Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3309 0 пікір 3 Қыркүйек, 2010 сағат 05:56

Сәкен Бозаев. Ізбасар ұрпақ өресі биіктерге қарап бой түзейді.

- Атағын шығару үшін теңіздің тереңіне бөгет салдыртып, үстіне арал жасатқан, тауды тегістетіп, тегіс жерге тау тұрғызған билеушілерді тарихтан білеміз. Сонау орта ғасырда билік еткен қытайдың сыңар көзді бір императоры өз төңірегіне өңкей сыңар көзділерді жинап, көзі түгелдерге ыңғай танытпапты. Императорға жағуға тырысқандар сау көзін қысып жүретін болыпты. Сол көз қысқан жандайшаптары  императорды көргенде бір көздеріңді қысып тұрыңдар деп халыққа тәртіп берсе керек.  « Ханың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген нақыл сөз бен « соқырларға сыңар көзділер де қолбасшылыққа жарап жатады» деген тіркестер сол кездегі көршімізден қоныс аударса керек. Басы таз королі жасанды шаш кигендіктен  ағылшын ақсүйектері түгелдей парик киген кездер де болды.. Бұндай құқайлар жасаудан жаңа ғасыр билеушілері де кем түспей жатырғанына дәлел жеткілікті.

- Атағын шығару үшін теңіздің тереңіне бөгет салдыртып, үстіне арал жасатқан, тауды тегістетіп, тегіс жерге тау тұрғызған билеушілерді тарихтан білеміз. Сонау орта ғасырда билік еткен қытайдың сыңар көзді бір императоры өз төңірегіне өңкей сыңар көзділерді жинап, көзі түгелдерге ыңғай танытпапты. Императорға жағуға тырысқандар сау көзін қысып жүретін болыпты. Сол көз қысқан жандайшаптары  императорды көргенде бір көздеріңді қысып тұрыңдар деп халыққа тәртіп берсе керек.  « Ханың соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» деген нақыл сөз бен « соқырларға сыңар көзділер де қолбасшылыққа жарап жатады» деген тіркестер сол кездегі көршімізден қоныс аударса керек. Басы таз королі жасанды шаш кигендіктен  ағылшын ақсүйектері түгелдей парик киген кездер де болды.. Бұндай құқайлар жасаудан жаңа ғасыр билеушілері де кем түспей жатырғанына дәлел жеткілікті.

- Батыс жұрттары дарындылары мен таланттары ұлт қазынасы саналып, мемлекет арбасына жегіліп жатқанда, даланың дарындылары мен ойшылдары сал-серілік, ән-күй мен  сөз өнері төңірегінде жүрді. Дала заңына лайықталған дәстүр бойынша мемлекеттік іске хандар мен төре тұқымдары ғана тартылып, қарадан шыққан билері мен бектері кеңесшіліктен аса алмады. Патшалық Ресей 19 ғасырдан бастап  елдің дарындылары мен талант иелерін ел басқару ісіне тарта бастауы отарлау мақсатында жүргізілді. Дала шонжарларын сойылдан шенге көшіріп, Құнанбайларға ел басқартып, Алшынбайларға билік айтқыза бастағаны да осы кезең.

-  Қалың  қазақтың қамы үшін болыстық сайлауға түскен Абайдың, ғылым мен ағарту жолына қадам жасаған Шоқанның жолы бола қойған жоқ. Алайда орыс ойшылдарымен араласып, білімін жетілдіріп, тарландарша түлеген Абайдың сөзі қазақ даласына тарап, халқы айбарлы Абайын қадір тұтты. Ақылдылығы мен алғырлығы, парасаттылығы мен ойшылдығы арқылы орыс ұлықтарын да таңдандырып, билеуші қауыммен аралас-құралас та болды. Уездің әкімдерін менсіне бермейтін Абай отырған ортаға болыстар баса көктеп кіруге бата алмаған. « Орта жүз Абай қойған атын баптай, үйіне ояз кірмес жауап қатпай» деген өлең жолдары бекер айтылмаған. Сырттан келген бөгде жұрт өкілдері Абайды «Қазақтың ханы» деп танығаны, Шоқанды Петербургта «шаҺзада» деп атағаны белгілі. Патшаның қабылдауында болып, маңдайын патшаға сүйгізген Шоқанға, жат жұрт өкілдерінің қазақтың  ханы деп таныған  Абайға достары сүйсінсе, дұшпандарының іші күйгені шындық.  Шоқан өмірінің қысқа болғанына себепкер болғандар мен Абайға қамшы көтергендер өзге емес, өз жұртының надан шонжарлары. Ұлыларға өшіге қарайтын оразбайлардың озбырлығы, батыраштардың балтасы қайраулы тұратыны әріден бар. Арғы ата-бабаларымыз Сақтардан шыққан даланың данасы Анахарстың надан шонжарлардың опасыздықпен атқан садақ оғы тиіп, өлім аузында жатқанда айтқан «сырт елде жүргенде маған ақылым қорған болып еді, өз елімде қызғаныштың құрбаны болдым-ау», - дегені осыған куә.

- Дарындыларын қаңбақша қуған қара заманда ғұмыр кешкен айтулы тұлғалардың қайнаған қаны мен қиналған жанын, тұңғиық мұңы мен намысқа тартқан наласын кейінгі ұрпаққа қалдырды. Олардың ой ұлағаттары мен биік мәдениеті, табиғи дарындары ұлт еншісіне айналды. Бір ғана формацияның ауқымында қалып қоймайтын тұңғиық сырлары жаңа дәуірмен бірге ашылып өз бағасын алса жақсы. Қазір ұлтымыздың дарындылары мен талант иелерінің жолы ашылуына мүмкіндік жасалуы керек еді.. Қоғамдық өмірдегі гегемондық ролді саяси жетекшілер емес, дарынды талант иелерінің жасайтынын жаңа  ғасыр тарихы дәлелдеді Қай елдің озық, қай елдің тозық екенін білу үшін дарынды тұлғаларына қарайды. Талантты ұл-қыздарына иек артқан елдің даму дәрежесі де ілгері. Өресі биік тұлғаларына қарап, ізбасар ұрпақтары өседі., бой түзейді, тәубаға келеді. Таланттыларын қадір тұтып, бойында бұғып жатқан қабілеттерінің жан-жақты ашылуына жағдай жасап, ойының азат болуын қамтамасыз ету оңайлықпен іске асып  жатыр дей алмай отырмыз.

- Таланттар бабы келсе тасты да жарады, ел абройын асырып, көк туымызды әлемдік деңгейде желбірете алады. Қазіргі іс басында жүрген азаматтарымыз арасында талант иелері баршылық. Тек таланттарына адамшылығы сай болса дейсің. Білімі даусыз, ақылы да жетерлік болса да айтуға тиістіні айта алмайды, істеуге тиістіні істей алмайды. Бәрін біліп, көріп отырса да қандарына сіңген жасқаншақтық тұсау болуда. Желдің соққан ығына қарай жапырылып, жабық есікті ашуға батылы жетпейді.  Тойған соң тонын теріс айналдырып  алып жүргендері де бар. Қайсыбіреулері жиғанын  ала  шетке қашып жатыр.

- Жұртшылық билік төңірегінен осындай олпы-солпыларды емес, «сегіз қырлы, бір сырлыларды»  көргісі келеді. Жеп қалу мен басып қалудың мамандарын адал сүт емгендермен ауыстыруын қалайды. Белгілі бір топтың сойылын соқпай, елдің қамын күйттейтін милы бастарды көргісі келеді.  Дарынды да талантты азаматтарымыз өз орнын тапса, елдің бағы жанып, тәуелсіздіктің тәтті дәмі мен қадірін қалың жұртшылық  та сезінер еді.

 

Сәкен Бозаев  Құлсары қаласы, Атырау облысы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354