Жексенбі, 24 Қараша 2024
Шамшырақ 6242 0 пікір 23 Сәуір, 2015 сағат 10:28

«ЖЫНДЫ СӨЗ»

Әркім өз мамандығына қарай іс істеу керек деген пікір бар ғой. Ақымет мұны түсіндіргенде: «Өнердің бір тарауын ғана біліп соны құуда жүр деген сөз емес, әр тарауын да біл, бірақ, істеуге келгенде өзіңе қолайлысына жабыс» дейді.

Ақымет өзі осы сөзін жарыққа шығарды: Ақымет дәрігер сынықты да емдейді деген лақап бар еді, бірақ, Төбектің аяғын жаза алмады білем, Ақымет ақын, Ақымет жазушы...

Қазақ сөзін тексергенде Ақымет құдай сиақты. Шангерейдің жазғанын мақтайды, Шангерейдің:

 

                            «Құйрық атқан Құлиа,

                            Түлкідей қашқан жымиа.

                            Қараңды үзіп барасын

                            Бізден де қайран дұниа»

деген өлеңін қайта-қайта айтады.

Жалғыз өлең емес, Ақыметтің қара сөзге де мамандығы бар. Қара сөздің бастыларын да екіге бөледі.

1)    Желді сөз.

2)    Емді сөз.

Желді сөз оқыған кісіні еріксіз тартып кететұн, тілді ұстамай оқуға жеңіл келетүн сөз.

Емді сөз оқуға ауырырақ болса да түсінікті, маңызды, кісіге білім беретүн, кісінің керегіне ем болып қонатұн сөз...

Бұл екеуіне кірмейтүн кей бір сөздерді Ақымет «жынды сөз» дейді.

-         Қой, шырағым, сөздің жындысы болушы ма еді.

-         Болады.

-         Көрсетші.

-         Тыңда, - деді.

Бір газетті ала салып соқты.

«... Майдың 12-і күні ағылшын үкіметінің сыртқы іс кемесеретіне жіберген мемарондуы мен танысқаннан кейін кеңес үкіметі ағылшын үкіметіне кеңестер одағында шетке ақша жіберуді тиатұн закұн жоқтығын жалғыз ақ шетке жіберілетұн ақшаны қарап мөлшерін ғана белгілейтүнын кеңес үкіметі жұмыскер мен қара шаруа үкіметі бола тұра, кеңестер одағының мүләйендеген жұмыскері кіріп отырған кесіпшілер одағына ағылшын кесіпшілеріне көмек көрсете жіберген ақшасын бергізбей тоқтата алмайтұнын білдіреді. Және де, кеңес үкіметі ағылшын үкіметіне дұрыстыққа келмейтұн екі араны босқа қажастыратұн бірталай үкімет мүшелерінің айтып жүрген ағылшын кесіпшілеріне жіберілген ақша Кеңес үкіметі жібер деген сиақты сөздерінің дұрыстыққа келмейтүнін, екі үкіметтің арасын босқа қажастыратұн ақшаны кеңес кесіпшілері мен кеңес орталығындағы басқалармен келісіп, кесіпшілер одағының ғана жіберіп отырғанын аңғартады...»

Оқып болып ожыранып, бетіме қарады.

-         Түсіндің бе?

-         Жоқ.

-         Енді мұны нендей сөз: дейміз?..

Сасайын дедім білем, желкені қасиын дедім.

-         Міне, осындайларды «жынды сөз» деп айтады деді Ақымет. -Үкімет қаншама күш, еңбекті сарып қылып, ел еңбекшілері оқып пайдалансын, ел еңбекшілерінің көзі ашылсын деп баспа сөз   шығарды. Сол баспасөз бетінде дүниа жалшыларының қозғалысына байланысты телгірам мына түрде аударылып елдің алдына тартылса, бұдан артық не жындылық бар?

-         Тоқта жолдас, бұл жерде сөзді айыптауға бола ма? Мұны басқарып, қарап жіберетін адамды айыптау керек қой.

-         Басқарушыны айыптамақсың ғой?

-         Ия.

-  Газет жайынан түк қабарың жоқ екен ғой. Басқарушы сөздің жалпы бағытын қарар болар. Газеттің әр бөлімінің бір бір солақбандай басқарушылары болады. Сөзді дұрыстап жазу, өз бөлімін ажарландыру, бөлім басқарушыларының міндеті. Әйтпесе, бөлім бастықтарының жазуын газет басқарушы жас балалардың тетіреті құсатып түзетіп сызғылап отырса, ондай істен жеміс шығушы ма еді?!

- Бөлім бастығы болған мен қасақана істемеген шығар, білімнің таяздығы шығар, - деп күмілжиін дедім.

Ақымет тағы ызаланды:

- Тағы қаталастың. Телгырамды дұрыс аудару үшін орыс тілін жетік біліп, қазақ тіліне жазуға ыңғайы бар адам болу керек. Әйтпесе, депломы бір құлаш болған мен түсінікті сөз жазуы оңай емес,-  деді.

Мен жеңілдім. Шынында, газеттегі жоғарғы сөздің жазылуы өте ауыр. Ауыр емес-ау, мың ірет оқысаң да түсінер емессің. Тегінде бөлім басқарушысы зейінін басқа нәрсеге жіберіп отырып, ат үстінен аудара салған болар деп қортынды шығардым.

Тегінде, сөз жазушылар «жынды сөз» ден аулақ болу керек ғой деймін.

 

                                                                                                                 Сен

                                         

(«ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты жинақтан алынды. – Алматы, «Қазығұрт» баспасы, 2013. – 640 бет. Дайындаған: Кенесова Арайлым)  

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560