Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2772 1 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 14:05

Шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетілмек

Оңтүстік Қазақстан облысындағы санаулы ірі сүт фермаларының бірі  Арыс қаласындағы «Қазына жер LTD» серiктестiгi. 2011 жылы құрылған серiктестiкте бүгiнде 800  iрi қара бағылады. Төлiмен қосқанда мыңнан асып жығылады. Оның 500-ге жуығы сауын сиыр. Заманауи техниканың көмегiмен күнiне 10 мың литр сүт сауылады. Яғни мұндағы әр сиыр 20 литрден сүт бередi. Алынған сүт күн сайын «Алтын дән» және «Фудмастер» зауыттарына жөнелтiледi.

Арысқа жұмыс барысымен барған облыс басшысы аталмыш сүт фермасының жұмысымен танысып, келешекте кешен аясында арнайы база қалыптастыру қажеттiгiн ортаға салды.

— Сиыр — күтiмi келiссе, пайдасы көл-көсiр түлiк түрi. Сүтiнiң өзiнен қаншама өнiм өндiруге болады. Жасыратыны жоқ, қазiргi тұтынып жүрген ағарған түрлерiнiң денi шетелден келедi. Соны неге өзiмiзде өндiрмеске?! Сондықтан мұндай iргелi фермаларды әр аудан, қалаларда қолға алуымыз қажет. Ол үшiн осында арнайы семинарлар ұйымдастырып, бұл кәсiппен айналысуды құптайтын кәсiпкерлерге бағыт-бағдар берумiз керек, — дедi аймақ басшысы.

Отырар ауданында жалғасқан облыс әкiмi Жансейiт Қансейiтұлының сапары алдымен Темiр ауылындағы «Агро-Азия» серiктестiгiне қарасты жүгерi өңдеу кәсiпорнының ашылу рәсiмiне жалғасты.

— Өздерiңiзге белгiлi, бұл аудан Кеңестер Одағы кезiнде жүгерi өсiруден республикада алдыңғы орындардан көрiнетiн. Әйтсе де бұл үрдiс кейiнгi жылдары үзiлiп қалғандай едi. Отырарлықтар игi дәстүрдi қайта жалғастырып, биыл 27 мың тоннадан аса жүгерi жинап отыр. Ендi келген ырысты шашпай-төкпей жаңа кешенде өңдеп, игiлiкке жұмсау қажет, — дедi өңiр басшысы.

Қуаттылығы 10 мың тонналық кешенде жүгерiден 17 түрлi өнiм шығарылады. Жергілікті 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған кәсiпорын алдағы уақытта өнiмдерiн Қытай, Иран елдерiне экспорттауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Отырар ауданындағы «Отырар Ет-Сүт» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативi ет пен сүттен бөлек, шұбат өндірумен айналысатын бірегей кәсіпорын. Бүгінде 67 шаруа қожалығының басын бiрiктiрiп отырған «Маяқұм» атауымен белгілі шұбат өндiретін кооперативте 700-ге жуық түйе, 90  сиыр бар. Iргелi ұжымның өнiмi елiмiздiң алты облысында саудаланады. Облыс әкiмi кооперативтiң шұбат өңдеу цехын аралап, жұмысшылармен тiлдестi. Шұбатты ұнтақ түрiнде шығаруға ниеттенiп жатқан кооператив басшысына облыс тарапынан жан-жақты қолдау көрсетiлетiнiн жеткiздi.

Өңiр басшысының киелi аймаққа жасаған жұмыс сапары аудан активiнiң мәжiлiсiнде қорытындыланды. Отырардың 10 айдағы әлеуметтiк-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстары мен өзектi мәселелер жөнiнде аудан әкiмi Е.Айтаханов баяндама жасады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415