Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2440 0 пікір 11 Қазан, 2010 сағат 05:17

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. Алашапқын болғанымызды қайтейік...

Сан салалы Нобель силығы саудаға түсе жаздады. Анаусын анау алуы, мынаусын мынау алуы керек деп дүркіреген дүниежүзілік дүйім жұрттан біз, қазақтар, қалысқан жоқпыз. Биыл ғана емес, былтыр ма, алдыңғы жылы ма, әйтеуір, дәу гәзеттер дабылдатып жазды, даурығуға дайын тұратын басқаларымыз алақайлап қостадық. Кімге, не үшін берілуі керектігін көз алдымыздан арырақ ойлаған жоқпыз. Елімізді демократияның елесі әлі кезіп жүргенінде, адам құқығы аяқасты етілуіне қарсы күреске бел буған Азаматтарымыздың алды атылып, соңы сотталып-қатталып кетіп жатқанында шаруамыз болмады. Қатардағы қарапайым көпшілік жырынды жемқорлардың жылы-жұмсағына айналып, тұрмыс нарқының тауқыметін тартып жүргенін көрмедік. Елімізді «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» жайсаң өмірге жеткізгендей-ақ, президент Н. Назарбаев мырзаны Нобель силығына ұсыну тарихи әділ шешім екеніне өзіміз сеніп, өзгелерді ұйытып бақтық. Сөйтіп түрік әлемін алаңдатып алашапқын болғанымызды қайтейік, ай-хой силық  Лю Сяобо деген қытайдың қоржынында  кетті. Телеарнадан ә деп естігенде әлгі қытайдан қазаққа айналдырылған ақын Ли Бо марқұм ба деп қалып едім, амал не, ол емес екен.

Сонда Лю Сяобо кім?  Қытай азаматы. Адам құқығын қорғау күресіне қатысып, «Хартия - 08-дің» ел басшыларына қарсылық танытқан ашық хатына қол қойған үш жүзден аса қайраткерлердің бірі екен.  Бейжин соты былтыр 11 жыл түрмеге кесіпті. 54 жаста. Соны білген сәтте сол Қытайдағы  Шабданов Қажығұмар ағамыз есіме түсті. Ол биыл 84 жаста. Қытайдың ескі-жаңа биліктерінің солақайлығына, қатыгездігіне қарсы күреске шығып, тұтқындалып, әуелде қытай халқына жаулық ниетте деген далбасамен Такламакан шөліндегі Тарым түрмесінде 20 жыл, одан кейін «Кеңес елінің тыңшысы» деген жаламен Үрімшінің түрмесінде 15 жыл отырып шықты. 35 жылға үйқамағы және қосылды.

Түрмеден босаған Қаж-ағаның арманы атамекені Қазақстанға қайтып оралу болды. Туған жерінің топырағы бұйыруын қалап, Н. Назарбаев мырзаға хат жазды. Мұндағы қаламдас інілері ардақты ағаның ақ тілегін қуана құптап, елеусіз қалмасына кәміл сеніп, Қаж-ағаның саяси қайраткер, көрнекті қаламгер екенін айта гәзет-жорналдарымызға мақала жаздық, жиын-жиналыста сөйледік. Президентке жеке-жеке де, ұжым болып та хат жазып, Қаж-ағаны елге қайтарып алуды өтіндік. Президенттің Қытай басшыларымен тонның ішкі бауындай екенін көріп жүрміз, жасы тоқсанға жақындаған қартымыздан Қытайға ешқандай қауіп жоғын екі жақ та ескерер, көпшілік тілегін құп көрер дестік. Қаж-ағаның көптомдық  «Қылмыс» романын биылғы Мемлекеттік силығымызға ұсынып мәз болдық.

Сөйтіп... пәлен жерде ат басындай алтын жатыр деп барып, бақыр да таба алмай қайтқанның керіне тап болдық. Қаж-ағаның президентке өтініші, жұртшылықтың Мемлекеттік силыққа ұсынғаны өкініш болып тынды.

Қаж-аға Қытай басшылығы жүйесінің арыда саяси озбырлығына, беріде аз ұлт қазаққа жасаған қорлығына қарсы күреске қасқиып шыққанда Лю Сяобо бұ дүниеде жоқ та еді. Өмірде әділеттілік бар болса, Қаж-ағаға Нобель силығы баяғыда-ақ берілер еді. Ұсынар да, қостар да қазақ табылмады.  Силық жөніндегі комитет те  Қажығұмар Шабдановты іздемеді, Лю  Сяобоны іздеді.

Кімге, не дейміз? Дегенімізді тыңдар құлақ бар ма?

10. 10. 2010 ж.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408