Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2640 0 пікір 25 Қазан, 2016 сағат 23:27

Мал бақсаң - өрістіде бақ

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылық секторы қарқынды дамыған. Соның ішінде Ауылшаруашылығының бір саласы саналатын мал өрістерінің де күйі келіп тұрғандығы туралы осыған дейін хабарлаған ек.

Шөлдi аймақтың жем-шөп шаруашылығын дамытуда көп қаражат қажет етпейтiн шаралардың бiрi – жайылым жүйесiн енгiзу. Бұл шараны iске асырудың жолы – мал жаятын жердi маусымға сәйкес кезектестiрiп отыру. Бұл белгiленген танаптар мен өрiстердi демалдыру үшiн тиiмдi. Бiздiң ата - бабаларымыз жылдың төрт мезгiлiнде де көшiп-қонып жүрiп жайылымды пайдаланудың айналымын сақтаған. Мысалы, көктемде малды тау баурайына жайса, жазда Бетпақдала, Арқа төсiне қарай айдаған. Күз түсе құм жиегiндегi «шабырға» ауысып, мал қоңданған кезде күйекке түсiрген, қыста құмдағы қыстақтарда қыстаған. Кешегi малмен айналысқан көп совхоз аумақтары да осы қағидамен белгiленген болатын. Жайылымды тиiмдi пайдалану үшiн жыл сайын су көздерi жаңартылып, суландыру мәселесi жүйелi түрде iске асырылған. Мұның өзi малды жақын және шалғай жайылымдарда ұстауға мүмкiндiк берген. Бүгiнгi қалыптасқан жағдайда шаруалардың көшiп-қону мүмкiншiлiгi жоқ, өздерiне бекiтiлiп берiлген аумақтарындағы жайылымда ғана жайып бағады. Мұндай жайылымдар негiзiнен су көздерi бар алқаптарда шоғырланған. Есесiне, суы тапшы шалғай жатқан жайылымдардың пайдаланылуы төмен. Сондықтан бұл жерлерде бұрынғы құдықтар мен су көздерiн қайта қалпына келтiрiп, пайдалануды қолға алу қажеттiлiгi туындап отыр.

Ауыл айналасындағы жайылым алдымен жұртшылық шаруашылығындағы мал басының бiраз бөлiгiн көктем, жаз, күз айларында шалғай жайылымдардан арнайы бөлiнген алқаптарда бағу, қыста қолда ұстау iс-шарасын жүзеге асыру қажет. Екiншiден, ауыл маңындағы жайылым көлемiн ұлғайту мәселесiн шешу керек. Осы орайда, облыста қолға алынған тәжiрибе айтуға тұрарлық. Бұрын орман шаруашылығы ұжымдарына қарасты сексеуiл алқаптарында мал жаюға тыйым салынған болатын. Кейiнгi кезде сала қызметкерлерiнiң жiтi бақылауымен сексеуiл алқаптарын мал жаю үшiн жалға беру iс-шарасы жүзеге асырылуда. Мұның өзi осы облыстағы Отырар, Арыс, Шардара, Созақ аудандарының бiраз мал басын құмды алқаптарда ұстауға мүмкiндiк берiп, ауыл айналасындағы жайылымдарға салмақ азаюда.

Қазiргi қалыптасқан ғылыми тұжырымдарда ауыспалы жайылым жүйесiн енгiзу үшiн шаруа қожалығының аумағында әртүрлi өсiмдiктер қауымдастығынан тұратын кемiнде екi жайылым түрi болуы тиiс.

Бүгiнгi таңда өсiмдiк қауымдастығының қоршаған ортаның келеңсiз әсерiне тұрақтылығы оның құрамының алуан түрлiлiгiне және бай болуына байланысты екендiгi белгiлi болып отыр. Осы ретте жайылымды шұрайландыру iсiнде тiршiлiк түрi әртүрлi малазығындық өсiмдiк түрлерiн пайдаланып, аралас екпе жайылым жасау маңызды. Осы мақсатта институттың жайылым және мал азығын өндiру бөлiмiнiң қызметкерлерi елiмiздiң шөл-шөлейт, далалы аймақтарында өсетiн малазығындық өсiмдiктердiң түрлерiн жинаумен қатар алыс-жақын шетелдерден тұқым алып зерттеу жұмыстарын жүргiздi. Бүгiнде жазық шөлде орналасқан «Бақтыөлең» тәжiрибе жайында және тау етегi жазығындағы физиологиялық кешенiнде малазығындық өсiмдiктердiң 45-тен астам ботаникалық түрлерiнiң 400-ге жуық үлгiсi өсiрiлуде. Олардың экологиялық-биологиялық ерекшелiктерi зерттелiп, шаруашылық құндылығы анықталуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636