Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3200 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 19:17

Өркен Кенжебек. Ақпараттық саясатта ақ жалау көтереміз бе?

Қазанның бірі ме, екісі ме екен, «Мир» телеарнасын көріп, «мәз» болғаным... Біздің арналардан адам тұщынатын ақпарат таппай отырғанда, Батьканың баспасөз мәслихатын тікелей эфирден трансляциялап жатыр. Батька дегеніміз, Беларусь басшысы А.Лукашенконың шартты атауы екені белгілі шығар. Сондағысы, Ресейдің губерния, аймақ, автономияларынан шақырылған жүзден астам журналисті Минскіде мейман қылып сыйласа керек. Есесіне, олар да ділмәр Батькаға діттеген сұрақтарын қойып, төрт жарым сағаттай сұхбат құрды. Лукашенкоға да керегі осы болатын. Ойлары жинақы, сөздері салмақты шықты. Әңгіме ауаны өзіне қарсы жасалған ақпараттық шабуылға ауғанда, президент «Лукашенконы соққыға алу» туралы бұйрықты тікелей Дмитрий Медведевтің өзі берді», - деп нақтылады. «Қазіргі қарым-қатынасымыз нашар, бұдан да жаман болмаса жарар еді... Мені қаралаған ешқандай да ақпарат құралы емес, Медведевтің командасы, - дей келе, Батька - Бұл команда Мінтемір Шәймиевті ығыстырды, Мұртаза Рахымовты қызметінен алды. Баласына, әйеліне тиісті ме, әйтеуір кетірді. Лужковқа қарсы лаң да солардың тірлігі. Енді міне, мені де тізерлеткісі келеді».

Бұдан кейінгі сұрақтарға жауабына да Батька еш бөгелмеді. «А», «Б» деп бөліктеп, аргументпен тұздықтады. Әсіресе, «Заң диктатурасын қалай орнатасыз?» деген сұраққа берген жауабы ұнай кетті. Бұл орайда Лукашенко: «Заңды орындатуда асқан шеберліктің қажеті шамалы. Оны бір ғарыштық деңгейге дейін әсірелеуге де болмайды. Барлығы өте қарапайым. Бәрін өзіңнен бастау керек. Заңды қалай орындасаң, басқалар да саған қарап, бой түзейді. Сонымен бірге, заңның күші жетпеген жерде мораль мен әділдік үстемдік етуі тиіс. Заңда жазылмаған жерді әділ пайымға салып көру керек», - деді. Ыңғайсыз сауалға келгенде, ыңырсымады. Мысалы, Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін тану туралы сұраққа келгенде, ол «Оны неге Белоруссиядан сұрай қаласыздар? Осетияның тәуелсіздігін қайдағы бір аралдар тобы, алыстағы елдер таныса, танып жатыр. Бірақ, біздің маңайда оны Ресейден басқа кім таныды? Сондықтан, жан-жағымызға қарайлап отырмыз. Батыс бар. Еуроодақ бар. Солардың ыңғайына қарап дегендей... ары кеткенде, мүмкін Ресей басшылығы осыны қалап отырған шығар. Ал, біз мұндай тұзаққа оңай түсе қоймаймыз», - деп қасқая қалды. Кедендік Одаққа келгенде, «біздің мүддеміз әлі ескерілмей отыр, Ресейдің дегені болып тұр» деген сыңайда сөз айтты. Ал, Беларусь еліндегі кезекті президент сайлау туралы сұрақтан Батька: «Лукашенко лауазымын баласына қалдырып кетеді» деген сөздің бәрі бекер. Ол жайында ойламаныздар. Мен президенттікке әбден тойдым... Кейбіреулер президенттікті патшалық ету деп ойлайтын шығар, ал мен үшін бұл өте ауыр һәм көңілсіз жұмыс. Мен өз балаларымның Белоруссия басшысы болғанын қаламаймын! Осы жетеді... мен кетсем, абыроймен кетемін. Тағы бір айтарым, президент ретінде қалыптаспайсың, президент болып туасың», - деп құтылды.

Александр мырза баспасөз мәслихатын қорытындылай келе, «Бізде, әрине мәселелер бар. Нашақор да, алқаштар да жеткілікті. Бірақ, Ресейдегідей бардак жоқ бізде... Ең бастысы, картоп өсіруден ауылдың әлеуметтік дамуына дейін барлық жолды білеміз... Біз кетеміз, ал халық қалады. Медведев те, Лукашенко да уақытша тұлғалар. Біздің қателікті халық түземеуі тиіс. Бұл екі туыс халықтың емес, тұлғалардың арасындағы қақтығыс», - деп, қадап-қадап айтты. Былайғы жұрт оған «істі тілмен шешетін шешен, әккі популист» деп сыртынан баға қойып жатады. Бірақ, оның бірінші қазандағы сөзіне сүйсінген адам аз болмады-ау, шамасы. Расында, біз оны Ресей БАҚ-ының «сұмырай етіп көрсету» саясатынан туған дүниелермен біліп келдік. Батьканы мұрнының астынан сөйлейтін ынжық, орыс десе, ожарлана қалатын, мәмілеге қыңбайтын қиқар деп таныдық. Жарайды, бұны көршіміздің ақпараттық саясаты деп білейік. Бірақ, мына бізге не жорық? Билікке бүйрегі бұрған басылым болсын, арна болсын, Лукашенконы сайқымазақ қылып, Мәскеудің «шайнап берген» ақпаратын жұтқызып келеді.

Жалпы, ақпараттық саясат дегеніміз - әрбір азаматтың ақпарат алуға деген конституциялық құқын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің саяси, құқықтық, экономикалық іс-шаралар кешені. Анықтамада солай дейді. Қазақстанда сол құрығыр ақпаратты тек біржақты, сыңар позицияда беріп келе жатқанын құқығымыздың тапталуы деп қарасақ, жарай ма? Жарайды. Әсіресе, халықаралық ахуалға, көрші елдер арасындағы климатқа келгенде, ақпарат атаулының дені Мәскеудің сорып тастаған мәмпәсиі болып шығады.   Мысалы, Мәскеу мэрі Ю. Лужковтың қызметінен кеткенін де бас арналарымыз Кремльдің көзімен шолғандай әсер қалдырды. Сол трактовка, сол сарын.. Саакашвилиді де «батысшыл, бүлдіргі, не істеп, не қойғанын білмейтін біреу» деп танып жүрсек, онда да Ресей баспасөзінің ықпалы бар. Саакашвилиді сөзбен сойғандар оның құқықтық реформасына келгенде, сөз таппай қалды ма? Мақтай да алмайды. Ал, біз сол орыстың мақамында қалың қазақтың санасын қалыптастырып келеміз. Қысқасы, әлі де көршіміздің ақпараттық арбауынан айыға алмай отырған жайымыз бар. Рас, Лужковты, Лукашенконы, Саакашвилиді атқа теріс отырғызды деп, Ресей арналарына ренжи алмаймыз. Оларға қоғамның солай ойлағаны қажет. Ақпараттық саясатын «адал» жүргізіп отыр. Ал, Қазақстан... әлемге көршінің көзілдірігін сұрап алып, қарап отырған сияқты. Орыстың досы біздің де дос. Оның жауы - біздің жау. Сонда, дос пен қасымызды біреу ажыратып беру үшін тәуелсіздікті алыппыз ба? Біздің адамға альтернатива, балама ақпарат керек. Қисайып кеткен көзқарас призмасын түзеу керек. Керек, керек... енді осыны мүдделі органдар күнтізбесінен қашан көреді екенбіз? Себебі, қазақ қоғамының сұранысын мүддесін мәпелеген Мәскеу «материалы» қанағаттандыра алмайды.

«Халық сөзі» газеті, №18

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347