Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4566 0 пікір 10 Сәуір, 2015 сағат 12:15

САЙЛАУ НАСИХАТЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ

Менің пайымдауым мен дәл бүгінге дейін көзімнің тікелей жеткені – Қазақстанда сайлау науқаны мейлінше белсенді түрде жүріп жатыр. Ресми санаттағы бұқаралық ақпарат құралдары Іс басындағы Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, баламалы кандидаттарға да айрықша мән беріп отыр. Баламалы ол кандидаттардың өздерінің электронды бұқаралық ақпарат құралдары да белсенді түрде қызмет атқару үстінде.

Мәселен, ел президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың «Коммунист Казахстана» атты өзінің  дауысын, ойын, пікірін жеткізетін насихат мінбері бар. Қазақстан коммунистерінің веб-сайттары да тұрақты да қарқынды, тоқтаусыз насихаттау  ісін атқарып келеді. Өткен үгіт-насихат маусымы кезеңінде барлығы 11 мыңнан астам насихат материалдары халықтың көзі мен құлағына жеткен. Бұл өте жақсы көрсеткіш әрі байқаушылар талабы тұрғысынан алғанда да «жеткілікті» деген баға беруге болады.

Алайда, сайлау науқаны әлі де аяқталмағанына орай кандидаттарды насихаттау шаралары жалғаса береді. Сол сияқты, жергілікті жердегі сайлау штабтарының мәліметіне сүйенер болсақ, үгіт-насихат жұмыстарының сандық көрсеткіші ұлғайып, әлі де өсе түсетіні анық.

Андрей ЧЕБОТАРЕВ,

Тұңғыш Президент кітапханасының сарапшысы.

Жазып алған

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

НЕОМАРКСИЗМНІҢ БОЙ КӨРСЕТУІ – ҚАЛЫПТЫ ҚҰБЫЛЫС 

Бұл сайлаудың өзгелерінен ең басты айырмашылығы неде? Мұның алдындағы сайлауда үміткерлер саяси көзқарастарға басымдық берді, бағдарламаларына консерватизмдік шырай бергені де ақиқат. Бүгінгі сайлаудағы үміткерлердің бағдарламаларында тың саяси танымдар мен көзқарастардың жиынтығы қамтылғаны байқалады.  Н.Назарбаев еркін болмыстағы бағдарлама ұсынып отыр. Бизнес дамуына ерекше көңіл аударды, ол дегеніміз, ең алдымен жаңадан ашылатын жұмыс орны. Бұл арада ешқандай да әлеуметтік беделшілдік-популизм  белгілері байқалмады. Ол бірқатар алып бизнес жобаларының нұсқасын жасап та берді. Бұл арада ерекше назар аударатын мәселе,  бұл жолы инфрақұрылымдық жобадан гөрі, институттық бағдарламаға айрықша мән берді. Қайталап айтайын, бұл арада ешқандай да әлеуметтік популизм дақпырты жоқ. Бұған қосымша, елдегі тұрақтылық ұстанымы да сайлаушылардың көңілінен шығары хақ.

Жаңадан қосылған екі үміткеріміздің бірі – Тұрған Сыздықовтың есімі неомарксизм ілімін қолдаушы әрі антиглобализм қағидаттарын жақтаушы ретінде белгілі бола бастады. Оның бағдарламасы батыстық тәртіп пен ондағы мемлекеттік жүйені жоққа шығаруға негізделгені жасырын емес. Бұл да біздің сайлаушыларымыз үшін таңсық құбылыс.

Үшінші үміткеріміз –  Әбілғазы Құсайынов төл бағдарламасының негізгі  екі бағытымен сайлаушы назарын өзіне аударды. «Жасылдар» қозғалысының жебеушісі бола жүріп, екінші жағынан технофобияны, техникалық қауіпсіздік мәселесін алдыңғы шепке шығарды.

Марат ШИБҰТОВ,

Қазақстан Шекара аумағындағы ынты­­­мақтастық қауымдастығының өкілі.

 

МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ ҮЛКЕН СЫНАҚ АЛДЫНДА 

Біріншіден, Қазақстандағы президенттік сайлау бұл жолы кезектен тыс өткелі отыр.  Сайлаушылардың да, Орталық сайлау комиссиясының да ортақ бір мақсатқа жұмылуы да сондықтан деп ойлаймын. Сайлауға қатысты заң ережелері қатаң сақталуда. Екіншіден, елімізге аяқ басқан шетелдік байқаушылардың толассыз легі, сырттай қарағанда, әлем жұртшылығы назарының Қазақстанға ауып отырғанын байқатады.  Қазір  президенттікке кандидат үш азамат та елдің түкпір-түкпірін аралап, сайлаушылармен кездесуде.

Кандидаттардың электорат алдында қойған айқын ұстанымы мен көзқарасы, бағдарламасы айқындалып та қалды. Демек, белгілі күні дауыс беруге  баратын еліміздің әрбір азаматының кімге дауыс беретіні – өз еркіндегі іс. Халық – үш үміткердің де сайлауалды бағдарламасымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жақсы танысты деп ойлаймын. Сайлауға жасы жеткен барлық азаматтарға  электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ойларын ашық айтуға мүмкіндік берілген. Кез келген сайлау кез келген мемлекет үшін ғана емес, қоғам үшін де үлкен сынақ болып қала бермек. Сайлаушы кімге дауыс берсе де елінің болашағы үшін дауыс береді. Мені сайлаушыларымыздың бүгінгі белсенділігі қуантады.

Юрий БУЛУКТАЕВ,

Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588