Жұма, 22 Қараша 2024
Қаржы 5438 0 пікір 23 Ақпан, 2015 сағат 09:14

НЕСИЕ, КІМГЕ НЕСІБЕ?

Біздің елімізде біреу бірдеңені ешқашанда өзі біліп істемейді. Біреу дегенде біз, әлбетте, мемлекеттік қызметтегі шенеуніктерді, ауыл-аймақтардағы әкім-қараларды айтып отырмыз. Алысқа бармай-ақ, кез келген әкім-қарамыздың ағымдағы есеп-қисабын ашып қалсаңыз, міндетті түрде «ЕЛБАСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫНАН КЕЙІН...» немесе «ЕЛБАСЫНЫҢ БАҒЫТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БАСШЫЛЫҚҚА АЛА ОТЫРЫП...» деген жаттанды жолдарды кездестіресіз. Елбасы тиянақтап тұрып «тапсырма» бермесе, ешкімнің ештеңе істей алмайтыны осыдан-ақ белгілі. Елбасының тапсырмасынсыз өздерінің өз беттерінше ештеңе тындыра алмайтынын өздері осылайша мойындайды да. Күлейік десек те, жылайық десек те – жағдай осы. Қазіргі қазақ еліндегі.

Әлқисса, бүгінгі әңгімеміз мынау біздің:

Үкіметтің өткендегі кеңейтілген мәжілісінде Елбасымыз әдеттегідей тағы да Үкімет пен Ұлттық банкке тапсырма берді – проблемалық несиелерден құтылып, ипотекалық несиелер жөнінде қарыздарды реструктуризациялау мәселелерін жедел арада шешу туралы. «Но только тем, кто действительно в этом нуждается...» деді тап-таза ресми тілде. Мемлекеттік тілді менсіне бермейтін үкімет мүшелері... алда-жалда түсінбей қап жүрмесін дегендей. Елбасы айтты – бітті! Өзекті мәселелердің өзгелері тұра тұрсын. Ипотека шынында да «иттей қылып» бітті тұрғындарымызды. Осыны басшылыққа алды ма, әлде Елбасы айтқан соң екі етпейік деді ме - ең алдымен «тірлікке тыңғылықты емес» түрде Ұлттық банк кірісті. «Тыңғылықты емес» деп отырған себебіміз – осы мәселені жедел шешу үшін бюджеттен бөлінген 130 миллиард теңгені Ұлттық банк кімге, қалай таратып беру тетіктерін шешіп алмай жатып іске кірісіп кетті. Осы банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге жүгінетін болсақ, аталмыш ақша ипотекалық несиелермен қызмет көрсету жөніндегі талаптарды жеңілдетуге бағытталатын көрінеді. Бірақ мемлекет біреудің қарызын жауып, біреудің есебіне ақша аударып бермейді. Бұл мәселенің басы ашық. «Тәрізі, 130 миллиард теңге проблемалық несиелерді қайта қаржыландыруға жұмсалатын шығар, - дейді Ұлттық банктің баспасөз қызметі аяқ астынан аспаннан жауа салған ақшаны қалай игеретінін әлі де болса жақсы білмейтінін жасырмастан, - қазіргі кезде біз екінші дәрежелі банктермен, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесе отырып отыз миллиард теңгемен проблемалық несиесі барларға қалай көмектесу керек деген мәселелермен айналысып жатырмыз...»

Жөн-жөн! Мың емес, миллион емес – бақандай миллиард та миллиард теңгені, жоғарыда айтылғандай, ешкімге бермейтін болса, онымен ешкімнің есеп-шотын жаппайтын болса – сонда проблемалық несиелерді шешудің қандай тетіктері қарастырылуы мүмкін?! Бұған, ашығын айтайық, біздің миымыз жетпеді. Тек әйтеуір әдеттегідей «бармақ басты, көз қысты» тәсілімен туысқан-пуысқандарға тегін таратылып кетпесе болды да. Әй, бірақ қайдам, бұған да сенім жоқ қой, сенім жоқ.

Марат МАДАЛИМОВ.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297