Жексенбі, 24 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5101 0 пікір 13 Қыркүйек, 2016 сағат 09:22

ДАҒДАРЫСТАН ҚАЛАЙ ШЫҒАМЫЗ?

Дағдарысқа қарсы бағдарламаның он тезисі 

Құрметті отандастар! 

Мен Сіздердің назарларыңызға дағдарыстан шығудың бағдарламаны ұсынамын. Менің ойымша, бұл бағдарлама біздің елімізді үлкен жетістіктерге жеткізетін болады. 

 

1. Халық – ​ елдің қадірлі иесі. 

Қазақстанның байлығы халыққа қызмет етуі керек. Мен – мұнай мен газ өнеркәсібін, алюминий өнеркәсібін және түсті металлургияны ұлттандыруды ұсынамын. Осы бір ғана шара бірнеше есеге бюджеттің кірісін ұлғайтады. 

Негізгі банктерді, электр энергияны өндіретін саланы, темір жол саласын, байланыс саласын, сондай-ақ, қорғаныс өнеркәсібі компанияларын ұлттандыру қуатты мемлекеттік секторды құруға мүмкіндік береді. Бұл шара шетелдік капиталға Қазақстанның тәуелділігін азайтуға мүмкіндік туғызады. 

Ұлттандыру, елдің дамуына жоспарлы сипат береді, әлемде біздің еліміздің бәсекелестік мүмкіндіктерін кеңейтеді. «Стратегиялық жоспарлау туралы» заң қабылдау қажет деп ойлаймын. Бірақ бұл тек бірінші қадамдар болып табылады. Экономика тұрақты және тиімді жұмыс істеу үшін, экономикада тактикалық және стратегиялық жоспарлау болуы тиіс. Бұл шараны орындау үшін, тиісті мемлекеттік орган құрылуы керек. 

 

2. Экономика жағынан егеменді Қазақстан. 

Біздің экономикалық егемендігімізді қалпына келтіретін уақыт келді. Қазақстан Республикасының ұлттық банкі еліміздің экономикасын және әлеуметтік саласын дамыту ісіне адал қызмет етуі тиіс, яғни, арзан және ұзақ мерзімді несиелер арқылы отандық экономиканың дамуын ынталандыру керек деп білемін. 

Банк жүйесін бақылауға алу және шетел валютасымен операциялар жасауды мемлекеттік бақылауға алу шетелге капиталды тоқтаусыз әкетілуін тоқтатады. Соңғы жылдарда ол Қазақстан экономикасына теріс әсер етеді. 

Мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымынан Қазақстанның шығу мәселесін шешуге дайынмын. Жаңа билік басқарудың озық түрлерін пайдаланып,  шағын және орта бизнесті дамытып еліміздің экономикалық егемендігін нығайтады.  

Менің дағдарысқа қарсы жоспарым халықтық және ұжымдық кәсіпорындарды барынша қолдауды қамтамасыз етеді. Ол отандық тауар өндірушілерді жүйелі протекционистік шаралар арқылы қорғауға бағытталған. Отандық тауар өндірушілерді қорғау керек және олар протекционистік шаралар арқылы қорғаланатын болады. 

Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы тағы бір шараны қолдауға болады ол деофшоризация. 

 

3. Индустрия. Ғылым. Технологиялар. 

Өңдеу өнеркәсібінің үлесі ішкі жалпы өнімде 70-80 пайызға дейін артады. Германияда, мысалы, бұл үлес - 83 пайыз. 

Қазақстанға ең соңғы ғылыми жаңалықтар мен жоғары технологияларға негізіделген қуатты және заманауи индустрия қажет. Оның ең негізгі салалар осы салалар болуы тиіс: микроэлектроника, робототехника, станок құру саласы, ауыл шаруашылық техниканы жасау саласы, автомобиль жасау саласы. Тек сонда ғана біз бұл дүниеде үлкен жетістіктерге жететін боламыз. Біз «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды қабылдауымыз керек, бұл заманның талабы. Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіпке қолдау қажет. 

ХХІ ғасырда ғылымды жаңғыртпай индустрияландыруды жүзеге асыру мүмкін емес. Отандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруын бірнеше есеге көбейту керек. Ғылыми зерттемелерді жүзеге асырып жатқан ұйымдардың ішкі жалпы өнімде үлес салмағын 30 пайызға дейін көтеру керек. Бұл болашаққа жасалған инвестициялар болады. 

 

3. Дамыған ауыл – берекелі, әрі ауқатты Қазақстан. 

Қазақстанның жері өз халқын асырай алады және бұған қоса тағы 50 миллион адамды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ете алады. Қазақстанда көп жер пайдаланбайды. Мемлекет ауылға көңіл бөлетін уақыт келді. Қазақстан сонда ғана берекелі болады. Қашан ауылда ірі ауыл-шаруашылық өндірістер, әлеуметтік инфрақұрылым, тұқым өсіру шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация жүйесі қайта дамытылады? Ауылдың энергоқаруландыруын бірнеше есеге көтеру керек, яғни ауылды жаңа тракторлармен, комбайындармен және автокөліктермен қамтамасыз ету керек. Әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру дегеніміз бұл ауылдарда мектеп, балабақша, фельдшерлік – акушерлік пункт, мәдениет үйі мен стадион болу керек деген сөз. Сонымен қатар, ауылдық округтардың газдандыру деңгейін ары ғарай көтере беру керек, ауылда жарық, интернет, электрқуат пен тас жолдар болу керек. Менің ойымша, агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бағдарламада жеміс-жидектер мен көкөністерді консервіде өндіру шараларын ерекше бөліп жазу керек, негізінде біз ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге көбірек көңіл бөлуіміз керек. 

Мал шаруашылықты, қой өсіру, ірі қара мал шаруашылығын, түйе шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, құс шаруашылығын және тағы басқаларды ерекше тармақпен белгілеп мемлекет арқылы көмек көрсетілу керек, сонымен қатар ветеринария саласын қалпына келтіру керек. 

Балық өнеркәсібі мен ара шаруашылығына да мемлекет көңіл бөлу керек деп білемін. Майлы дақылдарды да өсіруді жолға қойып, бұны да мемлекет қолға алу керек. 

Бұның бәрін біз екі шартты орындайтын болсақ жүзеге асыруға болады. Біріншіден егер де агроонеркәсіптік кешенді қолдау үшін біз бюджеттік шығындардың кем дегенде 10 пайызын жұмсауға дайын болуымыз керек. Екіншіден біз диқандар мен фермерлік шаруашылықтарды қолдап, ірі ұжымдық шаруашылықтар мен кооперацияны қайта дамытуға тиіспіз. Ірі шаруашылықтар бұл орнықты шаруашылықтар, олар тез азық-түлік нарығының өзгерістеріне бейімделеді. 

 

5. Кредиттік ресурстарды еліміздің дамуына пайдалану. 

Біз Ұлттық қордың қаражатын және Зейнетақы қордың қаражатын еліміздің экономикасын жандандыруға пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Бүгін Қазақстанда көлік инфрақұрылымды дамыту керек, яғни біз жаңа теміржолдар мен кәсіпорындарды салуға көбірек қаржы бөлуіміз керек, осыған Ұлттық қордың қаражатын және зейнетақы қордың қаражатын пайдалануға болады. 

 

6. Бағалар мен тарифтерді бақылауға алу керек

Мемлекет отын, дәрі және қажетті тауарлардың бағаларын бақылауға алуға тиіс. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қызметтеріне төленетін шығындар отбасы табысының он пайызынан аспау керек. Үкімет электрқуаттың, отынның, көлік тасудың тарифтерін реттеуге міндетті. Экономикалық дамудың және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаттарының ең маңызды факторлары осы.  

 

7. Салықтар: әділеттік пен тиімділік. 

Мен қосылған құн салығын біртіндеп алып тастауды ұсынамын, өйткені ол отандық өнімдерді қымбаттатады, олардың бәсекелестікке қабілеттілігінен айырады және инфляцияны қоздырады. 

Елімізге жеке тұлғалардың кірістеріне прогрессивті салық керек, бұл салық Қытайда, АҚШ-та, Германияда, Францияда бар және басқа елдерде де тиімді жұмыс істеп жатыр. Жеке тұлғалардың кірістеріне салықты азайту керек, ал ең нашар тұратындар бұл салықты мүлдем төлемеуге тиіс. Бұл шешімдер бір жақтан әділетті, екінші жағынан бюджетке қосымша кірістерді қамтамасыз етеді.  

Спирт ішімдіктерді өндіретін өндіріс ерекше сала. Бұл салада мемлекеттік монополия керек. Бұл шара мемлекеттік бюджетке қосымша табыс әкеледі, ал азаматтарымызды уланудан қорғайды. Негізінде, мемлекетімізде күн көріс бюждеттің орнына, даму бюджеті пайда болады. 

 

8. Адамдар мемлекеттің ең басты құндылығы 

Мектепке дейін білім беру жүйесі қайтадан жұмыс істеуге тиіс. Жоғары және орта білім берудің сапасын және қолжетімділігін кепілдендіру керек. Біз кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін қалпына келтіріп, техникалық пен педагогикалық жоғары оқу орындарының беделін жаңғыртуымыз керек деп білемін.    

Билік халықтың әл-ауқат деңгейін көтеруге тиіс. Мен әлеуметтік теңсіздікті нығайтатын шешімдерге заң жүзінде тыйым салуды ұсынамын. Ішкі жалпы өнімнің 7 пайызын ғылымға жұмсалады, тағы 7 пайызы білім саласын дамытуға, ал денсаулық сақтау саласын дамытуға тағы 7 пайыз бөлінетін болады. Біз жастарға алғашқы жұмыс орынды және басқа қолдау түрлерін кепілдендіретін боламыз. Балалар мен аналарға, мүгедектер мен қарияларға ерекше көңіл бөлінеді. Керекті заңдар пакетін тез қабылдау керек. 

 

9. Мықты ел — қауіпсіз өмір. 

Мемлекет адамдарға қызмет етуге тиіс. Басқарудың тиімділігін арттыру өте маңызды болып тұр, ол үшін халықтың өз-өзін ұйымдарстыруын қолдау керек, шенеуніктердің іс-әрекеттерінің бақылауын күшейту керек деп білемін, сайлауда берілген өз уәделерін бұзатын депутаттарды қайтару механизмін іске қосу керек деп ойлаймын. Судьяларды, Сенат депутаттарын, жергілікті билік органдарының басшыларын халық сайлауға тиіс. 

Жемқорлық пен қылмыскерлік мемлекеттің және азаматтардың қауіпсіздігіне төнген қатер. Біз оларды жоюға арналған нақты шараларды қолдаймыз. Ірі экономикалық қылмыстарға кінәлі қылмыскерлерді абақтыға қамап дүние-мүлкін тәркілеу керек деп білемін. 

 

10. Жоғары мәдениет елі

Қазақстанның мәдениеті оның рухани жаңғыруының негізі, оның мақтанышы мен тарихи мұрасы. Кез келген азамат мәдени жетістіктерді көбейте алатынына жағдай жасалу тиіс, ол жазушылар мен композиторлар, режиссерлар мен кинематограф, жоғары оқу орындар мен мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары.  

Билік мұражайлардың, театрлардың, көркем галереялардың, филармониялардың, мәдениет үйлердің, кітапханалар мен мұрағаттардың қамын ойлау керек. Ұлттың рухани-адамгершілік денсаулығы оның физикалық дамуымен біріктірілген болуы тиіс, яғни балалардың және жасөспірімдердің спорт мектептеріне және шығармашылығына мемлекет ерекше көңіл бөлу керек деп білемін. Қазақстанның дарынды азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілу керек деп ойлаймын.  

Досымқұлов Рүстем Мүсілімәліұлы 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650