Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5054 0 пікір 10 Наурыз, 2015 сағат 11:49

ДҰРЫС ІРІКТЕУ ҮШІН... ІРІТПЕУ КЕРЕК!

 

Қазақстан Республикасы  

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Қ.Т.Тұрғанқұловқа

 

Құрметті Қуандық Тұрғанқұлұлы!

Қазақстан халқы Ассамблеясы бастап, бүкіл халық қостаған ұлы дүбір - мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу бастамасы өз биігіне көтерілді. Халықтың талабын жерге тастамай, Н.Назарбаев та бұл сайлауды 26 сәуірде өткізуге келісім беріп, шешім қабылдады. Енді бүкіл Алаш жұрты сол Нұрекеңнің өзінің де осы аламанға кандидатурасын ұсынуды жаппай талап етіп отыр. Бір сөзбен айтқанда, бұл бір төтенше маңызды бастама, дұрыс шешім болды. Обалы не, туған халқы мен отандастарының қазіргі Ұлт көшбасшысына деген сенімі мен сүйіспеншілігінде шек жоқ екенін көріп, қатты қуанып отырмыз...

Бірақ, ҚР Президенттігіне кандидаттарды мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссиядан бұл жолы да Мырзатай Жолдасбековтың төраға болып төбе көрсетуі осы ыстық ықыласымызды су сепкендей басты!  

Өйткені, ол 2011 жылы өткен кезектен тыс сайлау барысында қазақша қақпайтын Ғани Қасымовты үміткерлердің арасына үкілеп-шоқтап қосқан адам болатын.   

Жалпы М.Жолдасбековтың жүрген жері – айқай-шу, ақ боран!

1991-93 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып жүрген Мырзатайдың қолдауымен «Жалын» баспасынан 300 мың дана болып басылған «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кітап, бүкіл хандар мен билерімізді қаралағанын, Алаш жұртын ала тайдай бүлдіріп кете жаздағанын әлі ұмытқан жоқпыз.

Қытай ақыны Ли Байды Үйсін деп, оның ішінде Дулат тармағының ұрпағы етіп шығару үшін тыраштанғаны – ең соңында сайқымазақпен аяқталған болатын. 

Ал, күні кеше ғана «Тарихи отанымыз Қазақстан екен деп осында үдере көшіп келуді доғарыңдар. Мынау Моңғол жерінде отырған қандастарымыздың басым бөлігі керейлер, наймандар. Өзіңнің ата жұртың, шырағым. Сен ол жерге еш жерден көшіп барған жоқсың. Ол жерде Тоғыз Оғыз дейтін мемлекет болған моңғолдан да бұрын. Ол Керейлердің мемлекеті. Қыпшақтардың бәрі Сегіз Оғыз мемлекеті болды. Сегіз Оғыз мемлекеті ол Найманның мемлекеті. Бұл кім – бұл қазақ құрған мемлекеттер. Моңғолияда бір қандасымыз 37 мың сиырым бар дейді. Бірақ Атамекенге көшкім келеді дейді. Сенің 7 атаң, түп атаң сол жерде жатқан жоқ па? Керек болатын болса, Шыңғыс ханды да моңғол деген жоқ. Шыңғыс ханды Хан көтерген құрылтай. Құрылтай деген моңғолдың сөзінде жоқ меніңше. Қият, Керей, Найман, Жалайыр көтерген жоқ па оны Хан қылып. Неге көшесіңдер дедім. Сол сияқты Қытайдан да үдере көшудің қажеті жоқ. Алтай, Іле, Тарбағатай ол қазақтың жері. Бабаларың жатқан жер. Мәселен Қытайдан үлгі алмайсыңдар ма? Сол Қытай қазір Америкадан өздерінің кварталдарын ашып тастады» - деп, Айды аспанға бір-ақ шығарғанын қайтерсің?! Көші онсыз да тұралап тұрған шеттегі қазақты «Сен керейсің!», «Сен наймансың!»,  «Тарихи отанымыз Қазақстан екен деп осында үдере көшіп келуді доғарыңдар!» деуі – барып тұрған рушылдықтың, тар өрістіліктің, дүмшеліктің айғағы емей не?!

Міне, биыл тағы лингвистикалық комиссияның төрағасы болып, отыра қалып еді, қайдағы бір «мүшеқап»-«сүшеқаптар» қаптады да кетті. Қазақ мұндайды «Балта сабынан озбайды!» дейді.  

Сондықтан, кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау енді ғана басталды ғой, кеш емес, басқа бір беделді, ұяты бар, жастау жігітті тауып, үміткерлерді іріктеуді абыроймен өткізуді ойлағаныңыз абзал.   

Шәріпхан ҚАЙСАР.

 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352