Снадин Асылбек. Бүгінігі ЖАsTAR келбеті және оған мінездеме
Қазіргі жастар және олардың бүгінгі келбеті мен мінездемесіне анықтама іздер болсақ екі қызықты жайтқа кездесеміз! Біріншісі аға ұрпақтың пікірлері болса , яғни оны қоғамдық десек те болады, ал екіншісі жастардың өзінің қөзқарасы болып табылады. Үлкендердің ұлағатты көзқарасы барлығымызға жақсы таныс, бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт, ал жастар, қызығы жастар, бүгінгі қазақ жастары, өздері жайында қандай пікірде екені!? Тек қана осы тағылымы мен тағдыры қатар ұштасқан екі тақырыптан тұздыққа тұшымды ақиқат іздеп көруге болатын секілді?!
Қазіргі жастар және олардың бүгінгі келбеті мен мінездемесіне анықтама іздер болсақ екі қызықты жайтқа кездесеміз! Біріншісі аға ұрпақтың пікірлері болса , яғни оны қоғамдық десек те болады, ал екіншісі жастардың өзінің қөзқарасы болып табылады. Үлкендердің ұлағатты көзқарасы барлығымызға жақсы таныс, бұл пікірлер әрбір үйдегі асхананың трендті тақырыбына айналғанына да біраз уақыт, ал жастар, қызығы жастар, бүгінгі қазақ жастары, өздері жайында қандай пікірде екені!? Тек қана осы тағылымы мен тағдыры қатар ұштасқан екі тақырыптан тұздыққа тұшымды ақиқат іздеп көруге болатын секілді?!
Осы арада бірнеше қызықты парадокстарға кезігеміз. Біріншіден бүгінгі жастар психикалық - моральдық тұрғыдан инфантильді болып табылады. Таң қалуға болатын жағдай жастар есеюге асығары жоқ. Оларды қорқытатыны ересек өмірдің жауапкершілігі, яғни бүгінгі қазақ жастарында ересек өмірге деген, есеюге деген фобияның бар екендігін байқаймыз. Мысалы, мектепті бітірген түлек, енді өзінің бәсекелестік жоғары ортаға түсетіні және онда өзінің интеллектуальды немесе тұлғалық қажеттілігін дәлелдеуі жайында қорқынышпен ойлайды. Әрине, өмірге деген көзқарастар сан - алуан. Көп жағдайда олар қоршаған ортасына сай қалыптасатыны хақ. Жанұяның алдыңғы орында тұрар факторлардың бірегейі екені де анық, алайда ақпаратты және ментальды ортаның жылдан - жылға беретін әсерінің де жоғары екенін ұмыт қалдырмау керек.
Жанұя мен қоршаған қоғам ұсынған өмірлік құндылықтар, сан - алуан ақпараттар әсерінен өзгерістерге ұшыраған, нақтылар болсақ мұны бір ақпараттық фантом десек те болар,ақиқатында елес қана болып табылатын. Бүгінгі жас өмірді таусылмайтын ұлан асыр той, мейрам ретінде қарап, оған тек аз ғана күш салсаң бәрі орындалып, бола қалатындай қарайды. Ал шынтуайтындағы өмірдің алғашқы қиыншылықтарына кезіккенде, яғни оның ұзақ әрі қиын жол екенін ұққан уақытта, қайдан екені белгіз таң қалушылық пайда болады , соңында қоғамдық пессемизмге жалғасатын. Немесе мүлдем керісінше, жастар өзінің қалағанын алу үшін керек десеңіз заңды да бұзарға дайын болатын түсінік түрі. Ал мұнің барлығы қылмыстың көбеюіне жол ашып, қоғамға моральды өзгерістер әкеледі. Және аталған жайттардың барлығына себеп, сыртқы әсер.
Ал енді сол әсерлердің атын атап түсін түстер болар болсақ?! Барлығы да оп-оңай Ватсон, демекші барлығыда шынымен де оңай, сенбесеңіз саралап көрейік?! Мысалы, MTV телеканалының 1997-98 жылдардан бастап, бүгінгі таңға дейнгі ерен еңбегінің арқасында, еліміздің бірнеше толқын ұрпағына берген әсерін еске алар болсақ, керемет, эффект! Мойындаймыз! Масқара!
Қараңыз сан жылдардың арнайы зерттеулерінің нәтежиесі не дейді? Басым көпшілік , 13 пен 25 жас аралығындағы қауым, MTV- дің арқасында алғаш цензуралы емес сөздер үйренгенін, ата-ана беделіне «өзімшілдігін» салыстыра бастағандырын және жыныстық қатынас сұрақтарын алға қоя бастағандарын мойындап отыр. Алайда бұл, айсбергтің төбесі ғана. MTV- дағы жыныстық характердегі ашық клиптер және фильмдер, телеканал жүргізушілерінің сөйлесу стильдері, диджейлер өмірі, олардың сленгтері мен әзілдері, жабық түрдегі агрессия ретінде жастарға үлкен әсер бергені анық. Телеканалдың статустық характеріне келер болсақ, заман талабына сай жастарға (продвинутый) өмірлік стиль,образ қалыптастыруының индикаторы болып отыр, неге десеңіз, ұнаған персонаж немесе тренд болып табылатын батырыңызды осы жерден көшіре аласыз. Сау түсінікке сәйкестірсек, ағайынды Юктердің «Будь крутым с MTV!», яғни «MTVмен бірге крутой бол!» деген әзілі күнделікті өміріңізде кездесіп, түсінбей қалсаңыз, онда ол ортадан автоматты түрде шықтыңыз, ауылбай аутсайдерсіз!
MTV салған сандалбайлыққа, кеше қосылған «Камеди клаб» әскерін қосыңыз. Камедишілердің де бүгінде құны жоғары болып тұр. Дәлел, көшірмесінің тез таралуында, сөз бе сөз. Бульдогтар мен Незлобиндердің сандырағы сан мың доллар тұратыны сөзсіз, бүгінгідей аудиториямен. Өкініштісі мен қорқытатыны барлығы жеңіл және көңілді жасалғанында. Қысқаша айтқанда, көңілді, әзіл айтып, билеп, ән айтып жүріп ақымақтанып жатырмыз. Мазалайтыны да осы, ақымақтанудың артында тығылып оның бауыры сананы билеу мен еркіндіктен айрылу тұрғандай.
Интеллектуалды еркіндігімізден сан қолдың қошеметімен,овацияның астында айрылып барамыз.
Әрине , MTV мен Камеди клаб жай ғана көрсеткіш мысал ғана. Иә, барлығы басынан ойластырылған, барлығы нарықтық қатынастардың қатал заңына сай, алайда таңдандыратыны біз барлығына қарсы тұра аламыз, біздің иммунитетіміз, тарихымыз тереңде, күшіміз жетеді дегеніміз қайда?!
Ең қорқыныштысы өмірлік құндылықтардың өзгеріп жатқанында, дұрыс болып табылатын адами қарым қатынастар бүгінде, бұрыс болып қалыптасуда, жай ғана бұрыс. Ал, теледидардан ағылағанның барлығы дерлік қазір эталон. Мысалға, « факультет» сынды сериалдар қандай эталон қалыптастырды? Студенттік өмір ол дегеніңіз күнделікті қыдырыс пен мейрам деген ба?! Ал , экзаменге дайындықтың абзалы түнгі клубқа барып, аздап анашадан көріп қайту деген ба?!
Бүгінгінің эталоны қыздарға «cool girl», жігіттерге «мачо»!
Аталған эталондардың, үлкенін сыйлап, кішісіне ізет көрсетіп, «ибалы қыз» бен «инабатты келін» тәрбиелеген қазақ қоғамына жат екеніне көз жеткізу үшін ақылдылықтың көзілдірігінен қараудың қажеті жоқ. Себебі, Бритни Спирс «инабатты келін» емес немесе Перис Хилтон «ибалы қыз» емес! Не себептен жаттың жағымсыз өмір сүру образы, біздің қоғамымызды жайлап кетті?!
Жоғарыда аталған жайттардың барлығын бір нүктеге жинап, нақты портрет жасап көрсек, бүгінгі жастарға тән үш жағдайды атауға болады. Олар біріншіден гедонизм,конформизм және де практицизм. Алғашқысынан бастар болсақ, гедонистік құрылымдар атап кеткенімдей жалпы таң қалу, тосырқап қалу содан туындайтын моральдық деградация, яғни бұл өзгерістерге әкеліп соқтырады. Жастардың аталған мінезіне болжамды баға берер болсақ, болашақта бұлар патриоттық сезімнің төмендеуіне, шектен тыс космополитизм секілді келеңсіз жайттарға әкелуі әбден мүмкін. Былайша айтқанда, мұндай жастардан, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, жай ғана дауыс болып қалатын, бизнесмендер өсіп шығады.
Көзқарастардың конформизмі де өз кезегінде жастарды саяси сауатсыз болып, жауапкершіліксіз болып өсуіне, қалыптасуына, яғни пайдадан зиянға айналуы мүмкін фактордың бірі. Барлығына бірдей «пұл болмасаң, күл бол» деп қарау да қателік.
Ал практицизмге келер болсақ, нарықтық қатынастар жастарды бұл құбылыспен де таныстырды. Бір жағынан уақыт талабы дұрыс ақ?! Алайда практицизмнен шығатын, мәселелер аз емес. Айта кетер болсақ, болашаққа деген үмітсіздік, арманшыл жастар, бүгінде армандау ақымақтың ермегі дегенді алға тартады. Ал армансыз адам, қанатсыз құс секілді екенін ата бабамыз айтпа па еді, ақырында армандап ғарышқа да жол ашпадық емес пе еді?! Қазір қалай, тек өз пайдасын ойлаған, біртектес түсініктен жаралған роботтар секілді. Жастығында жалындап арман қумаған,қиялдамаған адамнан глобальды ойлай алатын азамат шығады дегенге мен сенгім жоқ. Тағы да айтар болсақ, нақ осы практицизм, жаңашылдықтың, жаңа идеяларға жол бермейтін ортасы болып табылады.
Ойымды бір түйінге түйсем...
Қорқатыным бүгінгі жеткен жетістік, жасалған жол, жиылған еңбек, ертең елеусіз қалмаса екен,ешкімге керексіз боп. Үмітттендіретін ˗ ауыл жақтан шыққан түтін, асаудың аузында ойнаған қарабала. Сенетінім ˗ елім деген ер мен ерім деген жар.
P.S. менің бұл мақаламды, сараптамамды мен атаған, анықтауға тырысқан топтан емес, көзі ашық, көкірегі ояу қазақ жасы оқитына сенімдімін.
www.platon.kz сайтынан