қолтықтың түгі туралы неге сын айтпай аузына су толтырып отыр?.  Өйткені жақсылыққа жаны құмар емес, әрине. Ешкімнің сойылын соғып отырғам жоқ, қоғамдық әділеттілікті айту парыз.  Абай атамыз айтады: «Малда да махаббат пен әділеттік бар» деп, біз адам болған соң әділеттен аттамауымыз керек.  Демек жақсылыққа жасалған шабуыл ұлттық болмысымызды ұлтараққа айналдырмасына кім кепіл? Ерлан Төлеутай мырза қажылықта Қайраттың құстарға жем шашуын қыжыртып, ақпараттық арна арқылы қолын, жүрісін бей-берекет айыптапты..  Қажылық сапарда жүрген Қайратты және басқа өнер адамдарын шенеп «бұл сапар бұл күнде рияның шыңына айналды» деп баға берген. Бұлай баға беру аса ауыр қателік дер едім. Өйткені Ерлан мырза олай айтатындай кімнің жүрегіне кіріп шығыпты.  Бекболат аға айтатын "сүйекті жұтқан кезде шығатын жерді өлшеп алу керек" деп, сол сияқты айтқан сөздің жауабы болу керек?  Адамды түсіну тиіс, ең әуелі. Қайрат өнердің, эмоцияның адамы, ол жастардың бүгінгі ту ұстаушысы, соларға жақсылық пен үлгі болып жатса неге айыптауымыз керек? «Ағаттық кімде жоқ, кім періштемін» деп айта алады?  Айтпағым Ерлан мырза ғана емес, бұл тұтастай әлеуметті шарпыған дерт дер едім.  

Айтпақшы Төреғали туралы да этикадан жұрдай журналисттің айдай экран алдында бұйырық беріп, «қолыңды түсір» дегені талайдың ашу-ренішін қозғаған еді. Бұл да ақымақтың ақылдыға сын айтқаны сияқты кезекті оқиғалардың бірі демекпін.

«Қайрат Нұртас мешіт салдырып жатыр», «Қайрат намазға жығылды» деген ақпараттар жеткенде бірен-саран желі қолданушылары  болмаса, қалған әлеумет қарсы шабуылға өтті.  Сонда айтатындары – рия. Қызығы сол - адамдар өздері айтып отырған рияны тұла бойымен түсіне ме екен?.  Таң қаласың да, үнсіз қаласың. Сөз шығындағың да келмейді. Бір ғұламаның «Жақсылық үстем болмаса, адамзат өркениеті әлде қашан күйреген болар еді. Әрине, жақсылық жамандықтан үстем екенін  адамзат қоғамның бүгінге дейін жалғасып келе жатуы соның дәлелі» дегені бұлтартпас жауап. Демек жақсы қасиеттің басын жарып, көзін шығарған адам мен дәуір батпаққа батып отырған.

Айтпағым мынау, жақсы амалдарға жауықпасақ екен!

Серік Боқан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5596