Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2673 0 пікір 12 Қыркүйек, 2010 сағат 13:40

Қалдархан ҚАМБАРҰЛЫ. КИIЗ ҮЙДIҢ КИЕСI БАР, ИЕСI ЖОҚ...

АҚШ-тың талай жерiн шарлаған бiр әрiптесiм әңгiмелерiн айтып отыр. Мен тыңдап отырмын. Бiр кезде: "...янкилер пәле ғой, қай штатқа барсаң да, қаз-қалпында сақталған баяғы ковбойлар (ағыл. cowboy, cow - сиыр және boy - жiгiт) заманындағы шағын қалашықтар алдыңнан шығады. Американдық вестерн жанрындағы фильмдердегi "салундар", есiгi екi жаққа айқара ашылатын "виски барлар", көшеге асфальт орнына төселген ескi тақтайларды сол қалпында қалдырған. Бейне бiр "Жабайы Батыс" заманына қайта оралғандай әсерде боласың" дедi. Әрi қарай ойланып кеттiм. Бiздiң елiмiзде көне заман түгiлi, кешегi 70 жылдан аса өмiр сүрген Кеңестiк дәуiрден де ешнәрсе естелiк болып қалмапты...

Осыдан он жыл шамасы бұрын Алматыға келген француздың әйгiлi актерi Пьер Ришар мұңайып: "Номадтардың түйе қомдап, жылқының жалында ойнаған тұрмысын көремiн бе деп келсем, мұндағы көшпендiлердiң ұрпағы да тас үйлерге қамалған дәрежеге жетiптi ғой" деген едi. Оның сөзiнiң астарын түсiнбеген журналистердiң: "Бiздер де өркениеттi ел болдық" деп маңғазданғаны есiмде.
Қазақта "ескiнiң сарқыншағы" деген жаман әдет бар. Ескiрген нәрсенi бiржолата талқандап тастайды. Тiптi, сондай екпiнмен - 30-40 жыл бұрын домбыраны да санаттан сызып тастай жаздағанымызды бiр Құдай өзi кешiрсiн. Бiрақ киiз үйдiң пешенесiне домбырадан да ауыр тағдыр жазылыпты.

АҚШ-тың талай жерiн шарлаған бiр әрiптесiм әңгiмелерiн айтып отыр. Мен тыңдап отырмын. Бiр кезде: "...янкилер пәле ғой, қай штатқа барсаң да, қаз-қалпында сақталған баяғы ковбойлар (ағыл. cowboy, cow - сиыр және boy - жiгiт) заманындағы шағын қалашықтар алдыңнан шығады. Американдық вестерн жанрындағы фильмдердегi "салундар", есiгi екi жаққа айқара ашылатын "виски барлар", көшеге асфальт орнына төселген ескi тақтайларды сол қалпында қалдырған. Бейне бiр "Жабайы Батыс" заманына қайта оралғандай әсерде боласың" дедi. Әрi қарай ойланып кеттiм. Бiздiң елiмiзде көне заман түгiлi, кешегi 70 жылдан аса өмiр сүрген Кеңестiк дәуiрден де ешнәрсе естелiк болып қалмапты...

Осыдан он жыл шамасы бұрын Алматыға келген француздың әйгiлi актерi Пьер Ришар мұңайып: "Номадтардың түйе қомдап, жылқының жалында ойнаған тұрмысын көремiн бе деп келсем, мұндағы көшпендiлердiң ұрпағы да тас үйлерге қамалған дәрежеге жетiптi ғой" деген едi. Оның сөзiнiң астарын түсiнбеген журналистердiң: "Бiздер де өркениеттi ел болдық" деп маңғазданғаны есiмде.
Қазақта "ескiнiң сарқыншағы" деген жаман әдет бар. Ескiрген нәрсенi бiржолата талқандап тастайды. Тiптi, сондай екпiнмен - 30-40 жыл бұрын домбыраны да санаттан сызып тастай жаздағанымызды бiр Құдай өзi кешiрсiн. Бiрақ киiз үйдiң пешенесiне домбырадан да ауыр тағдыр жазылыпты.
Таяуда жазған бiр мақаламда: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының сипаттамасында: "Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Көгiлдiр түс аясында шаңырақты айнала күн сәулесiндей тарап уықтар шаншылған..." деп жазылған. Бәрi де дұрыс. Үйлесiмдi-ақ. Ата-бабаларымыз жаугершiлiкте киiз үйлерiнен айырылса да, шаңырақтың киесiнен сескенiп, оны өздерiмен бiрге тастамай алып жүрушi едi. Сөйтiп жүрiп, бүгiнгi қазба байлыққа толы кең-байтақ жердi бiздерге аманат етiп қалдырды. Өткен ғасырдың басында қазақтың сұлтандары Ресейдiң "ақ патшасына" алтын киiз үйдi барлық жасауларымен тарту ететiн. Ондағысы жағымпаздық емес, өзгеше өрнегi бар ел екенiн көрсеткен жасампаздығы едi. Бүгiнгi күнi Қазақстанға келген шетелдiк қонақтарымызға сол ата дәстүрiмiздi жаңғыртып, неге киiз үйiмiздi тарту етпеске! Әлде жаужүрек көшпендiлердiң ұрпағы екендiгiмiздi қорсынатын қоян жүректiк дәрежеге жетiп қалдық па?
Кеңес дәуiрiнде Үштөбедегi киiз үй зауыты жыл сайын жиырма мың киiз үй шығаратын. Қазiр елiмiзде жылына жиырма киiз үй жасала ма, жасалмай ма, белгiсiз. Бiрақ, Құдайға шүкiр соңғы уақытта шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатындардың киiз үйге деген қызығушылығы артып келедi. Тек соған мемлекет тарапынан сәл жәрдем берiлсе, бәлкiм киiз үйдiң киесi мен қадiрi қалпына келiп қалар. Бұл бөлек мақаланың тақырыбы болғандықтан, әрi қарай бойламай-ақ қоялық..."
деп тоқтаппын. Ендi бүгiн сол мақаланың жалғасын жазудың сәтi түсiп отыр.
Жалпы киiз үй туралы жазылмай жүрген жоқ. Жазылып та, айтылып та жүр. Бiрақ жаңғырық сияқты жартасқа соғылып, "к-и-i-з ү-й-й-й" деп барып, естiлмей кетедi. АҚШ-тағы ковбойлар қалашығы сияқты, киiз үйден тұратын қазақы ауылға - Астананың, Алматының, қала бердi ниетiне қарай әрбiр облыс орталығынан төрiнен орын беруге болады. Олай етуге бiздерге не кедергi болып тұр. Ешнәрсе де. Қазiр құдайға шүкiр, өзiмiз би, өзiмiз қожамыз. "Мыналарың не?" деп жоғарғы жақтан нұқитын ешкiм жоқ.
Қырық жыл бұрын "жұтаң" бюджетпен түсiрiлген "Қыз Жiбек" фильмiнде - киiз үйлер керемет насихатталды. Тiптi Хан Ордасын да киiз үйден көздiң жауын алатындай етiп жасағаны соншалық, нақышы әлi күнге көз алдыңнан кетпейдi. Соңғы рет киiз үйлердiң ауылын - Абайдың 150 жылдық әлемдiк деңгейде өткен торқалы тойында көрдiк. Ұлттық нақышымызды көре алмаған, бiз тiлдi өзге ұлттың журналистерi "киiз үйдiң iшiне унитаз орнатыпты, сонда баяғы заманда да солай болған ба?" деп мысқылдады. Сол-ақ екен, "тарс" кеттiк те, бұл мәселеге қайтып оралмадық. Соның ызасы ма қайдам, "Көшпендiлер" фильмiнде қазақтар киiз үйлерiн түйелерге артып жүрiп емес, тарихи шындықтан ауылы алыс, кесектен жасалған Түркiстан қамалында соғысады. Бiрақ әйгiлi фильм түсiрiлiп болған соң - бiр-екi киiз үйдiң "қолды" болғаны жазылды. Ұрлықшылар ұрлағысы келсе, басқа қымбаттау нәрсе табылмады дейсiң бе? Олардың киiз үйдi ұрлап қашуының түбiнде жүректi сыздатқан сағыныш жатқанын сот ағайындар ажыратты ма екен. Әй, қайдам! Соншама ақшаны ысырап қылған соң, сол фильмнiң iшiнде киiз үйдi де насихаттап кететiн бiр-екi сюжет табуға болар едi. Бiрақ фильмдi тiлi, дiлi бөлек жат жерлiктер түсiрген соң солай болды!? Жарайды, болар iс болды, бояуы сiңдi.
Осы мақаламды "SOS" деген айдармен кезектi ұсыныс ретiнде жазғым келiп отырған жоқ. Ақыры жазған соң, Қалтай ағамыз айтқандай: "маса мұрнын тыға алмайтын етiп", жоғарғы билiктегiлерге де, қатардағы кәсiпкерлерге де "ендi ол олай ғой, ендi бұл бұлай ғой" деген сылтау айтып бұлтаруға жол бергiм келмейдi. Сол себеппен сонау 1985 жылдардан берi хал-қадiрiмше жинаған жеке архивiмдегi "киiз үйге қатысты деректердi" келтiрiп отырмын. Ақжан Машанов атамыз, А. Құралұлы, Ғ.Ақпанбеков сынды ағаларымыз киiз үйдiң ғажайып қасиетiн халқымызға қайта танытуға бар ғұмырларын сарп еткенiн баса айту керек. Есiл еңбектерi зая кетпегей деп тiлейсiң қамыққанда.
Iштегi ренiш таусылмайды. Суыртпақтасаң шыға бередi. Бiрақ киiз үйге нақты тоқталып, астрономиялық тұрғыдан анықтама, оның түрлерi, қаңқа-құрылысы, жиһазының атаулары мен оны қазiргi кезде қандай технологиялық жолмен жасауға болатыны т.б. жөнiнде нақты нұсқаулар мен ескiлiктi амалдар жөнiнде әңгiме қозғалық.

ҚАЗАҚЫ КИIЗ ҮЙДIҢ АСТРОНОМИЯҒА ҚАТЫСЫ
Ежелгi қадым замандардан бастап көшпелi тұрмыс кешкен халқымыздың тек астрономия саласында ғана емес, сонымен қатар геометрия, математика, физика, химия тәрiздес т.б. ғылымдардан да мол хабары болғандығын кәдуiлгi қазақы киiз үйдiң құрылысы мен құрал-жабдықтарынан көре аламыз. Өздерiнiң өмiрлiк тәжiрибелерiндегi бiлiмдер жиынын ұдайы жетiлдiре отырып жасаған киiз үйде тұрып, барға қанағат жасап, бала-шаға өрбiткен ата-бабаларымыздың бармаған жерi, баспаған тауы қалған жоқ. Сүт пiсiрiм уақытта не құрып, не жинап алуға болатын киiз үйдiң қаңқасы мен құрылысынан көшiп-қонуға ыңғайлы жасалуын ғана емес, отбасылық расытханалық (обсерваториялық) мақсатын да көремiз. Бұл туралы Еуропа мен Ресей ғалымдары тамсана айтып жүрсе де, киiз үйде бiр күн де өмiр сүрiп көрмегендiктен, жарытымды ешнәрсе айта алмай келедi. Айта да алмайды...
Төрт бұрышты бөлмелерге қамалған қазiргi ұрпақтың ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраға қызығушылығын қалай оятуға болады? Мәселен, дәулеттi ағайындардың кез келген қалада зәулiм коттедждерi бар. Олардың ат шаптырым аулаларына қарасаң, бiр нәрсе жетiспей тұрғанын байқайсың. Жетпей тұрғаны - киiз үй. Алтынбек Қоразбаев ағамыз өз үйiнiң 1 бөлмесiне - жартылай киiз үй тiгiп қойыпты дегендi естiгенде, кейбiреулер "есi дұрыс па?" дедi. Мен iшiмнен Алтекеңе разы болдым. Егер бай-бақуатты ағайындарымыз, коттедждерiнiң жобасына тапсырыс бергенде, сәулетшiлерге мiндеттi түрде бiр бөлмесiн киiз үй формасында дөңгелек етiп жобалаңдар десе, жобалайды ғой. Бәлкiм талантты сәулетшiлерiмiз өздерi де байқамай, жоба жасау үстiнде киiз үйдiң жаңа тынысын ашуы да мүмкiн. Әзiрге бұл тек қана арман болып тұр!
Киiз үйдiң қарапайым да күрделi жұмбағын қолдағы бар материалдармен толықтырып, әңгiмемiздi ең әуелi киiз үй атаулары мен оның негiзгi сүйегi, жиһаздары, жабдықтары туралы мәлiметтерден бастауды жөн көрдiк.
Жалпы формасына зер салғанда, киiз үйдiң күрделi геометриялық беттерден тұратындығына көз жеткiзуге болады. Ендi соған тоқталайық. Киiз үйдiң сүйегi (қаңқасы) бiркелкi сәмбi талдан жасалады. Талдың жуандығы шамамен 1 тұтам. (Егер көптеп шығарылатын болса, өзiндiк құны арзан болуы үшiн қазiргi жетiлген технологияның көмегiмен қыздырып булап, сығымдап, конвейерлiк тәсiлмен жасауға болады).
1. Кереге - киiз үйдiң қабырғасы. Ол арнайы қырнап иiлген ағаштардан құрастырылады. Киiз үй жасауға қажеттi ағашты таңдап алып, қозға салып балқытып, тезге салып иедi. Ию процесiнде керегенiң басы мен аяғы сыртқа қарай шалқайтылады. Сонда, кереге желiсiнiң профилi екi кубтық парабола тәрiздi болып шығады. Желiнiң iшкi жағын сай-сай етiп қырнайды. Керегенiң iшкi жағындағы бұлайша қырналған сызықтар бiрiншiден, материалдың берiктiгiне "қаттылық қабырғасы" (ребро жесткости) ретiнде қолданылса, екiншiден, әсемдiк элементi қызметiн атқарады.
2. Желi - керегенiң әрбiр қанатын құрайды. Желiлер - 14 ерiсiнен, 9 сағанақтан, 9 балашықтан тұрады.
3. Қанат - киiз үйдiң үлкен-кiшiлiгiн бiлдiредi. Киiз үйлер негiзiнен он екi немесе алты қанат болып келедi. Олардың сағанақтарының, балашықтарының саны аспан өлшемiне сәйкес 108 болады. Құрылған керегенiң жоғары және төменгi жақтары гиперболалық параболоид тәрiздi де, ортасы эллипсоидтың бөлiгi формалы болады. Жер шарының өзi эллипсоид формалы. Ол Күндi эллипс бойымен айналады. Ортадағы ошақ Күндi бейнелейтiн эллипстiң бiр фокусы. Күн (ошақ, от) - тiршiлiк көзi, өмiр тынысы. Ендеше аспан әлемiнiң кiшiрейтiлген бейнесi - киiз үй болмақ.
4. Белдеу - киiз үйдiң сыртынан айналдыра тартылып, аспан белдеуi - зодиактiк шеңбермен әдемi үйлеседi. Алты қанат үйдiң әр керегесiнiң екi басында екi зодиактiк шоқжұлдыз. Олай дейтiнiмiз, киiз үйдiң есiгi, төрi белгiлi бiр бағыттауға қаратылып тiгiлсе, iшкi мүлiк жиһаздарының орналасуы қашанда бiркелкi. Үйге кiргенде оң жақта құрулы ши болады, оның iшiнде ыдыс-аяқ, тамақ сақталады. Ал сол жақ босағада ер-тұрман, одан жоғары ерлердiң киiмi, қару-жарағы iлiнедi. Әрi қарай жүк жиналады т.с.с. Әр нәрсенiң өзiне тиiстi орны бар. Мұның өзi зодиактiк шоқжұлдыздардың орналасуына сәйкестендiрiлген.
5. Төсектiң басы - төрге қаратып салынады. Киiз үйдiң төрi - Темiрқазық жұлдызына бағытталады. Басты солтүстiкке қаратып жату рәсiмi осыдан шыққан болуы керек. Бұл жерде солтүстiк деп - Жердiң магнит полюсiн тұспалдап отырмыз.
6. Бақан - әдетте шаңыраққа көлбей тiреледi. Ол үйдiң тiрегi. Бақанның бағыты Жердiң осiне сәйкес - Темiрқазық жұлдызын нұсқап тұрады. Ол галактика экваторының аспан экваторына көлбеу бұрышын (62 ) көрсетедi.
7. Шаңырақ - шеңбер тәрiздi тоғыннан және күлдiреуiштерден тұрады. Күлдiреуiштер парабола тәрiздi иiледi. Түндiк жабылған шаңырақтың формасын айналу параболоиды. Бұл көпшiлiк күмбездерге тән форма.
8. Түндiк - шаршы тәрiздi етiлiп жасалады да, шаңыраққа жабылғанда әлемнiң төрт бағытын көрсетiп тұрады.
9. Уық - бiр ұшымен қаламы шаңыраққа, екiншiсiмен иiнi кереге басына бекiп - үзiк, туырлықтармен жабылатын киiз үйдiң негiзгi қабырға қаңқасы. Ол өзiне түсетiн салмақты керегеге өткiзедi. Киiз үй жасаушы шеберлердiң айтуынша уық бiртiндеп иiледi, яғни түзу бөлiгiнен (қарынан) қисық бөлiгiне (иiнiне) бiртiндеп ауысады. Есептеулер уықтың тиiмдi профилi парабола екендiгiн көрсеттi. Оның қары параболаның тармағы тәрiздi. Ұзындығы үйдiң көлемiне және қанат санына байланысты 12-16 қарыс аралығында жасалады, саны 45-120 болады.
Ендi уық санына назар аударайық. 45, 60, 72, 90, 120 - бұл сандардың барлығы 360-қа қалдықсыз бөлiнедi.
Таңмен таласа басталатын қой өргiзу, сиыр сауу, бие байлау т.с.с. қат-қабат үй шаруашылығын жүргiзу белгiлi бiр уақытпен мөлшерленiп отырады. Уақыт өлшемдерiн бiлдiретiн "бие сауым", "сүт пiсiрiм", "ет пiсiрiм" т.б. сөз тiркестерiмен бiрге, күн мезгiлiн бiлдiретiн өлшемдер де қолданылған. Мысалы, "күн тұсау бойы, шiдер бойы, арқан бойы көтерiлдi" деп жатады. Бұл өлшемдер шаңырақтан түскен күн сәулесiнiң жүрген жолынан көрiнедi, уық санымен есептеледi. Басқаша айтсақ, уақытты 1-5 минутқа дейiнгi дәлдiкпен өлшейтiн күн сағаты.
Мысалы, үйдiң уық саны - 72. Әрбiр екi уықтың арасы - 360 72=5,5 -қа тең. Шамамен Күн сәулесi екi уықтың арасын - 20, үш уықтың арасын - 40 минутта, яғни бие сауым уақытта жүрiп өтедi.
Киiз үйдiң күмбез тәрiздi жасалуы, Күн тiке түсетiн беттiң неғұрлым аз, iшкi көлемнiң көп болуын қамтамасыз етедi. Сонымен қоса, киiздердiң ақ жүннен басылуы немесе үгiтiлген ақ сөңке сүйекпен борлануы (тұтас химиялық-физикалық процесстерден тұрады) - Күн сәулесiн өткiзбеу үшiн қажет. Мұның өзi жазғы шiлденiң ыстығында үй iшiнiң салқын болуына жағдай жасайды. Бұл салада қойы көп құрылық аталған - Австралия ғалымдарының тәжiрибесi мол.
Кереге жоғары жағына қарай тартыла бередi де - уық арқылы күмбезге айналып кетедi. Дұрыс тiгiлген киiз үйдiң әдемi көрiнуi оның пропорцияларына байланысты, биiктiгiнiң диаметрiне қатынасы 0,62-ге тең немесе "алтын қима" өлшемдерi. Киiз үйдiң негiзгi формасы тамаша ауа алмасу (вентиляция) қасиетiне ие. Жалпы формасының айналу беттерi болып келуi, бұрыштардың болмауы киiз үйдiң әсемдiгiн арттыра түседi. Сонымен қоса негiзгi пропорциялары өзара ғажап үйлесiм тапқан.
Егер киiз үйдiң ойша алынған диаметрiмен теңестiрiп, оның үстiне аспанның жылжымалы картасын орналастырар болсақ, бiр қарағанда бiр-бiрiмен пәлендей байланысы жоқ болып көрiнетiн екеуiнiң арасында әлдебiр ұқсастықтың бар екенiн байқай қоясың.
1. Темiрқазық (Поляр) жұлдызы дәл ортасына орналасқан солтүстiк нүкте шеңберi - киiз үйдiң шаңырағына, тiк сызылған аспан бойлықтары - киiз үйдiң уықтарына, ал көлденең сызылған аспан ендiктерi - киiз үйдiң керегесiне ұқсап шыға келедi.
2. Киiз үйдiң ортасында отырған адам шеңбердi теңдей төрт бөлiкке бөлген шаңырақ арқылы сәйкес келген жыл маусымында аспанның солтүстiк жарты шарында көрiнетiн ең басты жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды өзгермелi кезектерiмен көре алады. Бұл жағдайда:
а). Солтүстiк нүктенiң үстiңгi жағында: Кiшiқарақшы, Жетiқарақшы, Айдаһар және Цефей шоқжұлдыздары мен Темiрқазық жұлдызы көрiнсе, төменгi жағында Кассиопея, Пегас, Тоқты, Балықтар, Суқұйғыш, Ешкiмүйiз және Кит шоқжұлдыздары көрiнiп тұрады;
ә). Шығыс нүктеде: Егiздер, Орион (Үшарқар-Таразы-Шiдер), Персей, Возничий, Торпақ шоқжұлдызы мен әрине Үркер жұлдыз шоғыры көрiнедi;
б). Батыс нүктеде: Бүркiт, Лира, Аққу, Геркулес және Волопас шоқжұлдыздары көрiнедi.
3. Астыңғы ұшы керегенiң торкөзiне байланып, үстiңгi ұшы шаңырақтың шеңбер етiп иiлген белағашының арнайы тесiктерiне шаншылатын киiз үйдiң уықтары аспан жарты шарын градустарға бөлiп бақылауға өте ыңғайлы болып шығады.
Жыл маусымдарымен бiрге, қазiргi айлар да орын ауыстырған сайын бiзге көрiнетiн шоқжұлдыздардың орны да өзгерiп отырады. Мұның себебiн жұлдыздардың тұрақты орнын сақтамайтындығынан емес, керiсiнше Күн мен Күндi айналған Жердiң және Айдың осы шоқжұлдыздар арасында қозғалып жүретiндiгiнен деп түсiнуiмiз керек.
4. Астыңғы ұшы керегенiң торкөзiне байланып, үстiңгi ұшы шаңырақтың арнайы тесiктерiне шаншылатын уықтар киiз үйдiң iшiнде отырып, көрiнетiн солтүстiк аспан жарты шарын градустарға (қиықтарға) бөлiп қарастыруға қолайлы. Аспан жарты шарын 360 деп белгiлеп, оны шаншылған уық санына бөлсек, екi уықтың арасындағы градус мөлшерiн бiлуге болады. Осы мөлшер арқылы түнде - түнгi уақытты, күндiз - күндiзгi уақытты, сондай-ақ Айдың өзгермелi фазаларын ажыратуға мүмкiндiк туады.
5. Киiз үй әдетте алты қанат (қара үй) немесе он екi қанат (ақ орда) болады. Қазақстан жерiнiң климаты құбылмалы белдеуге (резько континентальный) жататындықтан жыл кезеңдерi 6 ай жаз және 6 ай қыс болып екiге бөлiнiп есептелген. Алты ай жазда халқымыз - жаз жайлауда, алты ай қыста - қыс қыстауда болған. Киiз үйдiң үш қанаты (қара үй) 6 ай жазды (наурыз, көкек, мамыр, маусым, шiлде, тамыз) немесе 2 маусымды (көктем мен жаз) қамтыса, қалған үш қанаты 6 ай қысты (қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан) немесе екi маусымды (күз және қыс) қамтиды.
6. Киiз үйдiң есiгi 7-шi қанат болып есептелмегенiмен, шеңбердiң ауқымын элпипс тәрiздi сәл сопақтау көрсетуге септiгi тиедi. Жер шары дөп-дөңгелек емес, сәл сопақтау екенiн адамзат тек ХIХ ғасырда анықтады.
Киiз үйде есiк қандай қызмет атқарады?
30 х 3 = 90 х 2 = 180 х 2 = 360 + 5 "қонақ" = 365 күн.
Яғни, киiз үйдiң есiгi жыл санатынан тыс қосылатын "бесқонақ" күндерiнiң мөлшерiн бiлдiредi. Бұл бес күннiң "қонақ" деп аталуының өзi, келген қонақтардың киiз үйге есiк арқылы кiретiндiгiмен тығыз байланысты болып табылады.
Қазiргi уақытта киiз үйдiң иiсi мұрындарына бармайтын апаларымыз бен көкелерiмiз, қала бердi жастарымыз әлi де баршылық. Егер Үштөбедегi киiз үй зауытын қалпына келтiру мүмкiн болмай, оны "нөлден" бастау қажет болса, онда ол зауытты инфрақұрылымы барынша дамыған Алматының маңынан қайта тұрғызған ақылға сыйымды болады. Бiрiншiден, озық технологиялар жетiлген, екiншiден оны меңгерген қаншама қазақ жұмыспен қамтылады. Егер ескi тәсiлмен киiз үйдi барлық жасауымен жасатқысы келген бай ағайын болса, қаншама қыз-келiншектерiмiз киiз басып, өрмек тоқуды үйренер едi. Бұл соңғы нәтижеде қазақы қол өнерiнiң қайта дамуына жол ашары даусыз.
Егер арзан бағалаған көп шығарылса - киiз үйдi сатып алғысы келетiн бай да, кедей де жетерлiк. Әсiресе, биылғыдай қапырық ыстықта, сап-салқын киiз үйде отырғанға не жетедi, шiркiн...

 

«Түркістан» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456